Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет58/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
11-ТАРАУ
Нүктелі массаж
Нүктелі массаж дененің ғана бөлігіне жасалады. Ол дененің 
биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді, дәлірек айтсақ 
жүйке жүйесінің терідегі ұштары. Оны сұқ саусақтың ұшымен ал 
кейбір жағдайларда доғал ұшының диаметрі – мм келетін темір 
ағаш немесе піл сүйегінен жасалған арнайы инелер пайдаланы-
лады. Массаж жасағанда теріні қатпарландырмай, тартып созып 
тұрып жасайды. Өзіне-өзі нүктелі массаж жасағанда биологиялық 
активті нүктелерді біліп, жақсы сезіну керек. 
Нүктелі массажда иықтан басу, жұмсарту, және дірілдету тә-
сілдері қолданылады. Оны қоздыру және тежеу әдістері арқылы 
екіге бөлінеді.
Тежеу әдісі бұлшық ет түйінін жазуға босаңсытуға және 
ауыр ған жерді басуға арналған. Арнайы нүктеге әсер ету жеңіл 
үзіліссіз 1-1, 5 минутқа созылады, ол үшін сұқ саусақтың жұмсақ 
басымен бұранданы бұрғандай айналдыра, адамның өзіне сезіл-
генше батырады. Біраз осы қалыпта үзіліс жасап ұстап тұрып, 
қайтадан жоғары көтеріледі. 
Қоздыру әдісі солбырап қалған бұлшық етті қатайту үшін, 
қимыл-қозғалысты арттыру үшін қолданылады. Мұндағы қоз-
ғалыс жылдам, шапшаң, ширақ болады. Әр нүктеге 20-30 секунд 
аялдап, дірілдеп, сол нүктені ысқылап қыздырады. Осындай 
қимылдан соң жұлып алады. 
Нүктелі массаждың түрлерін ауруға, адамның сезімталды-
ғына байланысты 3-4 рет қайталайды.


111
Нүктелі массаждың әртүрлі ауруларға тән нүктелеріне зер 
салайық. Мұны әркімнің өзіне орындауына болады.
Бас ауырғанда тек бас және бетте емес, сол сияқты аяқтың 
нүктелеріне жасайды.
Тұмау тигенде мұрын желбезегіндегі нүктелерді, қастың 
арасындағы нүктені массаждайды.
Ұйқы бұзылғанда – адамның берекесі қашып, еш нәрсеге 
қабілеті болмай, жылдам шаршап, әлсіздік басады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет