Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет46/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
8.3. Жүректің ишемиялық ауруы
Жоғарыда көрсеткендей, жүректің мұндай науқасына миокард 
инфаркті, стенокардия, каронаросклероз сияқты аурулар жатады. 
Оның себебін кітаптың арнайы бөлімінде айттық. Ең негізгі себеп 
– эмоциялық факторлары. Қуану, ренжу, ашулану, қорқу, сүйсіну, 
массаттану, уайымдау, осы сияқты көңіл күй жағдайларындағы 
құбылыстар эмоцияға жатады.
Эмоцияның қандай түрі болмасын іс-әрекет түрінде жүріп 
тұр ғанда олар денеде өзіне тиесілі физиологиялық өзгерістер 
туғы зады, белгілі бір дәрежеде ішкі ағзалардың (жүректің, асқа-
зан ның, т.б.) қызметін бұзады.
Ұзақ уақыт жиі қайталана берген теріс эмоциялық құбылыс-
тар қан қысымын көтереді, жүрек инфарктын дамытады, асқазан 
жарасының пайда болуына дәнекерлік жасайды.
Оның үстіне соңғы ондаған жылдар ішінде жүрек пен қан та-
мырлары, аурулары ерекше көбейіп отырғаны байқалады. Сон-
дай-ақ қазір 25-30 жас аралықтарындғы жастардың миокард 
инфарктіне ұшаруы да сирек кездесетін құбылыс емес.
Еңбекке қабілеті мол, тепсе темір үзетін азаматтардың мүге-
дек болып қалуы немесе қазаға ұшырауы – осы бір қауіпті ауру-
дың кеселі.
Инфаркте псиогендік факторлардың әсері аса зор, себебі, бұл 
ауру көбіне тікелей көңілдің қатты толқуынан немесе аса қатты 
реніш-күйініштерінен кейін пайда болады. 
Эмоциялық қозғауға жауап ретінде мүлде сап-сау тамыр лары-
ның өзі де біраз уақытқа дейін тарыла бастайтынын жануар ларға 
жүргізілген тәжірибелер дәлелдейді. 
Нервтік-психикалық тонустың көтерілуі қан ұюының жоға-
ры лай түсуімен қатарласа жүреді. 
Сонымен жүрек ишемиялық ауруына бір емес бірнеше фак-
торлардың әсер ететіні белгілі болды. Соның ішінде теріс эмо ция-
ның орны ерекше. Енді бұл аурулардың белгілеріне тоқталмай, 
массаж тәсілдеріне көшейік. Массаж жүрек ауруы бәсеңдегенде 
ыстығы төмендеп, көрсеткіштер қалпына келгенде, дәлірек айт-
сақ 3-4 күннен кейін соң басталады. 
Кейінгі жылдары миокард инфарктіне шалдыққан ауру реа-


91
нимация бөлімінде жатқан кезінде-ақ массаж алады. Ол үшін 
аяқ қолдың ұсақ буындарын, бұлшық еттерін сипап ысқылайды. 
Ал аяқ-қолдың қоңды еттеріне мүмкіндігінше жұмсарту тәсілін 
қолданады. Массаж 3-5 минуттан басталып күнделікті 1 минут-
тан қосып отырады.
Массаж жасағанда аурудың көңіл күйіне назар аударып та-
мыр соғу жиілігін қадағалап отырған жөн. Массаждың кейбір 
тәсілдері тек тамыр соғуын жиілетіп қоймай, қан қысымын 
өзгертуі ықтимал. Сондықтан жан-жақты бақылау жүрек ауруына 
ешқандай артықшылық жасамайды. Массаж негізінде 8-10 күнге 
созылады. Тек ұзақтығы 7-10 минуттан аспағаны жөн.
Науқас ауруханадан шыққан соң үй жағдайында массажды 
әрі қарай жалғастыруына болады. Онда арқа, аяқ-қол, бөксе, қоң 
еттеріне массаждың барлық белгілі тәсілдерін қолдануға бола-
ды. Тек алғашқы күндері соққылау, сілкілеу, дірілдету сияқты 
тәсілдерін тежеп тұрған дұрыс.
Жасалған массаж денедегі қан айналымын жақсартып, жү-
ректің әлсіреген бөлігіне күш береді. Аурудың зертханалық көр-
сет кіштері жақсы болса жүрек тұсы шанышпаса, өзін сергек 
сезінсе, тек бұлшық еттерге ғана емес, жүрек тұсына пунктирлі 
сызықша ретінде, сипау тәсілдерін қолданып, массаж жасалады. 
Осының бәрі адамды дене еңбегіне, үй шаруасына дайындап, 
жүрек қызметін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет