6. -ов / - евқосымшаларының пайда болып, қолданысқа түсуі әлеуметтік жағдаймен байланысты туған. Мәселен «Сен кімсің» дегенде, Кузнецов (ұстаның ұлы), Житомиров (Житомирден шыққан) деп жауап берген, осыдан келіп фамилияға айналған, XІX ғ. орыс жерінде әбден орнығып, бір үлгідегі фамилия ретінде қабылданған [Суперанкая А.В., 1990, 92 б]. Қазақ жерінде ХХ ғасырдың басында оқыған адамдардың көбеюіне байланысты -ов / - ев қосымшаларымен пайда болған фамилиялар сәнге айналды. Бұл сол кездегі көркем туындылардан көрініс тапты.
– Фамилияңыз? – Мені ұлтшыл Оңшылбаев дейді. – Фамилияңыз? – Шовинист, оппортунист, Солшылбаев (І.Жансүгіров. Құқ.).
Айта кететін жайт, отчество термині күнделікті тұрмыста, шынайы өмірде әкесінің аты деп қолданылып жүргенімен, кейіпкердің әкесінің аты деп қолдану көкейге қонбайды. Сондықтан отчество сөзін аудармай, өзгертпей қолдануды жөн көрдік. Осы үлгіде ең көп кездесетін патронимдер:
1) фамилия (Адыраңбаев)
2) ат + отчество (Ахахау Одағаев)
3) ат +отчество + фамилия. (Тамыр Танысович Туысқанов: Науқасбай Сырқатұлы Кеселов, Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов) т.б.Үш тағанды құрылым аты + әкесінің аты + фамилия орыс халқына тән. Кеңестік дәуірден бері үш тағанды атау ресми өмір сүріп келеді. Осы үшінші үлгі бойынша жасалған СЮП-тер зерртеуіміз көрсеткендей, өте көп кездеседі.
Мынау – Анаубайдың әкесінің аты. Бұрын, тәуелсіздік ала алмай жүргенімізде, Анаубай жолдастың фамилиясы Мынауов болатын еді, енді, тәуелсіздікке жеткен соң, Анаубай мырза фамилиясының құйымшасындағы «ов»-ты орыстарға қайтарып беріп, заманымызға сай Мынау болып шыға келді. (Ғ.Қабыш.Көлденең кітап.)
7. -ова / -еваҚұдағи Құлпырғанова, Бірдібірге Шағыстырғанова, Аузыбасы Сүйреңдегенова, Долыгүл Бетпақова т.б.
8. -ович /-евич, -овна/-евна. Мұндай жасалым орыстарға қарағанда Кавказ бен Орта Азия халықтарына кеңінен тараған [98,88 б]. Көне орыс жерінде мұндай қолданыс құрметтеу, сыйлау мағынасында ұғынылған. Бұл үлгі қазақ даласына ертеден еніп, қолданыста болған. «Игорь жорығы туралы сөзде» Қыпшақ ханы Көбекті – Кобяк Карлыевич, қыпшақ бекзадалары Узей Білікті – Изей Билюкович, Тобыл Бокмышты – Товлый ұлы Бокмыш деп аталғандығы баяндалады [Игорь жорығы туралы жыр., 1951, 21 б]. Бұл «Сөздің» тілін зертеуші Менгес сол заманғы шығыс славян тілдеріне ықпал жасаған тілдердің бірі қыпшақ-половец тілі екенін айтады. Қыпшақ этнонимдерін зерттеген белгілі түрколог Н.Н.Баскаков «семейно-родовые имена этого же типа используются как обычные русские отчества» [Баскаков Н.А., 1984, 49 б] ,– деп жазды.