Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет101/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

241-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің 
қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
Байұлы 
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына 
мінгенде, бір бала жыламсырап қарап тұрып қалады. Мұны көріп, Байұлы 
қасына барып: 
– Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. 
Бала қамығып: 
– Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – деді. 
Сонда Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: 
– Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол 
тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? – деді. 
Әкесі: 
– Кімге бересің? – деді. 
Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын 
көрсетті. 
Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп: 
– Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, – деді. 
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, 
қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. 
Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен; Байұлының 
әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді: 
– Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, – деп. 
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі 
де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі. 
(Ы.Алтынсарин) 


120 
242-жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, ережесін 
түсіндіріңіздер.
Сөздің атасы мен анасы 
Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер 
келіпті Түстеніп болған соң Қазыбекке 
Сізден бір сөз сұрайын деп едім депті Бір керуен едік өзара дауластық та 
ойластық та бірақ шешуін таба алмай қойдық Сөздің атасы кім анасы кім 
Қазыбек ойланып қалады 
Япырай өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек қазақтың Қазыбегі де 
білмейді екен ғой биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз деп саудагер үйден 
шығып кетеді 
Қазыбек орнынан ұшып тұрып іле-шала тысқа шықса саудагер асығыс атқа 
мініп қалған екен 
Япырай саудагердің ісі сарт-сұрт деген рас екен ғой Артыңа қарамай 
аттанғаның не Әлгі сөздің шешуін іздеп ендігі жылы тағы келіп саудаңнан 
қаларсың артыңа қарамайтын болып кет Сөздің атасы бірлік анасы шындық 
Жолың болсын жүрген жеріңе айта жүр депті Қазыбек (Шешендік сөздер) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет