Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Қыз → Қыздар+күл, Қызды+күл, Қыз+тапқан, Қызды+қой, Қыз+тумас, Қыз+таев, Қыз+дай Жеңге, Ұятай т.б. Әйел →



бет51/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Қыз → Қыздар+күл, Қызды+күл, Қыз+тапқан, Қызды+қой, Қыз+тумас, Қыз+таев, Қыз+дай Жеңге, Ұятай т.б.
Әйел → Әйел+бек, Келіншек Көңілшекова т.б.
Қатын → Қатын+сөз Көпжүргенов, Қара+қатын.
Кемпір → Ақ+кемпір, Қара+кемпір, Бес+кемпір, Үш+кемпір, Кемпір+бай, Кемпір+гүл Жалмауыз кемпір, Милау кемпір, Мыстан кемпір. Қазақ кемпір сөзін қарт әйел, әже сөздерінің синонимі ретінде қолданады. Қазіргі қолданыста кез келген қарт әйелді кемпір деп атау дағдысы қалыптасты.
Зерттеуші С.Қондыбай «қам және пір (парсы тілінде қарт кісі, шал дегенді білдіретін) сөздерінің қосылуынан пайда болған, Пір – еркек жынысты қарт кісінің (шалдың) атауы болса, оған қам сөзі қосылғандағы қампір – әйел жынысты қарт кісінің атауына айналып кетіп тұр, бұдан шығатын қарапайым қисын –‘қам’ сөзінің тек әйелге қатысты көрсеткіш болуы» деп түсіндіреді [Қондыбай С. Төртінші кітап., 2004, 84 б]. Осы тұста кампир (кемпір) сөзі мұсылман пірлерін емес, табиғат құбылыстарын келбеттейтін әйел кейіпті рухтарды атайтын термин ретінде қолданылған. Сүйегі Қурағанова деген патроним кемпір болсын, шал болсын кәрі адам туралы, яғни қартайған деген мағынасында жұмсалады.
II.Бала - ұл - жігіт – бойдақ - еркек - шал.
Бала → Әлди+бек, Айнабала, Ғашық+бала, Күшік+бала, Тойған+бала, Тазша бала.
Ұл → Ұлшығар, Ұлемес, Ұлтабар, Ұлдабай, Ұлболмаған, Ұлкерек, Ұлбике, Ұлтуған т.б. аттардың бәрі белгілі бір ырым, ұл тусын деген ниеттен туған.
Бойдақ → Сүрбойдақ Жанынжепжүргеновжанын жеп жүрген сүр бойдақ. Қазақ жасы 30-40-қа жетіп үйленбей жүрген жігіттерді бойдақ деп атаған, сүр атануының себебі: ерте кезде тағамның қандай түрі болсын бұзылып кетпес үшін түрлі әдістер пайдаланған. Соның бірі – жас етті желге немесе аңызаққа кептірген, оны сүр ет деп атаған. Ал жасы біразға келсе де үйленбей жүрген жігітті ұзақ сақталған, кепкен, сүрленген етпен теңеуі, әрине біздің халыққа ғана тән ерекшелік. Ал сүр деп қосымша ат таңуы өмірлік, қазақи тұрмыстық ерекшеліктен туған деуге болады.
Бір сөздікте Сербойдақ қалыңдық таңдап үйленбей жүрген сақа жігіт деп, ал сүрбойдақ сөзін «сөйлеу тілінде қолданылады» деп көрсетілген [Қазақ дәстүрлi мәдениетiнiң энциклопедиялық сөздiгi, 1997, 275 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет