Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Фразаланған (гр. phrasіs «сөйлемше») аттар



бет66/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Фразаланған (гр. phrasіs «сөйлемше») аттар: Аткелтір ат келтір, Қозыбағар қозы бағар, Қойбағар қой бағар, Ешкібағар ешкі бағар, Сиырбағар сиыр бағар, Түйебағар түйе бағар, Итбақбас ит бақбас, Итемген ит емген, Маламан мал аман, Малкелді мал келді, Малбағар мал бағар, Тайшабар тай шабар, Түлен Түрткен, Түлкібақ т.б.

  • Жайпап Жегенович: Мынау қазы-қарта! Мынаны қара, қара уылдырық!

  • Асап Күйсигенович: Керемет! Қызыл уылдырақ та бар! Балды қара, мынау қызыл балық па?! Керемет! (А.Наймантаев. «Қонақ күту»)

Осындай патронимдердің қайсысын алсақ та, белгілі бір ойды, авторлық идеяны білдіреді. Кейіпкердің жаны, ішкі дүниесі қандай болса, аталуы да соған сәйкес мазмұнда берілген және ол кейіпкердің аталуы белгілі бір фразаны, ойды береді.
Аузыбасы Сүйреңдегенова ~ аузы-басы сүйреңдеген,
Аспанды Тірептұрғаныбыш ~ аспанды тіреп тұрған,
Бірдібірге Шағыстырғанова ~ бірді-бірге шағыстырған,
Боссөзге Құлқыжоқова ~ бос сөзге құлқы жоқ,
Білдіртпей Уколсалғышова ~ білдіртпей укол салғыш,
Ауыз Жаппасов ~ ауыз жаппас,
Дәмесін Қарайгөрұлы ~ дәмесін қарай көр,
Ештеңе Ешкімбілмесов ~ ештеңе ешкім білмес,
Ештеңе Айтпайтынов ~ ештеңе айтпайтын,
Еркекбасымен Өсекайтқанов ~ еркек басымен өсек айтқан,
Қиялбек Орындалмасов~ қиял орындалмас,
Үндемес Үйбұзарұлы ~ үндемес үй бұзар,
Ұлкерек ~ ұл керек,
Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов ~шала-шарпы салған, бітпей қалған,
Қазақ Туғызаров ~ қазақ туғызар.
Шақпа тілді Т.Әлімбекұлының кейіпкерлерінің біразы осындай жолдармен жасалған. Сондай кейіпкерлердің бірі айтысқа түскен ақындар жөнінде, ақындар айтысқа түрлі мақсатпен қатысады. Юморист жер тебер және көрпе бер деген екі сөз тіркестерін ұйқастырып және жер теуіп айтысатын ақынның жүлде бер деп айтысқа халқы үшін емес, қалтасы үшін келгенін дәлелдейді.
Жертебер Көрпеберов.
Сахнаға Жетісу бойында жетпіс ақынды жерге қаратып жеңіп кеткен, содан өңеші кеңіп кеткен желмая ақын Жертебер Көрпеберов шақырылады. Ағайындар, абай болыңыздар, ол жер тепкілеп айтысқанда астыңыздан алты балдық екпін соғады. Кешегі Семейдің жарылысы оның жанында түк емес.
– Айтысқа кеткен сайын ағайыным бар, ауылдастарым бар мені базардан қайтқандай күтеді. Біріне базарлық ретінде кілем керек, біріне шаңсорғыш керек. Үтігіміз де күйіп кетіпті. Берсе, керек тастың ауырлығы жоқ қой, не болса да ала берер ем,– деп тепкілене тіл қатты Жертебер Көрпеберов (Т.Әлімбекұлы. «Есеп білмеген есек те мінбейді».).
Сатира мен юмор әдебиетте жеке бір құбылысты зерттеп білудің поэтикалық, стилистикалық әдіс-тәсілі ретінде көрінеді, образды суреттеп берудің құралы түрінде қолданылады. Сатиралық-юморлық аттардың сөз тіркесі түріндегі қолданылуы кейіпкердің ішкі мағына мен сыртқы мағына бірлігі үндесіп, эмоциялық-экспрессивті әсері, нақыш бояуы қоюлана түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет