9-ТАРАУ
Ішкі ағзаларға қолданылатын сегменттік массаж
Әртүрлі ауруларға классикалық массаж ғана емес сегменттік
массаж да кең түрде пайда болды. Кейінгі кезде болып, әр жер-
ден көрініп жүрген емдеуші, экстрасенс білгірлер ең алдымен
адамның жүйке жүйесіне әсер етеді.
Осы айтылған сегменттер немесе жұлыннан шыққан тал шық-
тары арнаулы бір ішкі мүшелермен тығыз байланыста болады. Сол
ішкі ағзаларға бөлінген соның сезгіштік қасиетін сыртқы ор таға
біл діріп тұратын бөлікті сегментарлық аймақ дейміз. Нүктелі мас-
саж туралы сөз қозғағанда осындай әр мүшенің өзіне ғана тән се-
зімтал бөлігін Захарин Гет аймағы деп аталғанын сөз еткенбіз.
Қазір мұны қайталап отырғанымыз, ішкі ағзалар зақымдан-
ғанда көрсетілетін массаж тәсілдері тек сол ағзаның маңына ғана
емес, арқа жағынан аталған сегменттер тұсын массаждау керек
екенін айтпақпыз. Мәселен, жүрек, өкпе, асқазан, ішек қабын-
ғанда алғашқы күндері, ол ағзалардың тұсына қол тигізу мүмкін
емес, сол кезде омыртқа жотасының екі жағынан әр мүшеге
сәйкес сегментті массаж жасау әлдеқайда пайдалы.
Сегменттік массаждың классикалық массаждан айырмашы-
лығы тек ауырған мүшеге ғана емес, адамның басқа жерлеріне
де қосымша әсер етеді. Сегменттік массажға да классикалық
массаждағы белгілі тәсілдердің бәрін қолданады. Мәселен, сипау,
ысқылау, жұмсарту дірілдету, сілкілеу, қағу, т.б.
Көкірек қуысындағы өкпе жүрек ауырғанда орталық жүйке
жүйесі зақымданғанда мойын және кеуде, арқа тұсындағы сегмент-
теріне әсер етіп сол ағзалардың қан айналымын жақсар тады.
98
Ішкі ағзалардың сегмент сезімталдығы
№
Ағзалар
Жұлын сегменті
1
Жүрек
С
3-4 –
Т
1-8
2
Өкпе мен кеңірдек
С
3-4 –
Т
3-9
3
Асқазан
С
3-4 –
Т
5-9
4
Ішек
С
3-4 –
Т
9-1
5
Бауыр мен өт жолы
С
3-4 –
Т
6-10
6
Бүйрек, несеп жолы
С
1 –
Т
10-12
7
Қуық
Т
11
– Z
3
– S
2-4
8
Жатыр мен аналық бездер
Т
10-12
– Z
3
9
Тік ішек
Т
11-12
– Z
1-2
Түсініктеме: С – мойын омыртқа сегменті; Т – артқы омартқа сегменті; Z – бел
омыртқа сегменті; S – сегізкөз сегменті.
Құрсақ ішіндегі асқазан, ұлтабар, ішек, бауыр, т.б. ауруға
шалдыққанда сол бөліктерге жəне кіші жамбас сақнасындағы
тамырларға əсер ету үшін арқа омыртқаларының төменгі бөлігінен
бел жəне сегізкөз сегменттерінен шыққан жүйке талшықтарын,
сол аймақта, ы бұлшық еттерді жамбастың қоң етін массаждайды.
Міне, осының өзі ішкі ағзаларға əжептəуір көмегін тигізеді.
Ауырған жері бəсеңдеп, қабынған жері тарап бұлшық еттері
түйін дері жазылады. Ең негізгі пайдасы – сегменттік массаж жұ-
лын арқылы жоғарғы жүйке жүйесіне жағымды əсер етіп адам-
ның көңіл күйін көтереді, ал көптеген аурудың төркіні көңіл
күйге байланысты екенін білеміз.
Кейіңгі кезде, əр жерден көрініп жүрген емдеуші экстрасенс
білгірлер, ең алдымен, адамның жүйке жүйесіне əсер етеді.
Не нəрсеге де сеніп бойындағы күш-қуатын жинаса жеңбейтін
ауру жоқ. Адам бойында ашылмаған 5 қасиет бар, соларды дұрыс
пайдаланса көп аурудың бетін қайтаруға болады.
Міне, сегменттік немесе сегменттік рефлекторлы массаждың
қасиеті де сондай. Тікелей сезімтал аймаққа əсер етіп, орталық
жүйке жүйесін тыныштандырып, ауырып тұрған жерді,
99
өрт сөндіргендей басады. Массаж жасаған аймақ жəне ішкі
ағзалардың тамырлары кеңіп қан айналымы артып, қоректік зат-
тармен қамтамасыз етіледі. Оның өзі зат алмасуын өршітіп дене-
ден зиянды ауруды тудыратын микробтар мен қортылған қалдық
заттардан құтылуға үлкен ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |