Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет59/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Бронхы қабығындағы жөтел, қақырық түспей, кейде ысты-
ғы көтеріліп мазасы кетеді. Сонда желке мен мойындағы, жауы-
рынның іш жағындағы екі нүктеге және аяқ-қолдағы арнайы 
нүктеге массаж жасау пайдалы.
Гипертония ауруында қан қысымының сынап бағанасы 
бойын ша жоғары көрсеткіштерінің жүзден төмен түсуі қан 
қысымын реттеуші орталықтың нашарлауынан.
Баспа деп көмекей не бадамша бездерінің қабынуын айтамыз. 
Ол денеге мұрын не ауыз арқылы инфекция түсуіне байланыс-
ты немесе тұмау, жәншау (скарлатина) ОРЗ сияқты жұқпалы 
аурулардың салдарынан да пайда болуы ықтимал. Жұтқыншақта 
бір нәрсе тұрғандай болып тырнап, кернеп, сыздап берекені ала-
ды. Осындай жағдайда күнделікті немесе күнара, екі-үш аптадай 
арнаулы мүшелерге массаж жасауға болады. 
Грипп. Гриппті кейде тұмау деп атайды. Бірақ екеуі бір 
ауру емес, сондықтан мамандардың айтуынша, халықаралық 
ұғым бойынша грипп деп аталады. Грипп жыл сайын ең жиі 
кездесетін жұқпалы індет. Ол тек тыныс мүшесін зақымдап 
қоймай, уын барлық денеге жаяды. Сондықтан ол індет басталуы 
бірден белгілі: ауру түшкіріп, жөтеліп, денесі қызып, дірілдеп 
қалшылдап, басы ауырады.
Гриппті емедеген шақта ең қажетті, есте ұстайтын жай – тө-
секте жату, күн тәртібін сақтау, берілген дәрі-дәрмекті қолданып 
аурудың асқынуына жол бермеу. Ал нүктелі массаж қосымша ем-
деу әдісі. Науқас басталған кезде қолданса өте тиімді болады.
Тіс ауруы. Ол әртүрлі себептерден болады. Оның сыртқы 
эмаль қабығының бүлінуі, не қызыл иектің зақымданып, қабы-
нуынан тіс сыздап ауырады. Сол кезде нүктелерге массаж жасау 
қажет. 


112
Бет жүйке талшықтары қабынғанда аурудың дамуына 
грипп ревматизм ОРЗ сияқты індеттер, әйтпесе құлақ қабынуы, 
без шошынуы, оқыста жарақаттану, т.б. әсер етеді. 
Бет нервісі қабынғанда мимикалық бұлшық еттер жансыз-
данып, бір жағымен салыстырғанда салбырап төмен түсіңкіреп 
қалады. Әлбетте бұл тек бет әлпетінің бұзылуына үлкен нұқсан 
келтіреді және адамның жоғарғы жүйке жүйесіне де әсер етеді. 
Сондықтан ондай адам шыдамсыз, ашуланшақ, тез шар ша ғыш 
келеді. 
Беттің ауырғаны жағына қоздырушы әдісін, ал сау жағына 
тежейтін әдісін қолданған дұрыс. 
Әлбетте массажды алдымен арнаулы бөлмеде маман-дәрігер 
бірнеше рет көрсетіп береді, тек содан кейін ғана әркім өзіне жа-
сай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет