Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


 Мидың қан айналысы бұзылғанда



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
9.1. Мидың қан айналысы бұзылғанда 
жасалатын массаж
Ми – адамның ең жоғарғы реттеуші орталығы. Оның зақым-
дануы көп факторларға байланысты. Əсіресе психогендік, теріс 
эмоция, ой еңбегімен шамадан тыс айналысу, денедегі зат алма-
судың бұзылуы, сол сияқты көптеген аурулар асқанған кезде 
мидағы қан айналысын өзгертеді. Жас ұлғайған сайын кездесетін 
атеросклероз ауруы немесе қан қысымы жоғарылап кететін ги-
пертония ауруы асқынған кезде тек қан айналысын нашарла-
тып қоймай, кейде тіпті тамыр жарылып, қан құйылатын кез-
дер де байқалады. Мұндай жағдайда сап-сау адамның оқыста 
жарақаттанып қалуынан да болады. Мидағы қан тамырлары ке-
нет түйіліп, не кенет жарылып кетсе адам инсульт ауруына тап 
болады. Оның салдарынан аяқ-қол жансызданып немесе бір жағы 
қлзғаламй қалады. Мұны сал ауруы деп атайды. 
Мұндай нуақастар бірден невроло гиялық ауруханаға түседі.
Олар ақыл есін жинағанша 1-2 апта өтеді. Дəрі-дəрмектер беріп, 
қал жағдайы қанағаттанарлық болғанда, массаж жасау белгі-
ле неді. Шеткері орналасқан қан тамырларын іске қосу үшін, 
мас сажды аяқтан бастайды. Алдымен аяқтың ұшын, одан соң 
жіліншік, балтыр, сан бұлшық еттерін жеңіл түрде сипалайды.
Аяқтың ұшын науқас өзі қимылдата алмайды, сондықтан мас-
саж жасау үшін бір-екі сипаған соң буыннан ары-бері қозғайды. 
Тіпті бірнеше рет аяқты қапсыра ұстап сипау тəсілдерін 
алақанмен, білезік тірегімен жартылай жұмылған саусақтарымен 
орындайды. 
Кейіннен соң қолдың тірек білезігімен саусақтардың жұмсақ 
ұшымен ысқылайды. Осындай екі тəсілге бой үйренген соң 
массаждың басқа тəсілдерін қолды батыра орындайды. Ол үшін 
ұзына бойына жұсарту, көлденең бағытта жұмсарту, басу, жыл-


100
жыту, ұстап көру, сығымдау, салмақ сала батыра жұмсарту сияқты 
тəсіл түрлерін қолданады. 
Дірілдету, соққылау, шапқылау, сілкілеу тəсілдері қолда ныл-
майды. Ондай тəсілдер ауруды асқындырып жіберуі мүмкін. 
Ендігі кезек қолға келеді: əр саусақты жеке-жеке сипайды, 
ысқылайды, буындарды жан-жаққа қозғалтады. Білезік буынын 
қапсыра ұстап ысқылайды. Ауру адам масажға үйреніп, сүй сінсе, 
жоғары иыққа дейін массаждың жұмсарту тəсілін аса ұқыпты-
лықпен, ептілікпен қолданады. 
Осыдан кейін науқасты етпетінен жатқызып мойынға, иық 
үстіне, бел мен сегізкөз тұсына массаж жасайды. Мұнда массаж-
дың өте нəзік үстіртін түрлерін қолданады. Науқастың қан 
қысымын өлшеп, тамыр соғуын қадағалап, хал-жағдайын сұрап 
отыру керек. Егер бір өзгеріс байқалса, оны жайлы төсекке 
жатқызып, мазасын алмаған жөн.
Массажды күн сайын тағайындайды. Қан қысымы қалыпты 
мөлшерден жоғары болса, ауруды шалқасынан жатқызып, іш 
бұлшық еттеріне массаж жасайды. Ол да ауруды біршеме жеңіл-
детеді. Массажды 5-10 минуттан біртіндеп көбейтіп 15-20 ми-
нутқа жеткізеді. Арасына екі апта уақыт үзіліс салып, массаж 
курсын қайталап 10 -15 күнге созады. Барлық емдеу курсы 1 айға 
созылады. 
Массажды ұдайы үздіксіз жасамай, арасына үзіліс беріп, ол 
кездері ауру адамның көңілін аударып, көбірек əңгімелескен өте 
пайдалы.
«Қызыл тіл – жанның мияты», «тілмен тікенде алады» де-
гендей, «қарағым» деген жылы сөз тон болып, тəнді жылытпа-
са да жанды жылытады, деген халық мəтелдері адамның көңілін 
өсіретінін дəлелдейді. Массажға емдік гимнастиканы үйлестіре 
қолданса, денсаулыққа өте тиімді, міне, осылай парез, сал ауруы-
на шалдыққан адамдарды үзбей емдеу арқасында қайта қалпына 
келтіреді. 
Миға тек қан құйылуы емес, бас сүйек зақымданудан, ми 
шайқалудан, бастың сақинасы ұстаса да массаж жасалады. 
Сол сияқты ми қабаты қабынса, домбықса, ішімдіктен немесе 
өндірісте қорғасын, фосфор, сынап сияқты заттармен уланса, ми 
клеткалары бүлінеді.Міне, осындай жағдайда сегменттік массаж 


өте тиімді.Ол қан айналымын реттеп, тамырлардың босаңсуына 
ықпал жасайды. 
Массаж алғашқы аптада арқаға, мойынға жасалады. Мұнда 
сипау, үстіртін ысқылау тəсілдерін қолданады. Күн өткен сай-
ын массаждың екпінін, күшін, салмағын үдетіп артырады. Дене 
біршама үйренген соң массажды басқа жасайды.
Сақина ұстағанда маңдайды, əсірсе самайды ысқылайды, 
саусақтардың ұшымен нықтап бірнеше рет басып, артынан си-
пап аяқтайды. Массаждың мөлшері аурудың жағдайына қарай 7 
күннен 10-12 күнге дейін ұзартылады. Алғашында 5 минут, кейін 
10 минут уақыт қадалаған жөн. Егер көзі қарауытып, басы айна-
лып, лоқсып, берекесі кетсе, массажды бірден қойып, науқасты 
жайлы орынға басын биіктеу етіп жатқызып қояды.


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет