Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет108/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Дұға сөзінің тілдік мағынасы өтіну, ал діни тұрғыдан алғанда Жаратушыдан қажетін сұрау, жақсылықты болдыру, не жамандықты қайтару мақсатында Жаратушыдан медет тілеу деген мағынаны білдіреді. Жаратушыға дұға етудің мәнісі – пенденін Құдірет иесіне деген мұқтаждығын білдіру, қажеті өтелу мақсатында Жаратушысына мінәжат ету. Д. ету, яғни Жаратушыдан қажетін тілеу – діндегі елеулі орын алатын ғибадаттын түрі. Діни сенімде Жаратушыға көп дұға етуші Жаратушы мейріміне ие болады. Д. күнә мен қатерді жойып, тозақ азабынан құтқарады. Үнемі зікір ету, яғни Жаратушыны еске алып дұға жасау – адамның бүкіл болмысын жамандықтан, ластықтан сақтайды. Ислам дінінде жамағатпен отырып д. ету амалы – Қиямет күні қайғы-қасіреттен қорғайды. Шын жүректен шыққан, ықыласпен жасалған Д. – Қиямет күні Жаратушының тандаулы пенделеріне арналған жәннаттың есігін ашуға себепші болады. Жаратушының пенделеріне әзірлеген нығметтерінің ең абзалы – Жаратушыны еске алып, Д. еткендердің несібесі. Үнемі Д-да болғандардың тіршілігі әрқашан қауыпсыз және тыныш болады. Исламдағы Д-ның шарттары: дәретті болу, Д-ны Жаратушыға мақтау, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтумен бастау, тілекті үш қайтара айту, қыблаға бет қарату, екі қолды иық тұсына көтеріп, алақаның жаю, орташа дауыспен Д. ету, Д-ны Пайғамбарымызға салауат айтумен аяқтау, Д-да Жаратушының есімдері мен сипаттарын тілге алу, алдымен өзі үшін тілек ету, шын көңілмен тілеу, Д-да әдептілік шегінен шықпау, аят пен хадисте көрсетілгендей Д. ету, жаратушыдан қажетін жалықпай тілеу. Д. адам баласының ішкі жан-дүниесін рахат сезімге бөлеп, жан тыныштығын береді. Жаратушыға жалынып, жалбарыну – дұғаның негізгі мәні. Жалынып, жалбарынудын бірнеше көріністері болады.
Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы, Алматы. – Дәуір – 2003;
Дюринг Евгений 12.01.1833 Берлин 21.5. 1921, Новавес, неміс философы, саяси экономика және құқық және әдебиет тарихы мәселелерімен айналысқан. 1863-1877 жж. Берлин университетінің приват-доценті. Ол ойлаудың жаңа тәсілін айқындайтын «шынайылық философиясының» өзіндік жүйесін жасауға талпыныс жасады. Бірақ оның әрекеті метафизикалық материализм, позитивизм және кантшылдық элементтерінің қоспасы болып шықты. Ол философияны ақырғы немес жоғарғы ақиқат тұралы априорлы ілім деп санады. Д. пікірінше дүниенің ақыры жоқ, бірақ дүниенің уақыт бойынша бастауы бар. Дүние бастапқыда абсалютті тыныштық күйде болған. Тыныштықтан қозғалысқа өтуді Д. материяға тән әлдебір «механикалық күш» ұғымымен түсіндіреді. Осылайша, Д. алғашқы қозғаушы күш идеясынан бас тартуға тырысты және материяның атрибуты ретіндегі қозғалыстың материалистік тұғырнамасынан қашқақтады. Д.г уақытты кеңістік пен материядан тыс қарастырды. Д-тің социологиялық концепциясы идеалистік көзқарасқа негізделген. Әлеуметтік теңсіздіктің, қанау мен қайыршылықтың себебі зорлық. Зорлық таптардан, әлеуметтік теңсіздіктен, қоғамның әлеуметтік құрылымынан тыс қарастырылды. Д. бойынша қоғамды социалистік қайта құру революциялық төңкеріс жолымен емес, Прудоның ұсақ буржуазиялық социализм негізінде ұсақ өндірушілерді біріктіру жолымен іске асуы тиіс. Ол марксизмнің саяси экономикасына, материалистік диалектикасы мен ғылыми социализм идеясына қарсы болды. Оның идеялары неміс социалист-демократтарының арасында танымал болды. Ф. Энгелъс Д-тің көзқарасын «Анти-Дюринг» шығармасында сыни тұрғыдан талдады.
ДЮРКГЕЙМ Эмиль (1858 – 1917) француз социологы, позитивист, француз социологиялық мектебінің негізін қалаушы. Бордо (1896) мен Сорбоннада (1902) социология мен педагогока пәндерінің профессоры. Қоғамдық өмірдің әр түрлі қырын жан-жақты зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ғалым. Мәдениеттің қызметі жеке тұлғаның қажеттігінен туындайды деген көзқарастарға қарсы болды. Д. қоғамның алғашқы кезеңіндегі сол қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлестікті сезінуі туралы концепциясы белгілі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызды. Ол мәдени құбылыстың объективтілігін айқындай келіп, оған кіретін ұжымдық таным құрылымын төртке бөлген: біріншіден жалпы ортақ идея мен сезім (тіл, әдебиет, саяси, діни көзқарастар); екіншіден, имандылық пен адамгершілік қалыптар; үшіншіден құқық және құқықтық сана; төртіншіден, экономикалық негіздер (ақша, салықтар, кіріс, баға, құн, экономикалық мақсаттар). Д. көзқарасы бойынша мәдени қызмет әлеуметтік қайшылықтарды жұмсартуға ықпал етуі тиіс. Оның «Социологиялық әдіс» (1899), «Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы» (1900), «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтік этюд» атты еңбектері орыс тіліне аударылған.

ЕВГЕНИКА (грек. eugenes – асыл тұқымды) адамның тұқым қуалаушылығы және оны жақсарту жолдары туралы адам генетикасы мен медициналық генетиканы қолдануды пайдалануға шақыратын ілім. Е-ның әсіре бағыттары нәсілшілдік пен «әлеуметтік дарвинизм» ағымдарының теріс идеяларын пайдалана отырып, адамдардың мәдени теңсіздігі олардың психо-физиологиялық айырмашылықтарына байланысты және адамдардың «жаңа тұқымын» шығару керек деген антигумандық қағидаларды ұстанған. Бірақ, Е-ның және оның жаңғыртылған қазіргі бағыттарында көптеген маңызды адамдық мәселелер көтерілген. Неоевгениканың өкілдері (П.Рамсей, Ч.Фрэнкель, Дж. Ледерберг, Д.Рорвик, М.Эбон және т.б.) тұқымдық инженерияның қойған жаңа мәселелеріне назар аударады. «Жасалып жатқан адам» еңбегінде Г.Рамсей зиянды тұқымдық мутацияларға қарсы күрес қажеттігін алға қояды, сонымен бірге ол адам «фенотипін» жөндеу, жасанды пробиркалық нәресте, тұқымдық бақылау, демографиялық қысымды азайту мәселелерін гуманизм мен этика талаптарына сай шешуді қалайды. Ч.Френкель «Е. елесі» деген мақаласында биомедициналық биоэтикаға тәуелді болуын жақтап, жаңа Е-лық жобалардың адамзат құндылықтарынан алшақтамауын қолдайды. Дж.Ледерберг клондау (адамдардың жасанды баламаларын көбейту) идеясының озық жақтарына басты назар аударды. Бірақ, адамдарды генетикалық жолмен модификациялау көптеген гуманитарлық және этикалық қиындықтармен кездесті. М.Эбон «Адамда клондау: тамаша жаңа үміт немесе жаңа үрей» еңбегінде бұл мәселеге үлкен байыппен қарауға шақырады. Жаңа Е-ның қойған көптеген мәселелері бойынша казіргі әлемдік өркениеттілікте қызу пікірталас жүріп жатыр.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ЕВКЛИД – (б.з.б. 4 ғ. – б.з.б. 3 ғ.) ежелгі грек математигі. Математика бойынша алғашқы теориялық трактаттардың авторы. Е-тің ғұмырнамалық деректері бойынша б.з.д. 3 ғасырда Александрияда оның ғылыми қызметі өткен. Оның басты еңбегі – «Бастау» (латындық нұсқасы – «Элементтер») планиметрия, стероеметрия және сандар теориясының кейбір мәселелерін баяндаған. Бұл еңбекте өзіне дейінгі гректік математиканың дамуының нәтижесін қорытындылап және математиканың даму көкжиектерінің іргетасын қалады. Е. дүниетанымына Платон мен Аристотель шығармашылығы ықпал етті. Оның «Фигуралардың бөлінуі туралы» атты еңбегі араб тіліндегі аудармасында сақталған. Е-тік алгоритм екі бүтін санның бөлінушісін табу тәсілін көрсетеді. Е-тік геометрияның аксиомалар жүйесі мынандай негізгі ұғымдарға сүйенеді: нүкте, түзу, жазықтық және қозғалыс. Е-тік геометрия – нақты физикалық кеңістіктің құрылымын бейнелеу үшін жасалған алғашқы қадам. Е-тік кеңістік б.з.б. (математикада) бұл евклидтік геометрияда аксиомалаларымен бейнеленетін кеңістік. Е-тік емес геометрияның ашылуы кеңістік ұғымының априорлығын мойындаудың негізсіз екендігін дәлелдеді.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. Алматы: Жазушы, 2006.

ЕГЕМЕНДІК (француз – souverainete немесе souveranitat – жоғары билік) – мемлекет пен биліктің негізгі сипаттамасы. Е. мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси іс-әрекетінің тиісті формаларында көрінетін мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен үстемдігі. Суверенитет терминін алғаш рет мемлекеттік-құқықтық мағынада XVI ғасырда француз ғалымы Ж.Боден енгізді. Оның пікірінше, «Е. – бұл мемлекеттің абсолютті және тұрақты билігі». Саяси Е. идеясының қалыптасуы Батыс Еуропада ұлттық-тәуелсіз, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болу үдерісімен сай келеді. Мұнда Е. шіркеуден, басқа мемлекеттен және биліктің басқа орталықтарынан тәуелсіздікті белгілейтін қасиет. Е. мемлекет идеологиясы – жоғары феодал-билеуші-сеньордың үстемдігі туралы ортағасырлық түсінікке қарсы қойылды. Н.Макиавелли түсіндірмесінде егеменді билік бүкіл билік ретінде көрінеді. Жаңа заманда феодалдық монархтың жеке билігінің саяси егемендігі мемлекеттің, кейін халықтың (Дж. Локк, Б.Спиноза, Жан-Жак Руссо) үлесіне өтеді. Е. ең алдымен мемлекттің өз қызметін жүзеге асыруда іске асады. Е. мемлекеттің құқық жүйесінде көрінеді. Мемлекеттің құқықтық өкілеттілігі мемлекеттік егеменділіктің шынайы іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің Е-гі халықаралық қатынастарда тәуелсіз, яғни халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде әрекет етуін айқындайды. Мемлекеттердің егеменді теңдігі БҰҰ жарғысында бекітілген. Егеменді теңдік қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттарының бірі. Т.Гоббс теориясында Е. мемлекеттің өз азаматтарына деген билігінің абсолюттілігін білдіреді. Бірақ бір адамның бүкіл билігі мемлекеттік заңның бүкіл билігіне біртіндеп орын береді. Б.Спиноза мен Г. Гроций саяси Е-лік ұғымын мемлекеттіліктің сапалы сипаттамасына қатысты көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет