Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Салт-дәстүрге байланысты жасалған ЭП-тер



бет74/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   111
Салт-дәстүрге байланысты жасалған ЭП-тер.

Сауғабай, Ақшал, Әулетов, Ақсақалов, Қаракемпір, Қарашал (қазақтық).
Ақсақал > ақ сақал –»бір рудың, елдің қадірлі адамы, жасы ұлғайған кісі». Сөздің астарында қадірлеу, сыйлау, құрметтеу ұғымы жатыр.
Әулетов,
Қарашал, Қаракемпір > қара шал, қара кемпір. Қазақтың қартын «қара шал», «қара кемпір», жасын «қара бала», «қара қыз» дейтін қолданыстың жиілегенінен шығар, осындай әндер де дүниеге келіп жатыр. «Қара халық», «қара тобыр», «қара табан», «қара кедей» деген тіркестерде жұпынылық, қарапайымдылық семасы бар. Қарашал, Қаракемпір аттарынан жабырқау тірлікте жұпыны ғұмыр кешкен қазақтың қарттары, яки ұлттық бейне көрініс тапқан.
2. Ырымға қатысты ұғымдардан жасалған ЭП-тер.
Төстік, Құйымшақ, Сарқытбек, Ақжолтай, Тойболсын, Тойшыбек, Тойбике, Қыздықой, Ұлболмаған Ұлкерек, Ұлтабар, Дұғақұл, Қосорай.
Төстік < төстік – күйеу жігіт келгенде, төстерің ажырамасын, яғни, отбасылық тұрмысың берік болсын деген жақсы ниетпен, ырым ретінде берілетін ұлттық ас.
Құйысқан құйысқаны берік, құйысқаны көтерілді деген сөз – құмалақ ашушылардың жаттанды сөзі. Құйысқаны көтерілді десе, сапарға шығу, жолға аттану ниеті көрінеді. Құйысқан сөзінің уәжінде этнографиялық бояу бар. Құйысқан – ер-тоқым аттың мойнына кетпеу үшін тағылатын ер-тұрман әбзелі. Жолаушының жолы болу үшін ер-тоқымның астына аттың тезегін тығып жібереді. Осы құйысқанға қыстырылған боқтай дейтін тұрақты тіркес біреудің ісіне араласпауды білдіреді.
Қосорай < қосорай – адамның басында шаштың үйіріліп өсуінен болатын белгі, орайы қос болса, қос әйел алады немесе екі рет үйленеді дейтін ырымға халық әлі күнге дейін сенеді.
Тойболсын, Тойшыбек, Тойбике < той – той көп болсын деген ырымнан жасалған т.б.СЮП-тер де кездеседі.
3. Салттық көрініс атауларынан туындаған ЭП-тер.
Ақжолтай жолы болсын деген жақсы тілек,
Ақсақалов ақсақал үлкен адам,
Әупірімов < әупірім адамның қиналғанда айтатын сөзі,
Біржамбас жату әдебі ,
Жамбассипарұлы < жамбас сипар ұрын бару салты,
Көріпкелов < болашақты болжаушы,
Насыбаев < насыбай ату үлкендердің ермек, әдеті,
Некебұзарұлы < неке бұзар,
Ошақбаевич < ошақ, үй-іші,шаңырақ,
Табаны Қышыған < жолға шығу,
Қамшыбаев < қамшы тастау сөз сөйлеу кезегі,
Құсбегин < құсбегі саят құстарын баптаушы,
Тамыровна < тамыр болу көңіл жақын дос болу,
Талақ неке бұзу, Тобықбаев < тобық сыйлау ұлттық ойын,
Шүкіров < шүкір тәубе ету сөзі,
Базынагүл < базына, біреуге өкпе-реніш айту т.б.
Құзырлы мекемеден салауатты өмір салты көру үшін мектептерге арнайы комиссия шықты.Жан-жағына жіті көз салып байқап келе жатқан комиссия жетекшісі Насыбаев:
-Байқауымша, оқушылар арасында темекі тартатындар бар-ау,-деді.
-Олай болса, анықтайық. Төмендегі кластан бастап бәріміз сөйлесейік,-деді Сүзгішов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет