Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Экзогенді (кірме) СЮП-тер



бет20/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111
5. Экзогенді (кірме) СЮП-тер: Бетон+бет (лат. bіtumen), Метал+тіс (грек. Mettol «кен, жер қазу»), Скелет+бай (гр. Sktleton «кепкен»), Суслик+көз (славян. «сусати – «шипеть»). Н.М.Шанскийдің сөздігінде осы атаулардың этимологиясы талданған [Н.М.,Шанский, 1975; 45; 264; 411; 432-бб].
6. Фразаланған аттар: Ауыз Жаппасов ауыз жаппас, Басимес Шіренгенұлы бас имес шіренген, Бетсіз Бетібелдеева бетсіз беті белдей, Белденбоқ белден боқ Аузыбасы Сүйреңдегенова аузы-басы сүйреңдеген, Бейпілауыз Бөкпенбетова бейпіл ауыз, бөкпен бет, Қалт-құлт Еткенов қалт-құлт еткен, Бөксегүл Жалаңашева бөксесі жалаңаш, Еркекбасымен Өсекайтқанов еркек басымен өсек айтқан, Сүйегі Қурағанов сүйегі қураған, Табаны Қышыған табаны қышыған, Тіріжан Тістібақа тірі жан тісті бақа, Шандырбай Шырбітпесов шандыр, шыр бітпес.
7. Адамның физиологиялық күйінен туған СЮП-тер.
Адамның әр түрлі физиологиялық күйін сипаттайтын, мысалы бір мүшесінің кемдігі, ұйықтауы, ықылық атуы, түшкіруі, ауру түрлері, т.б. белгілерге байланысты кейіпкер аттары бөлек топталынды: Кемиек, Саңырау, Кереңбаев, Соқыр, Соқырішек, Сүйел, Секпіл, Көксау, Қотыргүл, Шиқан, Масбас, Қылипа, Қисықбас, Тыртықгүл, Тобанаяқ, Топарбике, Сойдақтіс, Тобанкүл, Ұйқыбай, Ұйқысары, Ықылық, Сілекеев, Тіріжан.
Кейбір кейіпкер аттары дене мүшелері нақты аталынбаса да, соған қатысты атаулар арқылы жасалынған СЮП-тер ұшырасады. Мысалы, басқа байланысты – Тазша; бетке – Бедірейгенова, көзге – Адырақбаев, Ақима, Қылипа, Бадырақ, Көргенов, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай; құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға – Шеңгелов; денеге – Айтыртық, Талпақ, Тырдай Жалаңашов; шашқа – Үрпек, Бұйра, Шүйкебике; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа – Айталтақ, Маймақ, Зыпберген т.б.
Сықақшы М.Шерім соматизмдерден туындайтын кейіпкер аттарының тұтас галереясын жасаған: Биякөз, Ешкікөз, Мысықкөз, Сусликкөз, Жұдырық, Кеңірдекович, Тамыровна, Саңырау Кереңбаев, Жарықбас, Жалаңашбике т.б.
Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексиканы зерттеген Б.Ұ.Сағынова «Сөз мағынасының кеңеюі, сөздердің семантикалық өрісінің бір-бірімен ұласуы, олардың тілдегі белгілі бір құбылысты, атауды білдірудегі бір-бірімен тура немесе жанама байланысын, адамның дүниені ақыл-ойы арқылы тану процесінің бір қыры соматизмдер арқылы танылады»,– дейтін [Сағынова Б.,1999, 13 б] пікірі осы сатиралық-юморлық аттардың жасалуына да қатысты. Қорыта келгенде, поэтонимдердің соматикамен байланысты бас болсын, көз болсын, аяқ болсын, қайсысын алсақ та, кейіпкердің бітім-болмысын, сыртқы бейнесі мен ішкі жан дүниесінің үндесуін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет