Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Қазақстан Е-гі 1991 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз елдің қатарына жатады



бет109/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Қазақстан Е-гі 1991 жылы жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз елдің қатарына жатады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Тәуелсіз Қазақстан философиясы. Т. 20. Астана: Аударма, 2007.

– көне түркі тілінде «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданылған атау. Е. – қоғамды басқаратын және оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын күзететін таптық қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты. Е. – белгілі бір территорияда, бүкіл қоғамның атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізеді, өз аумағында барлығына міндетті заңдар мен ережелер шығаруға және салық жинауға құқылы. Е-дің негізігі белгілері: 1) белгілі бір аумағының болуы, 2) мемлекеттік билік қызметін іске асыратын оргндары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы, 3) мемлекет тарапынан бекітілген белгілі бір нормалар жүйесін бекітетін құқықтың болуы. Е-діктің рәміздері: елтаңба, байрақ, ән-ұран. Ежелгі түркілердің өзіндік Е-дік институттары болған. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым-қатынастарының дамыған кезеңдерінде Е. атауы қауымдық-туыстық құрылымының (патриархалды отбасы, ру, тайпа, мемлекеттік бірлестік) жоғары деңгейін білдіретін мағынаға ие болды. Мәслен, Көк түркілердің алғашқы мемлекеттік құрылымдары (Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты), сондай-ақ, ірі тайпалық бірлестіктер құру негізінде дамыған ежелгі қазақ руларының одағы «ел» деп аталған. Әрбір Е-дің өз территориясы және өзіндік шекарасы, таңбалары болған және олар өз қарамағындағы жер аумағының шегін өзге тайпалық одақтардан қорғап отырған. Заманауи әлемдік саясаттану ілімінде Е. атауы көбіне «мемлекет» ұғымымен қатар қолданылып жүр. Ол негізінен, географиялық мәдени, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағынан қолданылады.
Әдебиет: Қадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. Алматы, 1997.

Ежелгі Қытай философиясы – қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Тек Қытайдың ғана емес, Шығыстың және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің рухани өркениетінің ажырамас бөлігіне айналған. Е.Қ.ф-ның пайда болу тарихы б.д.д. 1-мыңжылдықтан бастау алады, оны «алтын ғасыр» деп атаған. Е.Қ.ф. діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Қытай дәстүрі негізгі алты философиялық мектепті атайды: конфуцийшілдік (жу цзя), даосизм (дао цзя), легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), иньян мектебі (иньян цзя). Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады.
Е.Қ.ф-на ерекше категориалды аппарат, философиялық рефлексияның ерекше тілі тән, оның қалыптасуына иероглифтік жазу өз әсерін тигізген. Қытайлықтардың ойлау формасы мен стиліне нақты қоршаған орта, отырықшылық мәдениет те әсерін тигізді. Ол мәдениеттің жалпыдүниетанымдық сұрақтарына жауап ретінде қалыптасты, экономикалық және саяси практикамен тығыз байланыста болды, сондықтан оның сипаты да практикалық болды. Жекелеген заттар, табиғи құбылыстар (жыл мезгілдері, күнтізбе, әлемнің материалды элементтері – ағаш, жер (топырақ), су, металл, от және т.б.) бірте-бірте натурфилософияның, кейінірек философиялық мектептердің де негізгі философиялық ұғымдарына айналды. Бұл қытай философиясы онтологиялық және гносеологиялық мазмұннан ада болды деген сөз емес, ол қытайлық өркениеттің белгілі бір рухани бастауы, оның этикалық және саяси негізі бола отырып, кейін дәстүрге айналды.
Е.Қ.ф. маңызды ерекшелігі оның антропоцентристік және рационалистік сипатында жатыр. Адам өзінің ішкі және сыртқы байланыстырының көптүрлілігімен қытайлық философтардың назарындағы бірден-бір мәселе болды. Қытай философиясының көптеген принципиалды тұжырымдары жалпыадамзаттық мағынаға ие, олар күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Ойлаудағы органицизм заттарды үнемі қозғалыста қабылдады: «ци», әлемнің әмбебап субстраты, динамикалық өзгерістердің үздіксіз ортасы, «ян» және «инь» – қарама-қарсы екі күштің қозғалысы арқылы полярлануы арқылы түсіндіріледі; әрбір затта «инь» мен «ян» бар, олар кезекпен басымды бола отырып, өзгерістерге пульс береді. Алғашқы «Аспан – Адам – Жер» триадасы үнемі гармонияда болуы керек. «Чжи» – затты білу – оны сипаттап қана қою емес, сонымен қатар, істеуге деген нұсқауды да білдіреді, білімге ие болу деген «өз ісін білу» дегенді білдіреді. Е.Қ.ф. өзінің бойына метафизиканы, этиканы және социологияны біріктірген. Сонымен қатар, адам, оның табиғи және қоғамдық мәні, оның субъективті мүмкіндіктері, зердесі, әлемді тануға қабілеттілігі басты назарда болды. Бұл әлемде адамның өмір сүруіне лайықты орын іздеуге, табиғатты аялауға, табиғат пен адам ара-қатынасын үйлесімділікке әкелуге бағытталған рационалды философия болды. Онтологиялық тұрғыда оның негізгі сұрағы болмыстың бастауы туралы, яғни Е.Қ.ф-ын әлемді сезімдік және рационалдық танудың шегі туралы ілім деуге болады. Ежелде пайда болған «біртұтастық», «жол», «алғашқы бастау», «Ұлы Шектік» сияқты ұғымдар кейін қытай философтарының онтологиялық және гносеологиялық тұжырымдамаларының орталық категорияларына айналды. Е.Қ.ф. өзіндік ерекше категориалды аппарат тән, ол батыстық философиялық дәстүрдегі ұғымдармен сәйкес келе бермейді. Қытай философиясы әлемнің біртұтас суретін жасауға талпынды, онда адам мен космос-табиғаттың және қоғамның біртұтастығы орын алады. Бұл «біртұтастықтық» жекелік пен бөлектіктен жоғары тұрады.
Е.Қ.ф. әлеуметтік және саяси практикамен өте тығыз байланыста болды. Қытайда философиялық білім дәстүрлі түрде табиғат туралы, қоғам және адам туралы, сонымен қатар, мемлекетті басқару туралы барлық білімдердің кешенін қамтыған. Яғни онтологиялық және гносеологиялық концепциялар моральды және саяси конструкциялардың формасына ие болды. Әлеуметтік қылықтың және қоғамдық құрылымның нормалары әлемнің мәні мен құрылымы туралы көзқарастан туындайды. Яғни «философия» ұғымы мен «қоғамдық-саяси ой» ұғымы арасында шекара жүргізу өте қиын. Философияның мағыналық тереңдігі мен көпфункционалдылығы, кейін «идеологизациялануы» (мемлекеттің доктринасына айналуы) дәстүрлі қытай қоғамында оның жалпымәдени рөлінің жоғары болғанын көрсетеді. Философия халықтың қарапайым санасына терең еніп, бұқаралық сананың стеоретипін қалыптастырды. «Аспан астын» (Поднебесная) (социумды) реттеу ісі әлемдік гармонияны да ұстауда маңызды фактор деп түсінілді. Батыс Чжоу (б.д.д. 1 ғ. басы) кезеңінде қытай философиясының орталық категориясының бірі – «дэ» қалыптасты, ол тудыру және ретке келтіру күшін білдірді. «Дэнің» күшіне сай Аспан барлық затты тудырады және көбейтеді. Билеуші – «ван», Аспан Ұлы бола отырып, «Аспан мен Жердің (космостың) ұлы «дэсіне» айналады, оны адамдардың әлеміне айналдырады, Аспан астын гармонияға әкеледі. Чжоулық ванның билігі номиналды болып қалған кезде Аспан асты елінде жай-күй әр адамның «дэсіне» тәуелді болып қалады. Қытай философиясының негізгі екі мектебінің негізін қалаушылар – Конфуций (Кун цзы) мен Лао цзы – осыған байланысты индивидуалды қылықтың жолы мен өлшемі болып табылатын «дао» категориясын енгізеді. «Дэні» толтыру «даоны» танып-білу мен оны ұстану арқылы іске асады. Конфуций мен Лао цзы «даоны» танудың бір-бірін толықтыратын моделдерін жасады. Конфуций үшін адамсүйгіштік пен адамның іс-әрекетін реттейтін ереже, ритуал «ли» басты және адам бойындағы табиғи-хаостық бастауды қатаң бақылауда ұстай білетін «текті ер» («цзюнь цзы») идеал болды. Конфуцийлік мәдениеттің басымдылығына (культуроцентризму) қарсы даосизм «табиғилықты ұстану» стратегиясын ұсынды. Барлық іс-әрекеттегі пиғыл мен мақсатты бағыттаудан бас тарту («у-вэй» принципі) данышпанға оқиғалардың жалпыәлемдік табиғи ритмі ретіндегі «даоға» қосылуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет