107
Белді екі қолмен бірдей массаждайды. Мұнда саусақтарды
тырма секілді бір біріне қапсыра ұстатып, белдің тұсын жоғары
төмен, оңға-солға ысқылайды. Әр қолмен жеке массаж жасауға
да болады. Артынан омыртқадан бүйірге және жоғары қарай ала-
қанмен сипайды.
Арқа, бел тұсына массаж жасағанда адам өзіне соққылау, қағу,
ұрғылау тәсілдерін де қолдана алады.
Бөксені массаждау үшін түрегеп тұрып, массаж жасайтын
аяқты кішкене аласа орындыққа қояды, не бір аяққа салмақ тү-
сіріп, екінші аяқты ұшынан созады, сол кезде бұлшық ет бо саң-
сиды. Немесе бір қырынан жатуға да болады. Оң жақ бөксені оң
қолмен, сол жақ бөксені сол қолмен жасайды.
Алдымен бөксе
қатпарынан бастап белге дейін бірнеше рет сипайды, одан соң
алақанмен қапсыра ұстап, бас бармақпен төрт саусақтың арасын-
да
мейлінше дірілдетеді, шайқайды. Жұдырықпен әртүрлі із
қалдыра ысқылайды. Уыстап ұстап жұмсартады, артынан тағы
сипайды. Осылай екінші бөксені да массаждап шығады.
Санға массаж жасау. Әркім
өз санына массаж жасағанда
орындыққа не төсекке отырады, бір аяқты төмен түсіріп, екінші
төсекке созып жібереді. Осы қалыпта санның үстіңгі бұлшық
еттеріне массаж жасайды, ал
артқы бұлшық еттерін массаж-
дау үшін қырындап жатып аяқты тізеден бүгеді. Осы қалыпта
тақымнан екі қолмен алма кезек бөксеге дейін сипайды. Алдыңғы
бұлшық еттерді тізеден жоғары сипайды. Екі қолмен бірдей
бұлшық етті сүйекке жете жұмсартады.
Массаждың соңында
жақсылап сипайды. Сол сияқты осындай қалың сан етіне
дірілдету, соққылау,
шапалақтау, тәсілдерін кеңінен қолданады.
Мұнда қимыл тізеден шапқа дейін жасалады.
Тізеге сол отырған қалыпта массаж жасалады. Негізінде сау-
сақтардың ұшымен немесе алақанның қырымен ысқылайды.
Мұнда түзу сызық, шеңбер жасай ысқылау тәсілінің барлық
түрлерін қолдануға болады. Артынан алақанмен бірнеше рет си-
пап және тізе буынынан бүгіп-жазып қозғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: