Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Сөз тіркесі түріндегі немесе юкспозитивті патронимдер



бет67/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.7 Сөз тіркесі түріндегі немесе юкспозитивті патронимдер
Кейіпкердің аты-жөні жоғарыда талданғандай, жасалу жолдары, арнасы көп. Сөз тіркесі түрінде кездесетін кейіпкер аттарының да жасалу жолдары да түрліше. «Екі не одан да көп сөздердің бірігуінен жасалған күрделі жалқы есімдер юкспозитивті деп аталады» [Подольская Н.В.,1988, 155 б].
Сөз тіркесі түрінде кездесетін патронимдер мен матронимдерді юкспозитивті патронимдер (ЮП) деп қарастырамыз:
Ақпақұлақұлы ~ ақпа құлақ,
Ашықауыз ~ ашық ауыз,
АрманТаудай ~ таудай арман,
Бөксегүл Жалаңашова ~ бөксесі жалаңаш,
Жұмсақжанов ~ жұмсақ жан,
Жырдария ~ жыр дария,
Иегі Қызылова ~ иегі қызыл,
Келіншек Көңілшекова ~ көңілшек келіншек,
Кемпіргүл Шүйкедеева ~ шүйкедей кемпір,
Көңілімжаева ~ көңілім жай, Күйдария күй дария,
Қарынбөлеев ~ қарын бөле,
Қисық Танауов ~ қисық танау,
Ирек Шапанқызы ~ ирек шапан,
Менменханов ~ менмен хан,
Мінтапқыш ~ мін тапқыш,
Судыр Ахметович ~ Судыр Ахмет,
Тазтелпеков ~ таз телпек, Тақыршекеева ~ тақыр шеке,
Түкті Орамалова ~ түкті орамал,
Тырдай Жалаңашова ~ тырдай жалаңаш,
Көпкөрген Көсемболғанов ~ көпті көрген көсем,
Табаны Қышыған ~ табаны қышыған,
Қалпағыбар Адамов ~ қалпағы бар адам,
Қашқынбай Таптырмасов ~ қашқын таптырмас,
Қисық Танауов ~ қисық танау,
Сүйегі Қурағанов ~ сүйегі қураған,
Түлен Түрткенов ~ түлен түрткен,
Танабике Тапбергенова ~ тана тап берген,
Жарық Көреров ~ жарық көрер,
Жынұрғанов ~ жын ұрған,
Шоқшашаров ~ шоқ шашар,
Шекпенкигенов ~ шекпен киген,
Жолтапқани ~ жол тапқан,
Таттымбалов ~ бал таттым,
Үйленем Депжүргенов ~ үйленем деп жүрген,
Қазақ Туғызаров ~ қазақ туғызар,
Кермеқас ~ керме қас,
Қыздай Сызылғанов ~ қыздай сызылған,
Түпсіз Тереңбаев ~ түпсіз терең,
Көңіл Жықпасов ~ көңіл жықпас,
Малтатасов ~ малта тас,
Зыпберген ~ зып берген,
Сары Уайым ~ сары уайым,
Тілқатпасов ~ тіл қатпас т.б.
Юморда ЮП-дердің эмоциялық-экспрессиялық әсері ерекше болып келеді. Юморист О.Әубәкіровтің кейіпкерлеріне кәсібіне, мамандығына, қызметіне сай ат беру – оның стильдік ерекшелігін танытады. Тырдай жалаңаш деген адамның киімсіз кейпін бейнелейді, ал моншаның меңгерушісіне осындай патроним беру арқылы бір жағы юмор болса, бір жағы осы орында ұзақ отырған адамның кәсібі туралы да хабар бере кетеді. Солардың бірі Тырдай Жалаңашеваудандық «Қаратер» атты моншаның меңгерушісі. Елудің бәлендей жылын Тырекең тырп етпей отырып су мен тұздың арасында өткізді. Сол Тырекең бәленбай жыл аудан жұртшылығын ерлерін бір бөлек, ұрғашы... тоис, әйелдерін бір бөлек адастырмай, араластырмай шомылдырып келді [Ғ.Қабышұлы,71 б].
Қарастырылып отырған кейіпкер аттары астарлы, бейнелі мағынада қолданылады да, олардың мәнерлеп бейнелеуші қызметі, образдылығы, өте күшті болады. Мұндай кейіпкердің аты-жөні қатар аталатын мысалдар ХХ ғасырдың басындағы Б.Майлин, І.Жансүгіров және бүгінгі қазақ сатириктері Ғ.Қабышұлы, М.Шерім, Ү.Уайдин, А.Наймантай шығармаларында жиі ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет