Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Туыстық атауды білдіретін ЭП



бет84/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.Туыстық атауды білдіретін ЭП.
Апеллятивтердің ішінде ең үлкен топ – туыстық атаулар, олардың мағынасы мен қолданылу аясы, адамдардың туыстық дәрежесі т.б. өлшемдер жіктеуге мол мүмкіндік береді. Мәселен, орыс тіліндегі туыстық атаулар тіке туыстық, жақын туыс емес адамдарды анықтайтын атаулар, ресми некелік қатынастарға байланысты терминдер, үрім-бұтақ және ұрпақтарды атайтын сөздер деп бөлуге болады.
Қазақ тілінде ағайын-туыстың арасында қолданылатын атаулар 70-тен асады, олардың әрқайсысы туыстық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекетінде іріктеліп пайдаланылады.
Тіліміздегі туыстық атаулар лингвистикалық мәдениеттану пәнінің тұрғысынан талдау жасауда біз олардың қандас туыстықты белгілейтін түрлерін биологиялық кретерий бойынша сұраптадық. Мәселен, ер адам атауына қатысты баба, ата, әке, көке, аға, іні, бауыр, ұл т.б атаулар қолданылады. Ал әйелдерге байланысты әже, апа, шеше, тәте, апай, қарындас, сіңлі, қыз атаулары айтылады.
Қазақ тіліндегі туыстық атауларын: қандас туыстық пен некеге байланысты деп екі топқа бөлуге болады. Олар ерлі-зайыптылардың өз арасындағы күйеу мен қайын жұрт, апалы-сіңлілердің күйеулері, ағалы-інілілердің әйелдерінің арасындағы қатынасты анықтайды.
Некеге байланысты әйел, күйеу, ер, келіншек, тоқал, бәйбіше, қатын және эвфемистік сипаттағы зайып, жұбай, жолдас т.б атаулары бар. Тұлғалардың үйленген уақыты мен ерекшелігіне қарай қалыңдық, күйеу бала, бәйбіше, тоқал, жар, қосақ, нақсүйер, жеңге сияқты атаулар да бар.
Антропоним және апеллятив түрлері кез келген тілде ұлттық мәдени ерекшеліктерге ие, сол себептен этностық тұрмыс тіршілігі мен әдет-ғұрпының сипаттарымен айқындалып отырады.
Ағайын Туғаншылов ~ ағайын-туған,
Апаева ~ апа, Апамов ~ апам,
Абысын Шешеева ~ абысын-шеше,
Шөтік Ағайынович ~ ағайын,
Бауырбек Немереұлы ~ бауыр, немере,
Жездебек Әкейменов ~ жезде, әкей,
Жеңгебай ~ жеңге,
Қайын Ағаев < қайынаға,
Қайын Мырзағаұлы Қайын Ағаев ~ қайынаға,
Қайын Мырзағаұлы Шырақов ~ қайын,
Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна ~ қайын сіңлі,
Шөбере Үбіреұлы ~ шөбере, үбіре,
Құдағиева ~ құдағи,
Қарынбөлеев ~ қарын бөле,
Туғанбай Інішеков ~ туған інішек,
Тамыр Танысович ~ тамыр-таныс,
Төркінгүл ~ төркін т.б.
Қазақтардың ұлттық ерекшелігі үш жүзге бөлінгенмен, бір - бірін жатқа санамайды, сұраса келе «қарын бөле боламыз» деп жақын тұтады.
«Мен қазақпын» дейтін адам үш жұртын білген. Олар: ағайын жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Осыған байланысты «Өз жұртың – күншіл, нағашы жұртың – сыншыл, қайын жұртың – міншіл» деген өте тауып айтылған қанатты сөз әлі күнге дейін айтылып келеді. Осылардың әрқайсын: туыстық, іліктік қатысқа байланысты кейіпкер аттарын 3 топқа бөліп қарастырамыз.
1. Өз жұрты бойынша: немере, шөбере, апа аға, іні, ұл, қыз.
Бауырбек Немереұлы > немере ұлдың баласы, ата - әжесі өте жақсы көреді, еркелетеді, «немере етін жеп, сүйегін береді» деген мақал бар.
Шөбере Үбіреұлы – немереден туған бала. Шөбере сүю – әр отбасының арманы, өйткені бұл ұзақ өмір сүру деген сөз. Шариғат бойынша, шөберенің қолынан су ішкен адам жұмаққа барады-мыс.
Ағайын Туғаншылов, Ағайынович > ағайын, туған – бір рудан тарайтын, аталас деп санап, бір-бірін «ағайын-туыс» деп жақын тұтқан, араласқан. Бұл рулық қоғамнан қалған жақсы салт-дәстүр ,көрініс деп қарауға болады.Осы атауларына байланысты Шөбере Үбіреұлы, Апаева, Апамов, Інішеков, Немереұлы.
2. Қайын жұрты: қайын аға, қайын сіңлі.
Жиеншар Жиенов > жиен – қыздан туған бала. Жиен алдымен нағашы жұртына сыйлы. Жақсы болса, «үйдің беріктігі – ағашынан, баланың беріктігі – нағашыдан» деп нағашының орнын биіктетеді. «Жиеннің назары жаман» деп ауыр сөз айтпайды. «Жиен мыңнан үлкен» деп қадір тұтады және «Жиен ел болмас» деп әзілдейді. Жиеншар – жиеннен туған бала. Оның баласы дегеншар , одан тараған – көгеншар, оның баласы – жүре жат, оның баласы – туажат аталынады. Жүре жат уақыт өткен сайын жүре-жүре жат болады деп, туажат туа салысымен-ақ жатқа айналады, жеті атаға жетті, қыз алысатын кез дегенді білдіреді.
3. Некелік: ер, қатын, тоқал, жезде, жеңге, бөле. Жеңгебай Жездебек Әкейменов
Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна > қайын сіңлі – әйелдің күйеуінің қарындасы. Жеңге мен қайын сіңлі әзілі жарасқан, сыйлас, сырлас бір-біріне жанашыр болған.
Тоқалешкиева > тоқал ешкі – мүйізі жоқ ешкі.
Қазақ әдеттік заңында некелік тұрғыдан тоқалдың рөлі үнемі төмен болған. «Тоқалдан тудым ба», «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айрылыпты» деген сөздің бәрі тоқалдың төмен етекті болғандығының дәлелі.
Туыстық атауды білдіретін ЭП-дің ішінде келіндер, жеңгелер қолданатын Қайын Ағаев, Қайын Мырзағаұлы, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна Бикеш, Шырайлым, Мырзаға, Шырақ тәрізді туыстық атаулар эвфемистік сипатта қолданылатын қазақ ұлтына ғана тән ерекшелік деп қарауға болады.
Жеңгебай > жеңге – ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі. Жеңгенің қазақ отбасында өзіндік ролі болған. Ол тек бала табушы, ұрпақ өсіруші ғана емес, қайын сіңлі, қайныларын тәрбиелеуші, ұядан ұшыруға көмектесуші де болған. Ал жеңгеден туындайтын ‛жеңгетай’ сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1.сыйлау мәнде жұмсалса, 2. қазіргі қолданыста сутенер мағынасында жұмсалады.
Абысын Шешеева > абысын – ағайынды адамдардың әйелдері. Олар өзара мұңдас, сырлас болады, «абысын тату болса, ас көп» деп, ағайын адамдардың татулығы, беріктігі, ынтымағы абысындарға байланысты болғандықтан шыққан.
Жездебек Әкейменов > жезде – балдыздың жанашыры, «жақсы әке жездедей-ақ» деген сөз әкесіндей қамқорлық танытуынан шыққан болар. Балдыздары «апама жездем сай» дегенді жақсы көргеннен айтады, қалай әзілдессе де құқығы бар.
Тамыр Танысович < тамыр-таныс - екі ұлттың өкілі немесе туыс емес ер адамдар бір-бірін бауыр тұтады, тамырмыз деп сыйлас, дос-жаран, алыс-беріс жасап, туыстан артық құрмет тұтушылық кездеседі.
Құдағиева >құдағи – үйленген қыз бен жігіттің аналарының бір-бірін атауы. Құданы халық «мың жылдық» деп қатты құрмет көрсетеді, батыс өңірінде құдағай деген фонетикалық нұсқасы бар, «құдандалуға байланысты тілімізде 20-дан астам құданың түрі, 500-ден астам әртүрлі кәде, ырым- сырымдар бар екен «[146,22 б]. Құдағиева, Тамыр Танысович, Төркінгүл.
Мұндағы бір ерекшелік – әйелге байланысты Апаева, Апамов, Шешеева, Құдағиева, Шырайлымовна тәріздес матронимдердің кездесуі – сатиралық сипаттағы ерекше стильдік қолданыс болып табылады.
Қазақ қонақжай, ағайыншыл халық. Туыстық атауларға байланысты жағымсыз қалыптасқан біраз ұғымдар бар. Бұл құралдардың ішінде басты орында тұратыны, әрине, пейоратив сөздерден жасалған аттар. Мысалы, абысын – бәсекелес, күндес, жиен – жиендік жасаушы, ұрлық, жеңге – жеңгетайлық жасаушы, жамағайын – бақталас («Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бөліп бере алмайды»), қайынсіңлі-қайырымсыз («Өзі болған қыз төркінін танымас»), жезде – бос сөзділік, қайнаға – сыншы, құдағи – мінші, немере – етін жеп, сүйегін беруші боп келеді.
Туыстық қатынасты білдіретін ұғымдардан туған СЮП-тердің қайсысын алсақ та, халық ұғымынан алшақ кетпеген. «Туысы бірдің – уысы бір» деп жеті атаға дейін тіпті қыз алысып, қыз беріспейді, қазақ осылайша қан тазалығына баяғыдан қатты мән берген. Бұл – да бір ұлттық ерекшелікті көрсететін жайт. Тілімізде туыстық қарым-қатынастар нормасы таза моральдық-этикалық категория шеңберінен шығып, қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерілген.
Қорыта келгенде, туыстық атаулар негізінде жасалған аттар ұлттық ерекшелік, салт-дәстүрдің бір қырын танытатын кейіпкер атына туыстық аттарды беру мотиві – сол атаудың бойындағы жаман қасиетті көрсету. Қазақ тіліндегі кейіпкер аттарына лингвомәдени тұрғыдан талдау ономастикалық кеңістіктегі көлемін анықтай алмайды, бірақ маңызды концептілері дүниенің біртұтас ұлттық бейнесі болып жинақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет