Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Сан-өлшемдік ұғымдарды білдіретін танымдық деректер



бет86/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111
3.3 Сан-өлшемдік ұғымдарды білдіретін танымдық деректер
Сан – ауқымы кең, түбі терең философиялық та, логикалық та ұғым. Адамзат санасында сан діни, тәңірлік және әлемдік символ ретінде қалыптасып, бойына жұмбағы мол құпия, тылсым күш жинаған. Қазақ халқының математикалық білімінің қолданбалық жағы басым болған.
Математик-ғалым С.Елубаев қазақтың қара есептерін « теңдеулер мен олардың жүйелері, арифметикалық және геометриялық прогрессияларға, Бернаули санына, диофант теңдеуіне, графтар әдісіне, теңсіздіктер шешуге, жабулар теориясына, ал қазақтың мұра бөлу есебі Симплекс әдісіне келеді»,- дейді. Қазақтың абжат есебі, мүшел есептеуі, тоғызқұмалақ есебі өз алдына бір әңгіме.
Халық танымында әр санның өзіндік сыры, өзіндік киесі, тылсымы бар. Қазақтың өзіндік өлшемдері болған: бір көнек сүт ~ 6-7 л, бір қап – 65-66 кг, бір жамбы – 6 кг, бір шөкім – 12,5 г, бір сүйем – 18 см. Осындай қазақтың санау жүйесі, өлшемдері болғандығы – қазақтың мәдениеті жоғары халық екендігінің бір дәлелі.
Сан есімнің өне бойындағы мифопоэтикалық семантика сатира сардарлары мен сарбаздарының назарынан тыс қалмаған. Оның дәлелі – кейіпкерге ат берудегі сан есімдердегі символдық қолданысты барынша қолданған. Сықақшылар бұрынғы таптаурын ізбен қу, айлакер болса – Түлкібай, қорқақ болса – Қоянбай, күшті болса – Аюбай, Қасқырбай деп сыдырта беруден ада болған. Сандық символдың қуаты кейіпкерге қойылған аттан білініп тұрады, мысалы, Мыңдықыр деген поэтоним – жанжалқұмар, Бірдібірге Шағыстырғанова – арандатқыш, Жүзбас – маскүнем, Бестиын – жалқау, Бестіқырт – мылжың, Біржамбас – қыңыр, Бірдеңкеев – ынжық, Жалғызбике, Бесбике – жеңілтек, Қырыққабатов – суайт, Миллионбай – жебір, Шіңкілдек ызақор т.б. экспрессивтік, ирониялық бояуларымен ерекшеленеді.
Сандық атаулардан жасалған сатиралық-юморлық поэтонимдер (СЮП): Алтыбас, Бесбалуан, Бесбике, Бесқарын, Бесқара, Бесмағанбет, Бессаусақов, Бестен, Бестіайғыров, Бестібай, Бескемпір, Біргүл, Бірай, Біржамбас, Бірімбек, Бірдеңкеев, Бірдібірге Шағыстырғанова, Бір Шіңкілдек, Жүзбай, Жүзбас, Жүзтайлақ, Елубесбай, Қырықбес, Қырыққабатов, Қырықсақина, Миллионбай, Миллиардбек, Мыңдықыр, Мыңжігіт, Мыңжылқы, Мыңтұр, Үшкемпір, Отызбірбай, Сорокбай, Тоғыз Тоңқылдақ, Төртқарын т.б.
Сан есімнен жасалған жалқы есімдерді сандық құрамы жағынан талдауымыз мынаны көрсетті: бір саны – 8 рет, үш – 1, төрт – 1, бес – 10, отыз – 1, алты – 1, тоғыз – 1, отыз – 2, қырық – 4, елу – 1, жүз –3, мың – 4, миллион – 1, миллиард – 1 рет ғана кездесті. Семантикалық белгілеріне қарап, мөлшерлік мағынаны аңғартатын Ақыл+көп, Жалғыз+гүл, Жалғыз+бике, Дара+бай, Жарты+бас, Қо+сқұлақ, Қос+омыртқа, Қос+орай, Қос+ып+айтар, Көнек+бай, Көген+бай, Алтын+жамбы, Қап+шық, сияқты аттарды қоспаған себебіміз, олардың құрамындағы көп, жалғыз, дара, жарты, қос, көнек, қазық, көген, жамбы, қап сияқты сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды [167,201 б].
Қазақтың көне өлшемдерін шамамен есептеген педагог-ғалым С.Елубаевтың дерегіне сүйенсек: «1 әшмеңке шай– 50гр, 1 қайнатым шай – 6,5 гр, 1 көнек сүт – 6-7 литр, 1 қадақ бидай – 19,47 кг, 1 көген – 25,5 м, 1 мысқал – 4,46 г, 1 кез – 62 см, 1 жамбы күміс – 6 кг» [150,61].
Жалқы есімдердің құрамында келетін сан есімдердің рөлі туралы профессор І.Кеңесбаевтың «Жеті», «үш», «тоғыз», «қырық» пен байланысты ұғымдар атты» мақаласында жан-жақты талданған. Ғалым тілдегі сан есімдердің лингвистикалық табиғатын, «матастырғыш», «киелі» функцияда қолдануын сөз еткен-ді.
Әр санның өзіндік қасиеті, өзіндік қолданыс ерекшелігі бар. Қазақ антропонимисі Т.Жанұзақов сан есімдермен келетін кісі аттарын жан-жақты талдай келіп, сан есімдердің көбінесе ер кісілерге берілетінін, ал санмен әйел есімінің кездеспейтінін айтады [166,235]. Расында, өмірде бұл үрдіс жалпы сақталғанымен, Бірғаным деген есім кездеседі. Ал сатира мен юморда да сан есіммен келетін әйел аттары саусақпен санарлықтай: Бесбике, Бескемпір, Біргүл, Жүзтайлақ, Үшкемпір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет