Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет82/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
3.2 Табу сипатты аттар
Әр халықтың дәстүрлі атау беру үрдісі бар, яғни семантикалық моделі болады. Табу және эвфемистік сипаттағы аттар адам, қоғам өміріндегі әлеуметтік, наным-сенім, салт-дәстүр нормаларының тілдегі орныққан көріністерінен туған. «Табу мен эвфемизмдер – кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика. Сондықтан да оларды этнография мен лингвистиканың шектес аймағын зерттейтін этнолингвистика ғылымының объектісіне жатқызған жөн» деп профессор Ә.Ахметов тілдегі этнолингвистикалық құбылыс ретінде қарайды [155,3]. Ғалым оның себебін дәстүрлі наным-сенім, миф, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, қоғамда қалыптасқан этикалық нормалармен байланыстырады.
Табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық құбылыс екендігінің белгісін лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте берілген анықтамдаг да байқауға болады: «Табу (полинезийское) – запрет на употребление тех или иных слов, выражений или собственных имен. Явление табу связано с магической функцией языка, т.е. с верой в возможность непосредственного воздействия на окружающий мир при помощи языка. Понятияе табу тесно связано с понятием эвфемизма» [156,501].
Тілімізде қалыптасқан табу мен эвфемистік сипаттағы кейіпкер аттары: Итжеккенов < ит жеккен ~ алыс жер, Көзжұмбаев < көзжұмбай ~ бүркемелеу, Қаңқусөзұлы < қаңқу сөз ~ алып қашты сөз, Қаптесеров < қап тесер ~ тышқан, Көкжалов < көкжал ~ қасқыр, Саққұлақов < сақ құлақ ~ естігіш, Науқасбай Сырқатұлы Кеселов < науқас, сырқат, кесел ~ ауру, Сұрпақбай < сұрпақтау ~ сұғанақтап сора беру, Албасты < жексұрын, Мыстанқыз < мыстан қыз тым пысық қыз.
Магиялық танымның негізінде сөзге байланысты салынатын тыйым немесе табу мен эвфемиздердің қалыптасуына әкеп соғады. Магия – әлемге кеңінен тараған наным түрі. Магиялық наным бойынша, табуды өсімдіктерден де, жан-жануарлардан да, адам тілінен де табуға болады.Тыйымның туу себебі діни наным-сенім негізінде қалыптасқан. Түркі халықтарының мифологиялық дүниетанымының ұқсастығына қарай кейіпкерлері де біріне бірі ұқсас келеді.
Мифологиядағы табу мен эвфемиздер, әсіресе, ондағы басты кейіпкерлердің (құдайлар, пайғамбарлар, дию, жын-перілер т.б.) атауларымен тығыз байланысты. Мұның бұлтартпас дәлелдерін мифологиялық сөздіктен де, мифтерге қатысы бар басқа әдебиеттен де жеткілікті түрде табуға болады. Қазақ демонологиясында тылсымдық-мистикалық тұлғалар көп. Зерттеушілер олардың мынандай түрлерін анықтаған: албасты, мыстан, шайтан, пері, жын, жезтырнақ, жалмауыз, ібіліс т.б. Осы аталған зұлым иелері, тылсым күштер сатиралық-юморлық аттар жасауға негіз болды: Албасты, Мыстанқыз, Сайтангүл Перісоққан, Жынды, Жынкелдиев, Жындыбаев, Жезтырнақ, Жалмауыз кемпір, Ібіліс т.б.
Албасты – шығыс тілінен енген мифтік бейне, әртүрлі аталғанымен, көптеген түркі халқына ортақ кейіпкер. Қазақ халық ауыз әдебиетінде әйел бейнесіндегі қас күш. Ертедегі қазақтар албастыны марту деп атаған. Сондай-ақ ел арасында сайтан / шайтан қауіпті қүш ретінде ұғынған,. Оның атын атаса,сол мезетте жетіп келеді деп қауіптенгендіктен, оны марту деп басқаша атаған. Ғалым С.Қасқабасовтың деректеріне қарағанда, ноғайлар албастыны Кір көйлек деп атаған [157,75].
Қорқыныш пен үрейден туған бүркеншік, яғни эвфемистік атау деуге негіз бар, өйткені халық санасында албасты ұсқынсыз, ұзын шаштары жалбыраған, емшектері шектен тыс салбыраған немесе иықтарына асылған құбыжық әйел кейпіндегі аса қорқынышты мифологиялық кейіпкер ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар Албасты малдың немесе кез келген табиғи заттың кейпіне де ене алады деген наным-сенім бар.
Албасты ауыс мағынада жексұрын, сұмпайы, оңбаған болып қолданылады. Қазақтар албастыны сары және қара деп екіге бөлген. Қазақ тілінде қазіргі қолданыста біреуді жек көргенде не қарғағанда айтылатын сөзге айналды. Қазақтар қарғағанда «албасты басқыр» немесе «қара бассын», «қара басқыр» деп қарғауы осы түсініктен шыққан болу керек. «Қас албасты басқа ұрсын» деп жауынгер ақын Махамбет те қолданған. Ғалымдардың айтуынша, албасты сөзі удмурт, мари тілдерінде де ұшырасады [157,63]
Жалмауыз кемпір – ертегілерде кездесетін ұсқынсыз, түрі қорқынышты, адамға зияннан басқа пайдасы жоқ кемпірлердің бірі. Халық ауыз әдебиетінде кездесетін мұндай кемпірлердің түрі де көп, аталуы да әр басқа: жалмауыз кемпір, мыстан кемпір (мәстен кемпір), масаты кемпір, жәдігөй кемпір, жалғыз көзді кемпір, қу аяқ кемпір, қу бас кемпір, қарға бұтты кемпір т.б. Біреуді жақтырмағанда, «түрін-ай, жалмауыз кемпір құсап, алба-жұлба болып жүрсін қарашы» деп кекесін түрінде айтылатын сөз. Жалмауыз – ауыспалы мағынасында қомағай, мешкей, оңбаған, сұм, жексұрын, қанағатсыз, обыр деп қолданылады. Аталған коннатациялар негізінде тілімізде ұнатпау мәнде қолданылатын сөзге айналды.
Мыстанқыз > мыстан қыз. Бұл жөнінде зерттеуші С.Қондыбай «Ертегілерде кездесетін кемпірлердің алдына анықтауыш сөз қойып айтылады. Е.Көкеев қазақ фольклорындағы «Мыстан кемпір» мен «Жалмауыз кемпірдің» атауларында айырма барын, мұндағы Мыстан кемпірді – мыстан жасалған сауыт-сайманның тұлғалануы, Жалмауыз кемпірді уақыттың тұлғалануы деп көрсетіп, екі бейнені шатастырмау қажеттілігін ескертеді. Ал, З.Наурызбаева «Мыстан – жрица древнего культа и теневой аспект матери героя» деп қарайтынын дерек ретінде келтіреді [158,66 б].
Бұл секілді мифтік культуремалардың қазіргі қолданыста қарғыс не балағаттау, сөгу түрінде айтылуы халық санасында мифтік, магиялық түсініктің берік орын тепкенін көрсетеді.
Табу немесе тыйым мифологияда құдайдың атын тура атамаудан көрінеді. Мұсылмандардың құдайы «Алла» деген сөз араб тіліндегі «илах» сөзінен шыққан. Теофорлық аттарды зерттегенде Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Тақуаұлы, Бақсыбаев, Япыраевич тәріздес кейіпкерлер ғана кездесті.
Алла есімімен келген кейіпкер атының кездеспеуі осы тыйым салушылықтан көрінеді және қазақтың алланы ең қасиетті рухани дүниесі деп санайтындықтан және діни көзқарастан туындайтын жайт десек болар. Ш.Уәлиханов: «Халқымыз ең киелі деп аспан денелерін санаға. Аспан – көк тәңірі, құдіретті деп бейнеленгенімен, Құдай – Алла дәрежесінде емес еді»,–деп жазды [,171]. Осы пікірге қарасақ, қазақ халқының мойынсұнатыны тек бір Алла болса керек.

3.2.1 Эвфемистік сипатты аттар (ЭСА)


Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелігі – сөздіктерге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бейнелі де көркем, көне де байырғы сөз өрнектерін, тіпті айтуға тыйым салынған «ұят»сөздерді де, әзіл-қалжыңдарды да қамтуында.Тіліміздегі пейоратив сөздердің бірсыпырасы – ұят деп есептелетін сөздер. Эвфемистік құбылыстар – айтуға әбестеу, дөрекілеу көрінетін сөздерді бейтарап атаумен ауыстыру. Мысалы адамның семіруін этикеттік нормамен толып кетіпті дейді. Осындай дөрекі, әдепсіз, ыңғайсыз, айтуға ұят деп саналатын – Боқбасар, Белденбоқ, Тайкөт Көтібар, Көткеншек Көшен, Шошақай, Жырбақай, Әмше сияқты аттардың кездесуін табиғи құбылыс және қаламгерлердің кейіпкеріне көзқарасын білдіреді деп бағалаймыз. Ұнамсыз есім жағымсыз кейіпкерді ғана танытады екен деп түсініп қалмау керек. Өйткені бұлардың арасында да аракідік кері қолданыс, яғни жағымды кейіпкерге әртүрлі себептермен байланысты қойылған мағынасы ұнамсыз есімдер ұшырасады. Мырқымбай, Дайрабай, Боқбасар, Бойбермес СЮП-ін алайық, бұлар мағынасы жағынан ұнамдылықты білдіріп тұрған жоқ, бірақ Б.Майлин мен М.Әуезов өз шығармаларында бұл аттарды жағымды кейіпкерлерге берілген. Өмірде де осындай кері қолданыс кездеседі. Баласы тұрмаған ата-ана көз тимесін деп ең жағымсыз мәндегі аттар қойған.
Эвфемистік сипаттағы аттар (ЭСА): Дөңгелеков < дөңгелек ~ машинаның аяғы, Домалақарызов < домалақ арыз < аноним хат, Көккөз < көк көз ~ орыс халқының өкілі, Қымқыр Жымқыров < қымқыру, жымқыру ~ көрсетпей алып кету, Анаубай Мынау мырза < анау-мынау ~ бүркемелеу түріндегі атау, Ығай, Сығай < ығай, сығай ~ әлеуметтік топтар.
Адам мен қоғамның дерті – маскүнемдікті сынамаған сықақшылар кемде-кем болар. Проф. Ә.Ахметов өз еңбегінде маскүнемдік туралы мынандай мәлімет келтіреді: «Американдық ғалым Пол Диксон 1733 жылдан бастап осы уақытқа дейін ресми тіркелген маскүнемдікті бүркемелейтін эвфемизмдердің жалпы санының бұл күнде 2231-ге жеткенін әрі олардың қатарының бұдан былай да өсе беретінін тілге тиек етеді»[155, 135].
Қазақ классик сатириктерінің бірі Ж.Алтайбаев арақты былайша суреттепті: «Мықтының өзі деп те атайды, сырын білетіндер. Сондықтан да оны біреу тойып ішеді, біреу тоңып ішеді, біреу шер-шемен тарқатам деп, ал енді біреу шабыт іздеп, аруақ шақырып ішеді» [156,116 б].
«Маскүнем» кейіпкерлердің аты-жөндері де өздеріне лайық қойылған: Алқаш, Жұтқышбек, Ішкішбек, Ақмағанбет, Алқашбай, Ащы қайным, Бренди құдаша,Вино, Қылмойынов, Жартылықов, Шишагүл, Арақбаев, Коньякбек, Қызылбек, Сыратай, Спиртбай, Шарапбике, Шампангүл,Самогон, Самопал, Алыпқоев, Құйғанов, Тәлтіреков т.б.
Маскүнемдікке, арақ-шарапқа, тіпті оны ішкен адамның кейпіне қатысты атаулардың қайсысын алсақ та, эвфемизмге толы. Эвфемизмдер мақсатты түрде ашық айтқысы келмейтін сөздердің орнын алмастыруға бейім болады. Төмендегі сатирада қолданылған ЭСА арақ пен оны пайдаланушы адам тіліндегі бүркемеленген сөздерден туындаған. Мысалы: Ащы қайным < ащы ~ арақ , Ақмағамбетов < ақмағамбет ~ арақ, Қылмойынов < қылмойын ~ бір бөтелке арақ, Жартылықов < жартылық ~ арақ, Қызғанов < қызған, Тәлтіреков < тәлтіректеу ~ мас адамның күйі, Шалақызу < шала қызу ~ онша мас емес, Шатқаяқ < ~ мас адамның тайғанақтауы, Жұтқышбек < жұтқыш ~ арақ ішуге құмар адам, Ішкішбек < ішкіш ~ арақты көп ішетін адам, Қызылбек < қызыл ~ түсі қызыл шараптың түрлері, Алыпқоев < «алып қой» ~ арақ ішкенде айтылатын сөз, Алқашбай < алқаш ~ ішкіш адам т.б.
Арақтың қазақтың қанына сіңген дерт екенін сатирик-юморист Т.Әлімбекұлы Вино (Ұлы жүз), Коньяк (Орта жүз), Арақ (Кіші жүз) дейтін кейіпкерлері арқылы сынайды. Өйткені сатира жай сынамайды, өткір, уытты, ыза-кекпен, өшпенділікпен, мысқылдай, әшкерелей сынайды. Сықақшының көркемдік талғамымен таласпаймыз. Дегенмен, үш жүздің психологиясын, мінез-құлқын юморлық тілмен «даланы асқақтатып, тауларды аласартпайық» (О.Сүлейменов) дегендей, ұлттық асымызды қадірлей отыра, көже, боза, айран, шалап, т.б сусындардың қызуымен өлшесе, салыстырса, ұтымдырақ, ұлттық танымға жақынырақ келмей ме деген пікір-ұсыныс бой көтереді.
Ғалым А.З.Салихова эвфемизм құбылысын комизм тудырудың бір тәсілі ретінде қарайды, «комизм мәтінінде келіп, эвфемизм сөздер көп нәрсені, өмірдегі кейбір келеңсіз жағдай, жағымсыз әрекеттерді сықақтайды»,– дейді [134,19 б]. Сонымен, сатирадағы эвфемизмдер дегеніміз – табу сияқты қате түсінік, діни ұғымның негізінде емес, айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудан пайда болған сөздер.
Ауызекі тілде бірдеме, анау-мынау, пәленше, түгенше т.б. есімдіктер эвмемистік ұғымда жұмсалады. Біздің зерттеуімізде мұндай аттар кездесті: Пәленше Түгеншиева, Анаубай мырза, Мынаубай мырза, Бірдібірге Шағыстырғанова.
Қорытындылай келгенде, кейіпкер аттарының табу мен эвфемизмдерден жасалынуы қазақ сықақшыларыңың дүниетаным, әлем моделін тілде бейнелеуге ұмтылысын байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет