Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет93/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

222-жаттығу. Мәтіннің бұрыс қойылған және түсіп қалған тыныс 
белгілерін тауып, ережеге сәйкестендіріп, жаттығуды орындаңыздар. 
Қазақтың қонағы неше түрлі болады? 
Сырым батыр, үйіне қонып отырған қадірменді қонағы: «Төленді биден: 
Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады!» деп, сұрапты. 
«Қазақтың қонағы төрт түрлі болады. бірінші арнайы қонақ; екіншісі 
құдайы қонақ; үшіншісі қыдырма қонақ; төртіншісі қылқыма қонақ».
«Ал оны қалай айырамыз»? – дегенде 


110 
«Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын, туыс, нағашы, жиен, 
құда, күйеу, қайын, сияқты жекжаттың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-
жораң.» 
Міне – бұл нағыз сыйлы қонағың. 
Құдайы қонағымыз: өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден, алыс 
жерден, жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған, тосын да бөгде қонақ. 
Міне: бұл нағыз сауап қонағың. 
Қыдырма қонағымыз: ерігіп те, желігіп, үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, 
сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп, жүрген сандалма қонақ. 
Міне, бұл нағыз далбаса қонағың. 
Қылқыма қонағыңыз: үй арасындағы, ауыл ішіндегі, түтіні түзу шыққан, 
үйді торып, өзінің құлқыны үшін, аузына тигенін қылқытып, жіберіп басы, 
ауған жаққа, тарта беретін көлденең қонақ. 
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың? – депті көпті көрген көне би, Төленді 
қарт... («Шешендік шиырларынан») 
223-жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. 
Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Немене шпион іздеп жүрсіңдер ме деген бала солдаттан 
Солдат мырс етіп 
Әрине шпион іздеп жүрміз 
Бізге әлі бірде-бір шпион келіп көрген жоқ деді бала өкінішпенен 
Солдат күліп жіберді 
Саған шпионның керегі не 
Мен оны ізіне түсіп жүріп ұстап алатын едім ғой 
Мынаның мықтысын қарай гөр ондайға әлі жассың ең алдымен жігіт болу 
керек 
Осылайша алтын погоны бар әскери адам Оразқұлмен орман аралап 
кеткенде бала шофермен біраз әңгімелескен 
Мен барлық машинаны барлық шоферлерді жақсы көремін деді бала 
Оның себебі не деді шофер қызығып 
Машина деген жақсы ғой әрі тез жүреді әрі күшті сосын бензиннің де исі 
тамаша Шоферлердің барлығы да жас жігіттер бәрі де Мүйізді Бұғы ананың 
балалары ғой 
Не дейді не дейді мынау Мүйізді Бұғы ана дегенің немене деді түкке 
түсінбей солдат 
Ау сен білмеуші ме едің 
Жоқ шырағым мұндай ғажайыпнаманы өмірімде естіген жоқпын 
Сен өзің кімсің сонда 
Мен қазақпын Қарағандыда туғанмын шахтерлер мектебінде оқығанмын 
Жоқ сен кімнің баласысың соны айтшы 
Әке-шешемнің баласымын 
Олар кімнің баласы 
Олар да өз әке-шешесінің баласы 


111 
Ал олардың әке-шешесі кімнің баласы 
Шырағым-ау сен бұлай сұрай берсең дүниенің түбіне жете алмассың 
Ал мен болсам Мүйізді Бұғы ананың балаларының баласымын 
Оны саған кім айтты 
Атам айтқан 
Шырағым мынауың бір шамаға соқпайтын дүние екен деді солдат балаға 
басын шайқап (Ш.Айтматов «Ақ кеме»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет