6. Дәстүрлі ғұрыпқа байланысты туындаған ЭП-тер. Қазақ халқы той-думаншыл, ырымға сенгіш.Баланың дүниеге келген күнінен бастап, әр кезеңді дәстүрлі той-мерекеге айналдырып отырған.Осындай ниеттен туған ырым, наным-сенімнің кейбір түрлері СЮП-тердің жасалуына уәж болған: Итаяқ, Шүмек, Түбекбай, Сүндет, Ашамай т.б. Итаяқ> итаяқ – жас келіншек босанғанда баланы қырқынан шығарып, жуындырғанда жасалатын ғұрып. Алдымен суға күміс, жүзік, сақина, т.б. әшекей бұйымдарды ауылдың әжелері, абысындары салатын болған. Шомылдырып болғаннан кейін ол заттарды сол жердегі әйелдер жақсы ырымға балап, бөлісіп алып, мәз-мәйрам болып тарқасқан.
Шүмек – қойдың асық жілігінен екі басы тесіліп жасалынған бесіктегі сәбидің кіші дәретіне арналған түтік.
Түбекбай < түбек – бұл да бесіктің бір бөлігі.
Ашамай - жеті жасқа келген баланы атқа мінгізіп үйрету үшін арнайы ер жасатып, жуас атқа мінгізіп жаттықтырған, балам атқа қонды, азамат болды деп ата-ана қуанып, той жасаған.
Сүндет – жасы 5 пен 10 арасындағы ұл баланы піштіретін діни салт.
7. Ұлттық тағам атауларынан жасалған ЭП. Кез келген халықтың ұлттық асы оның тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты болып келеді. Қазақ халқының да басқа халыққа ұқсамайтын ұлттық дастарханы бар. Қазақтың ұлттық тағамдары көшпелі ел салтына сай қалыпасқан. Төменде келтірілген кейіпкер аттары халық танымында әбден қалыптасқан атаулар мен ұғымдардан жасалғандығын көрсетіп тұр.
Бөкпенбетов < бөкпен ~ сүтке бөктірілген талқан,
Быламықов < быламық~ ~ұннан пісірілген қатықсыз тағам,
Бозабаев < боза ~ бидайдан жасалған сусын, ішімдік,
Қазы Қартабаев < қазы-қарта ~ жылқының еті,
Қаймақбаев < қаймақ~ сүттің майлы қабаты,
Қаспақов < қаспақ ~ күйген сүттің қалдығы,
Көжебаев < көже сұйық тағам
Құйымшақов < құйымшақ ~ қызға берілетін сыйлы мүше,
Малта Сықпаұлы < малта ~ уақ құрт, сықпа ~ сығылып жасалған құрт, Майжемесов < май ~ суға ерімейтін органикалық зат,
Майшелпеков < май шелпек ~ майға пісірген жұқа нан, ауыс. оңай олжа, Сарқытбаев < сарқыт ~ тойдан әкелген тағам т.б.
Қалжа < қалжа ~ арнаулы сойылған мал,
Төстік < төстік ~ күйеуге берілетін сыбаға,
Уызхан < уыз ~ төлдеген малдың сүті,
Ұлтабар < ұл табар ~ ұл тапсын деген ырыммен берілетін ас,
Үлпершек < үлпершек ~ қыз- келіншекке берілетін сый тағам,
Сыбаға < сыбаға ~ сақталған сыйлы мүше,
Жөргем < жөргем ~ будақтап өрілген ішек,
Қазы Қартабаев < қазы-қарта ~ жылқының еті, сыйлы мүше.
Қалжа< қалжа – жас босанған әйелдерге алдын-ала дайындалған ,арнайы сойылатын жас малдың еті. Бұл осы күнге дейін ұмытылмай келе жатқан жақсы әдет-ғұрыптардың бірі. Жас босанған адамға сорпа керектігін өмір тәжірибесін көп білетін қазақ халқы осыны міндетті түрде іске асыратын ғұрыпқа, салтқа айналдырған.
Сыбаға < сыбаға – қадірменді, не болмаса көптен күткен сыйлы қонаққа жақын адамға арнап алып қойған соғым мүшесі. Осы арнайы берілетін тағам сыбаға тарту, еншісін, үлесін беру дейтін салттық-ұлттық ұғымды қалыптастырған.
Бауыр < бауыр сөзіне байланысты бауырына салу деген ғұрып бар, яғни баласыз адам баланы өз баласындай асырайды. Құдалар арасында құйрық-бауыр жеу де салты бар, оны құда болудың заңды белгісі деуге болады. Адамның біреуден бала асырап алуы әртүрлі, мысалы баланы кейде ата-әжесі бауырына салып алса, ол асырап алған деп есептелмейді. Тілімізде «құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел бар. Құйрық-бауыр жеу – қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.
Үлпершек< үлпершек – жұмсақ үгітілген етті майлы жүрек қабына сыйғанынша нықтап салып, аузын бекітіп, сақтап қоятын сыйлы әрі ұлттық тағам. Көбінесе күйеуге шыққан қыздарға арнайы сүрленіп, сақталады.
Боршабай < борша – тауық, қаз, үйрек, қозы, лақ етіне бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосып, ішекке, бүйенге тығып пісіретін ұлттық тағам.