Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Дау сөзімен келетін ЭП-тер



бет76/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Дау сөзімен келетін ЭП-тер. Даугүл < дау, Даңғой < даң, Даусоғар < дау, Даулан < дау, Даубаев <дау.
Дау термині де өте ертеден қалыптасқан, тілімізде жер дауы, жесір дауы, құн дауы, дау-шар, дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты, дау сабасты (дауға түсті), дау-жанжал, дау айтты деген тіркестер кездеседі.
Бір қызығы, дау қандай тығырыққа тірелер жағдайға келсе де, даугер де, даукес те дауда төрелік еткен билердің сөзіне тоқтаған. Бұл – олардың қазақ заңдарын, «Жеті жарғыны» құрметтеуі, сыйлауы, ақсақалдар сөзіне тоқтау, би кесіміне келісуі сияқты халықтың мәрттігін көрсету болып табылады. Даукес дау құмар, жанжалшыл. Даугер – дау иесі, дау қуушы, айыптаушы терминіне синоним түрінде қолданылған термин, кейін даму барысында айыптаушы сөзі көп қолданылып, терминдік мән алғанға ұқсайды.
Айыппұлайып-пұл салу, айыбы жоқ, айыбын мойнына алу, айып - шам, айыбын бетіне басты, айыбын жуды деген сияқты тіркестерде келеді.
Барымталинбарымта 1.Есесі кеткен елдің қарсыласынан малын қуып айдап әкетуі. 2. Кек қайтару, өш алу. 3. Барымта сөзін қазіргі құқықтық тұрғыдан – «дәстүрлі құқықтың процессуалдық институты» [149,6 б] деген анықтама береді.
Бітімбайбітім «екіжақтың өзара келісімі» [149,6 б], соңында айып не кұн төлесіп тарасқан. Бұл сөз қазір де саяси-әлеуметтік сипаттық терминдік мәнге ие, белсенді қолданысқа ие.
Домалақарыздомалақ арыз – қазақ даласына тараған індеттердің бірі, біреуді-біреуге айдап салу, мұқату, өш алу пиғылымен аты-жөні көрсетілмей жазылатын шағым хат.
5. Діни дәстүрге байланысты жасалған ЭП-тер.
Зікір, Садақа, Мінажат, Намазбай, Дұғақұл, Бойтұмар, Талақ, Сәуегүл, Шүкір,
Зікір – діни салт, бақсылар адам емдегенде қобызын тартып, жынын шақырып, ерекше үн, сарынмен зік-зік деп зіркілдеген, ауруды айнала ойнақтай жүгіреді, яғни зікір салады. Сөздің түбірінде зік дыбыстық еліктеуіш сөзі жатыр.
Талақ – бүгінде көп кездесе бермейтін, жойылды деп есептеуге болатын діни ғұрыптардың бірі. Бұл туралы көркемсөз шебері Б.Майлин әңгімелерінде көп көрініс тапқан. Әйелі ерінің көзіне шөп салса, әйелінен ажырасқан ері талақ» деп үш рет қайталаса, неке бұзылды деп саналған. Молданың алдына барып, некесін қидырса, үйінде отырып, некесін бұза берген. Шариғат бойынша, талақтан кейін қайта қосылуға, некесін қайта қиюға хұқықтары болған.
Мінажат, Намазбай, Дұғақұл, Бойтұмар аттарының мағынасы түсінікті, бәрі де діни сипаттағы сөздерден жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет