94
басқа ауруға асқынып ұлғаймауға бағышталған; емдеу курсы 10-
15 күн, массаждың ұзақтығы 10-15 минут.
Тоқ ішек қабынған кезде оның тек өз қызметі, бұзылып қоймай,
құрсақ еттерінің бәрі сіресіп тартылып қалады. Сондықтан мас-
саждың негізгі мақсаты осы бұлшық еттерді босату. Ол үшін
кіндіктің айналасын жылы алақанмен бірнеше рет үстіртін сипа-
лайды.
Осылай 2-3 минут сипаудың бірнеше рет түрін қолданған
соң бұлшық еттер босаңсиды. Содан кейін ешбір қозғалыссыз
жатқан шеттерге әсер ету керек, ол үшін қолдың саусақтарын
батырыңқырап, тоқ ішектің бойымен басып шығады, білезік
буы нымен, үздік-үздік дірілдетіп, алақанның қырымен шапалақ-
тайды, ысқылайды, қағады, шапқылайды.
Қарынның екі жағынан алақанмен қапсыра ұстап шайқайды,
көлденең және ұзынына дірілдету тәсілін жұдырықпен аппарат-
пен орындайды. Сол сияқты ауру адамды шалқасынан жатқызып,
1 аяғын созып ұстап тұрып, жоғары-төмен дірілдете қозғалтып,
сілкілеу тоқ ішіектің жұмысын жақсартады. Массаждың мөлшері
12-15 минут, ұзақтығы 10-12 күнге созылады. Массажды ауру
адамның жағдайына қарай ұдайы күнделікті немесе күнара
жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: