Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет42/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
а) көңіл-күй одағайлары:
Алақай (қуану), Апырай (апырай – таңырқау), Әупірім (әу, пірім – қиналғанда, табынғанда айтылатын сөз), Әләуләй (әндету), Ахахау Одағаев (а-ха-хау – қатты күлу), Уау (ұнатпау), Әлди (әлди –баланы еркелету), Бәрекелді (мадақтау), Итуахи (таң қалу), Мейлі Бәрібірович (мейлі бәрібір – селқостық таныту), Ойбайқызы (шошынғанда айтылатын сөз), Обалай (обал-ай – мүсіркеу), Ойбайгүл (ойбай – қорыққанда, шошынғанда айтылатын сөз), Ұятай (ұят-ай – ұялу), Айқап (ай, қап – өкіну), Өйгерім (Өй, керім), Әупін (әу–көңіл аудару үшін айтылатын ишарат), Әйдік (әй – беймәлім біреуге айтылатын қаратпа сөз), Әушен.
ә) хайуанаттарды шақыру, жекіру, тыйым салу мәнінде айтылатын одағайлар. Мұндай одағайлардан жасалған СЮП-тер көп емес.
Айтақ (итті қосақтау), Ауқау (сиырды шақыру), Ләпірләй (ләп-қазды шақыру), Мияужан (мияу – мысықтың дауысы), Піштән (піш-мысыққа жекіру), Мыршым (мырш- жекіру).
б) экспрессивті одағайлар адамға тікелей бағытталатындықтан, мағыналарында экспрессиялық мән күштірек болады. Бұған Айдабол, Ұрдажық, Бәрекелді сияқты СЮП-тер мысал бола алады. Бұлар ұлттық ерекшелікті білдіретін одағайлар. Сатира мен юморда қолданылған одағай мәнді аттардың қайсысын алсақ та, ұлттық бояуы, реңкімен ерекшеленіп тұрады, басқа ұлттан айырмашылықты білдіретін көрсеткіш деуге болады. Одағай сөздердің қатысуымен жасалған СЮП-терден этнолингвистикалық сипатты іздеу үшін әр кейіпкер атының шығу төркініне, түбіріне зер салуды қажет етеді.
Апырай ~ Япырай, Әупірім сөзінің төркінінде пір сөзі жатыр. Одағай пір сөзіне жалғанып, тілімізде түрлі нұсқада айтылып, таңғалғанда – апырай, қиналғанда – әу, пірім, өкінгенде – апырмау, япырмау сияқты қолданыстар қалыптасқан.
Ахахау < ах+ахау < ах ‘таңдану, опық жеу’, ахау өлең айтқанда дауысты көтеріп шырқау үшін айтылатын сөз. А+ха+ха – күлудің бір түрі, осыдан аха+хау ырду-дырду, ойын-сауық, сауық-сайран дейтін ұғым қалыптасқан.
Осы кейіпкер атының екінші сыңары Одағаев < одағай сөзі жалпы сөйлеуде тұрпайы, анайы, өрескел дегенді білдіріп, тұтастай алғанда Ахахау Одағаев – ерсі, дөрекі, өрескел, оғаш істермен ерекшеленген кейіпкер аты.
Әдесемә < ә, десе, мә, яғни адамның ә, мә дейтін дыбыстық қатардан мағыналы бір сөзге айналған деуге негіз бар. Бұл сөздің семасында ештеңеден тайынбау, қарсыласып тұрып алу мәні жатыр.
Ол туралы Ә.Қайдар: «обычно употребляется для психологической характеристики неуважительных и не совсем корректных взаимоотношений людей, в которых подчеркивается строптивость, чрезмерная острая реакция в поведении одного человека по отношению к другому»,– деп әдесемә сөзін дәл ұғындырады [94,68].
Ойбайқызы < ойбай – қорыққанда, сасқанда, үрейленгенде, шошығанда, таңырқағанда айтылатын сөз, дауыс ырғағына қарай қай мағынада айтылғаны аңғарылады. «Айқайдан ойбайым тыныш» дейтін мақал осындай ерекшеліктен туған болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет