Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет110/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Древнекитайская философия. Т.Т. 1-2. М., 1972–1973
Васильев Л. С. Проблемы генезиса китайской мысли. М., 1989.-309 с.
Древнекитайская философия. Эпоха Хань. М., 1990
Китайская философия. Энциклопедический словарь. М., 1994–573 с.
Рубин В. А. Личность и власть в древнем Китае: Собрание трудов. М., 1999.- 384 с.

ЕЛЕСТЕТУбұрын қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі және қиялдан туындаған образ; сезім формасы. Көрнекі-образдылық білім түріндегі бейнелеу. Қабылдаудан ерекшелігі е. жеке объектілердің тікелей шындығынан жоғары тұрады және оларды ұғыммен байланыстырады. Е. екі формада – жадының және қиялдың образдары түрінде іске асады. Жадының елестетуі таным процесінің қажетті шарты ретінде қызмет етеді. Таным процесінде объектінің сақталған бейнесі түйсінуде өзектендіріледі. Шындықта толық қабылданбайтын Е. және ойдағы тілектер қиял бейнелерінің көмегімен жасалады. Егер түйсіну нақты шынайлыққа ғана қатысты болса (осы шаққа), ол Е. осы шаққа, өткенге және болашаққа да қатысты. Жеке сезімдік бейнелеудің формасы ретінде, адам елестетуі тілмен жанама байланысты, жалпы мәнді мазмұнмен толықтандырылған, саналы түрде ұғынылған.

ЕЛТАНУ – құрлықтарды, елдерді, ірі аудандарды кешенді түрде зерттеумен айналысатын географиялық ғылымдар жүйесіндегі пән. Е. – нақты бір аумақтарда физикалық және экономикалық географияға сәйкес бекітілетін жалпы заңдылықтар мен технологиялық сипаттар қалай көрінетіндігін көрсетеді. Е. – географияның көне саласы. Е. аудандық түрлі елдерді тану қажеттілігінен сонау антика заманында пайда болған. Мыңдаған жылдар бойында Геродот және Страбоннан бастау алған елтану яғни табиғат, тарих, экономика, мәдениет және саясатты қамтумен өзінің әмбебап сипатын көрсетеді. Ғылымның дамуы, әсіресе Χ ғасырда жүйелі географиялық ғылымдардың қарқынды өсуіне алып келді. Бұл Е-дың ғылыми деңгейінің жоғарылуына алып келді. Заманауи Е. саласының әдебиеттерінде экономикалық-географиялық және физикалық-географиялық сынды екі түрлі бағыт қалыптасқан. Бұл екі бағыт табиғат және қоғамға тән заңдылықтардың айырмашылықтары мен табиғи және экономикалық аудандастырудың түбегейлі сәйкессіздігінен туындады. Е. – белгілі бір ел туралы алуан түрлі білімдерді біріктіру және жүйелейтін пән. Е. – елдің өндірістік-аумақтық құрылымының даму көкжиегін және хал-ахуалын, табиғи және еңбек ресурстарын, өндірістік базасы мен аумағын пайдаланудың негізгі сипаттарын айқындайды.

ЕЛІКТЕУпсихологияда, индивидтердің немесе әлеуметтік топтың басқа бір индивидтердің және топтардың іс-қимылын, қозғалысын ұқсастырып жасауы. Аристотель адамның қалыптасуында еліктеу маңызды рөл атқарады деп атап көрсетті. Е-ді зерттеудің іргетасын И.П. Павловтың шартты және шартсыз рефлекстерді зерттеуілері қалады. Е. – бұл қоғамдық тәжірибені игерудің бір жолы. Е-дің онтогенездің алғашқы кезеніде маңызы айрықша. Сәби Е-дің нәтижесінде іс-қимыл, дағдыларды, жүріс-тұрыс ережелерін, сөйлеуді үйренеді. Е. бойынша іс-қимыл мен дағдыларды игеру қарым-қатынас, қабылдау, дамуының жоғары деңгейін болжайды. Кері жағдайда, Е. қозғалысты сырттай қайталауға айналады. Е-дің мұндай түрі психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларда кездеседі. Е. дамуындағы бұзылу қоғамдық тәжірибені игерудегі қиындықтардың пайда болуына, психикалық дамудың тежелуіне алып келеді. Е. ерікті және еріксіз іске асады. Ерікті Е. мектеп жасына дейінгі балалар мен сәбилерді оқытып-үйретуде жетекші әдістердің бірі ретінде қолданылады. Бұл балаларды оқыту процесінде жас ерекшелікке сай жетіле береді. Е. адам өмірі мен іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Е. нәтижесінде адам жүріс-тұрыс нормалары мен еңбек дағдыларын үйренеді. Е. антикалық және XVI-XVIII ғасырлардағы классикалық эстетиканың негізгі қағидаттарының бірі. Өнерге еліктеу (мимесис) ретінде қарау пифагоршылдықта (музыка аспан үйлесімділігіне Е. ретінде) қарастырылып, кейін бұл көзқарасты Платон және Аристотель өрбітті. Өйткені Платон бойынша, көрінентін әлем жоғары идеялар әлеміне Е., шынайылыққа еліктеуші өнер тек еліктеушілікті ғана көрсетеді. Аристотельдің пікірінше еріктеуге ұмтылу тірі жандарға, әсіресе адамдарға тән еліктеу өнердің мәнін құрайды, жиіркеніштілік пен жексұрындылық бейнеленген кезде де бұл қанағат сезімін береді. Е-дің тәсілі мен объектісі әдеби жанрлардың негізгі қасиеттері болып табылады. Платон өнердегі ұсқынсыздықты, адамгершілік тұрғыдан айыпталатын нәрсені бейнелеуді айыптаса, ал Аристотель мұндай бейнелеуді дұрыс деп санап, комедияны эпос пен трагедиядан төмен қойды. Себебі, комедияда, «нашар адамдарға» еліктеушілік бар. Жаңа заманда Е. классицизм эстетикасында кеңінен қолданылды. Ш. Батте «Бірыңғай қағидатқа негізделген нақышты өнер» (1746) атты еңбегінде барлық өнер үшін осындай бірыңғай қағидатты Е. деп санады. Е-ге тек «әсем табиғат» лайықты деп санаған классицистер антикалық өнердегі идеалды үлгіге еліктеуге ұмтылу ең жақсы тәсіл деп санады. «Табиғаттағы әсемдік» ұғымын неміс классикалық философиясының өкілдері сынға алды.

ЕҢБЕК бөлінісі – қоғамдық ғылымдарда «еңбек бөлінісі» термині түрлі мағыналарда қолданылады. Қоғамдық бөлінісі адамдардың бьелгілі бір тобы орындайтын түрлі әлеуметтік қызметтердің іс-әрекет түрлерінің қоғамдағы бөлінуі және қатар өмір сүруін көрсетеді. кәсіби Е. б. қызметті бөлу, мамандану және осымен байланысты түрлі салаларды қамтиды (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім, әскер, басқару және т.б.). техникалық еңбек бөлінісі белгілі бір еңбек түрін бөліп көрсету, атап айтсақ, шеберханада, завод-фабрикада, ұйымда, ұжымда және адамдар орындайтын жеке қызметтер мен операциялар. Е. б. адамдар арасындағы іс-әрекет алмасуы және өзара тәуелділіктен көрінеді. Адамзаттың тарихи даму барысында еңбек бөлінісі өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар деңгейіне байланысты түрлі формаларға ие болады. Іс-әрекетті үйлестіру және бірлесу қажетілігін тудырады, яғни, әлеуметтік құрылыммен тығыз байланысты.
Антикалық ойшылдар (Платон, Ксенофонт) қоғам үшін еңбек бөлінісінің басымдылығын (товар жақсы дайындалады, адамдар өз бейімі мен қабілеттері бойынша іс-әрекет саласын таңдай алады) жоғары бағалады. Платон еңбек бөлінісінен қоғамның топтарға бөлінуінің негізін, мемлекеттің иерархиялық құрылысының негізгі принципін көрді. «Е. б.» терминінің авторы А. Смиттің пікірінше, Е. б.-нің шырқау шыңы өндіргіш күштердің яғни, жұмысшының біліктілігі мен өнертапқыштығының «ұлы прогресіне» алып келетіндігін және Е. б. қызметкерді шектеулі жан иесіне айналдыратынына атап көрсетеді. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, еңбек бөлінісіне қоғам дамуының басты факторы, қоғамдық байланыстардың және әлеуметтік құрылымның және адамдардың алуан түрлі қабілеттерінің дамуы негізі ретінде қарау, ал Е. б.-нің теріс салдарына прогрестің қажетті шығындары ретінде қарау басым болды (О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюргкейм). Е. б.-н зерттеумен М. Вебердің рационализация және бюрократия туралы теориясы тығыз байланысты. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтану ғылымында өнеркәсіпте, бюрократиялық мекемелерде, ғылымдағы Е. б. және оның әлеуметтік қабаттар мен мобильділікке ықпалы зерттеледі. Е. б.-н қоғамдық жүйеден тәуелсіз және индустриалды қоғам дамуымен байланысты қарастыру үдерісі байқалады. Ал кейбір батыс әлеуметтанушылары Е. б. адамды функционалды элементке, ірі бюрократиялық мекемелер мен мемлекеттің манипуляциялау объектісіне айналдыратынын атап көрсетеді.
Е. б. дамуының қазіргі үдерістері қоғам дамуы үшін қажетті жаңа салалардың жеке бөлініп шығуы және кәсіби еңбек бөлінісінің өсуі болып табылады. Қазіргі материалды өндірісте дамудың түрлі сатылары (қол еңбегі, механизация, автоматизация, компьютеризация) және осымен байланысты еңбек бөлінісінің формалары көрініс тапқан. Ғылым саласында (ірі ғылыми зерттеу институттары, ғылыми мамандықтар, техникалық еңбек бөлінісі) ғылымды ұйымдастыру, басқару және үйлестіру органдарын құру қажеттілігі туындады.

ЕРІК іс-әрекет мақсатын және оны іске асыру үшін қажетті ішкі жігерді таңдауға деген қабілеттілік. Е. – санаға және іс-әрекетке телуге болмайтын өзгеше акт. Кез-келген саналы іс-қимыл, тіпті мақсатқа жету жолында кедергілерді жеңумен байланысты қимылда ерік болмайды. Е-те ең бастысы іс-әрекет мақсатының құндылықтық сипаттамасын ұғыну және тұлғаның ұстанымдары мен нормаларына сәйкестігі. Е-тік қимылды іске асырғанда адам өзекті қажеттіліктер мен импульсивті қимыл билігін қарсы тұрады. Е-тік қылық құрылымы бойынша шешім қабылдау және оны жүзеге асырудан тұрады. Е-тік іс-қимыл және өзекті қажеттіліктер мақсатында сәйкессіздік туындағанда шешім қабылдау түрткі күресін тудырады. философия және психология тарихында еріктің түрлі түсіндірілуі ең алдымен детерминизм және индетерминизм қарама-қарсылығымен байланысты. Детерминизм Е-ті сырттан туындаған (физикалық, психологиялық, әлеуметтік себептер, ал супранатуралистік детерминизмде – жазмыш ұғымы) ретінде қарастырса, индетерминизм Е-ті автономды және өзіндік күш ретінде қарастырады. Волюнтаризм ілімінде Е. әлемдік процесстің, адам іс-әрекетінің бастапқы және бірінші негізі ретінде қарастырылады. Ерік-жігер адам мінезімен тығыз байланысты және Е. адам мінезінің қалыптасу және қайта түлеу процесінде елеулі рөл атқарады.

ЕРКІНДІК – адамның сыртқы жағдайлар мен құбылыстарға тікелей тәуелділік ауқымында қалып қоймай өз мақсат-мүдделерінің қисынына сәйкес белсенді іс-әрекеттерге қабілеттілігін танытуы. Адам белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде алдына қойған мақсатына жетеді. Тұлғаның ішкі Е-дігінің нақты іске асуы объективті мүмкіндік арқасында жүзеге асады. Қоғамдық ой тарихында Е. мәселесі адамның ерік бостандығына қатысты қарастырылды. Адам мақсаты мен ниеттерінің шығу көзіне тәуелсіз түрде еркіндікке ие. Адам өз мүдднсіне объективті сәйкес келетін таңдау және қалаудың нақты мүмкіндігін сақтайды. Өйткені сыртқы жағдай адамға өз мүддесімен қажеттілігіне қарсы әрекет жасауға мәжбүрлемейді. Объективті шарттар және нақты жағдайға тәуелді түрде адам еркіндікке ие болуы немесе еркіндікке ие болмауы да мүмкін. Адамдар іс-әрекетінің бір саласында еркін, ал басқа салада еркін болмауы мүмкін. Абстрактілі еркіндік болмайды. Е. әрқашан нақты және салыстырмалы. Адам өз мақсатына жету құралын таңдауда белгілі бір шамада еркіндікке ие. Адам іс-қимылдың белгілі жоспарын таңдау жолымен өз мақсатын нақты өмірде іске асырады. Іс-әрекеттің түрлі салаларында таңдау еркіндігіне ие адам қоғамдық дамудың белсенді субъектісі болып табылады. Таңдау еркіндігіне ие болғандықтан адам өз іс-әрекетінде жеке тәжірибесімен қатар, материалды және рухани мәдениет жетістіктерін қолданып, мәдени мұраны ізбасар ұрпаққа бере алады. Әрбір нақты тарихи дәуірде еркіндікке ие адамдар мөлшері өндіргіш күштердің даму деңгейімен, табиғат пен қоғамдағы объективті процесстерді адамдардың танып-білу дәрежесімен, нақты қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысымен айқындалады. Тұлғаның еркіндігі нақты қоғамдағы еркіндіктің бір бөлшегі. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында адам еркіндігі қоғамдық ілгерілеудің қуатты қозғаушы күші болды. Е. ұғымы өркениетті елдерде нақты құқықтар мен демократиялық бостандық ұғымымен етене байланысты қарастырылады. Е. – жеке адамның, ұлттың, ұлыстың, қоғамның өз мүдделері мен мақсаттарына сай іс-әрекет жасап, өз қалауы мен таңдауын іске асыруы. Саясатта Е. мәселесі ұлттың тәуелсіз, құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет