Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет103/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
244-жаттығу. Сөйлемнің тыныс белгілеріне назар аударып, неліктен 
қойылып тұрғанын түсіндіріңіздер. Сөздің құдіреті жайында өз ойларыңызды 
білдіріңіздер. 
Сөз құдіреті 
Баршамызды да ана тіліміздің көсегесін көгертіп, қолдану аясын кеңейту, 
мемлекеттік тілдің қамы, туған тіліміздің тылсым иірімдеріне деген құмарлық 
толғандырары аян. Мен тіл маманы не әдебиет маманы емеспін. Тек ана тілін 
құлай сүйетін жандардың бірімін. 
Сөз құдіреті! 
Оның бітпесті бітірген, жетпесті жеткізген, үзілгенді жалғаған мүмкіндігі. 
Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өкінішке толтырса, бір ауыз 
орынды айтылған пікір жадыңда жатталып, қуанышқа, бақытқа жеткізері 
ақиқат. 
Ұлы ғұламалар сөз құдіреті туралы талай ұлағатты ойлар айтқан. Артына 90 
томдық туынды қалдырған орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой: «Сөз – ұлы 
нәрсе. Оның ұлылығы мынада: сөзбен адамдарды біріктіруге болады; сөзбен 
оларды алшақтатуға да болады; сөзбен махаббат отын тұтата аласың; сөзбен 
жауласуға да, арбасуға да барасың. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын 
сөзден сақтан. Тіл – ұлттың жан дүниесі», – деген. 
Иә, тіл – ұлттың жан дүниесі! Расында да, қазақ халқының басында талай 
қиын нәубеттің, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. 
Қоралап айдаған малдың қиқулап қуса, жаудікі екендігін, борандадып соқса, 
жұттікі екендігін, үйге жиған жиһаз-мүлкін, бағалы тастарын, халық айтқандай, 
«Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екендігін» өмір талай дәлелдеді. Осындай 
ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың 
өзімен бірге алып кетер бар байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі 
ғана. (Ө.Озғанбаев) 


122 
Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмалары 
1. «Пунктуация» деген сөздің латын тілінде білдіретін ұғымы 
А) үтір 
В) жақша 
С) нүкте 
Д) кідіріс 
Е) интонация 
2. Үтірді алғаш рет кітапқа енгізген адам 
А) Н.Н.Пантусов
В) С.Е.Малов 
С) Альд Мануций 
Д) Марк Теренций Варрон 
Е) Вараручи Катьяна 
3. Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін 
қойылатын тыныс белгісі 
А) көп нүкте 
В) қос нүкте 
С) нүктелі үтір 
Д) леп белгісі 
Е) сұрау белгісі 
4. Ма, ме, па, пе, ба, бе шылауларынан кейін қойылатын тыныс белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) нүкте 
Д) көп нүкте 
Е) қос нүкте 
5. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретінде кіргізілген дәйексөзге қойылатын 
тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) нүкте 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
6. «Бұлар өндіріс озаттары» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
7. Ол, бұл деген есімдіктерден болған бастауыштар көпше тұлғада тұрса, 
олардан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 


123 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
8. Бастауыш –ған/-ген, -қан/-кен жұрнағымен жасалған есімшеден болса, 
баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
9. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, 
екеуінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
10. «Жаяу Мұса Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің 
бірі» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
11. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, көбі деген сөздерден, баяндауыш 
атау тұлғадағы зат есім мен –у жұрнақты етістіктен басқа сөз таптарының 
бірінен болса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
12. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, соңғысы деген заттанған сан есім, 
сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен 
не тұйық етістіктен болғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
13. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен 
шатасып кететін болса, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 


124 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
14. Сөйлемнің бір бөлігі мұның себебі, оған себеп деген сияқты сөздерден 
жасалып, екінші бөлігі тұтас сөйлем болып келсе қандай тыныс белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
15. «Бар болғыр, жай болушы ма еді?» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі 
А) қыстырма сөз 
В) қаратпа сөз 
С) оңашаланған айқындауыш 
Д) құрмалас сөйлем 
Е) одағай
16. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз таптарынан болып, баяндауыш 
болымсыздықды білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса, 
бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) үтір 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
17. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы 
түсіріліп, ықшамдалып айтылғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
18. Сөйлем мүшелерінің әдеттегі орны ауысып келгенде қойылатын тыныс 
белгісі
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
19. «Байқаймын, ол мені танитын адамға ұқсайды» деген сөйлемдегі үтірдің 
қойылу себебі


125 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
20. «Пәләй Мақұл-ақ Ал ендеше мен нені айттым!?» деген сөйлемде 
қойылатын тыныс белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) сызықша
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
21. «Ә дегенше жетіп келді» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) нүктелі үтір 
В) үтір 
С) сызықша
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды
22. «Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет