Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


«Төрт» санымен келетін СЮП-тер



бет88/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
Байланысты:
annotation30756

«Төрт» санымен келетін СЮП-тер.
Төртқарин < төрт қара+ин < төрт қара. Қара сөзі көп мағыналы, бірақ қара ‘ірі мал’ мағынасында жұмсалып тұр деуге негіз бар. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік мал бар, олай болса төрт қара дегеніміз – төрт түйе, не жылқы, сиыр болуы мүмкін. Төртқара деген ру да кездеседі. Төрт санына байланысты дүниенің төрт бұрышы, төрт көзі түгел, табиғаттың төрт мезгілі, төрт аяғы теңселген, төрт түлік мал т.б. тіркестердің семасында «толыққандылық, тұрақтылық, біркелкілік» деген уәждің жатқаны сөзсіз. «Бес» санымен келетін СЮП-тер: Бес+бике, Бес+балуан, Бес+тен, Бес+қарын, Бес+қара, Бес+саусақов, Бес+ті+бай, Бес+ті+айғыр(ов), Бес+мағанбет, Бес+тиын, Бестіқырт. Акад. В.А.Гордлевский ескі түркі халықтарында санаудың ең жоғарғы мөлшері 5 (бес) саны болған дейді [170,].
Бесқара <бес қара. Тілімізде «бес қаралық» тіркесі бес қараға тұрарлық, бағалы деген мәнді білдіреді.
Бессаусақов < бес саусақ. Атап айтсақ: «бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек», – деп жас баланы санауға үйретеді. «Бес саусақ бірдей емес» деген мақал бар. Бас бармақты «ұрлыққа барайық» дегені үшін құдайдың жазалағаны, «сондықтан да бәрінен де қысқа болып қалған» деп балаларды ұрлықтан жирендіреді.
Бестібай < Бесті бай,
Бестіқырт < бесті қырт бұл кейіпкер М.Әуезовтің «Абай жолындағы» мылжың, сөзуар кісі. Бесті айғыр дегендегі «бесті» сөзі жылқы малының беске келгенде нағыз бабына келетіндігін көрсетіп тұр.
Бестиын < бес тиын «түкке тұрғысыз», «құны төмен» деген ұғымда жұмсалады. Санау жүйесін алып қарағанда, «бес» – сандардың шегі болған. Ғалым В.Гордлевский оны «…вообще число пять заключала в себе какое - то законченное количесво, скорее указывающее на огромность числа и на руке всего пять пальцев [170,133 б],– деп бес саусақтың ерекше символдық мәнге ие екенін көрсетеді. Ұлы Абай: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол,»– деген. Басқа сандарға қарағанда «бес» саны салыстырмалы конструкцияларда және басқа да тұрақты тіркестердің құрамында келіп адамға, нәрсеге, құбылысқа берілген сипаттамалық қасиеті басымдырақ секілді.
Алтыбас < алты бас. Тіршілік иелерінде алты бастың болуы – мифтік ойлаудың жемісі. («Алты басты айдаһар») Бестік санау жүйесінде белгілі шектік семасы болса, алты санында шексіздік семасы жатыр. Алты қыр, алты қабат аспан – қашықтық, алты басты айдаһар – күштілік, қаһарлық, алты алаш – біртұтастықты білдіреді. Кейіпкердің Алтыбас аталуында сандық ұғым емес, экспрессивтік реңімен ғана ерекшелініп тұр.
Конфуцийдің (Кунцзы) кезінде білімді деп алты өнерді меңгерген адамды айтады екен: рәсімдерді дұрыс орындай алатын, музыканы түсінетін, садақ ата білетін, арба айдауды білетін, оқи білетін және математиканы білетін [42,6 б]. Осы айтылғандарды жинақтағанда, алты санында кереметтік, күштілік, ауырлық, салмақтылық сияқты сырдың ұшығы көрінеді.
Тоғыз санына байланысты қазақ арасында түрлі өлшемдер бар. Соның бірі – айып өлшемі (Айыппұл). Дау-шарда бір тоғыздан үш тоғызға дейін төленетін зат болған. Қыз жасауы да тоғыз шапан, тоғыз ішік, тоғыз бешпет, тоғыз көйлек түрінде болған. Қазақтың өзіндік көбейту ережесі болған.Санды 9-ға көбейту үшін, мысалы, 3-ті 9-ға көбейту үшін, алақанды жайып, сол қолдың үшінші саусағын бүгу керек, сонда бүгілген саусақтың сол жағында тұрған саусақ жиырманы, ал оң жағындағы саусақтарбірлікті көрсетеді. Шыққан сан – 27.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет