Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет160/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Кішібеков Досмұхамед – профессор, философия ғылымдардың докторы, ҚР ҰҒА академигі, 1925 жылы желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі станциясында туған. Шиелі қазақ орта мектебінен кейін 1942 ж. желтоқсаннан 1946 ж. қаңтарына дейін Кеңес армиясы қатарында азаматтық борышын атқарды. 1949 ж. қазан айынан 1953 ж. наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының «Философия» мамандығы бойынша КСРО Ғылым академиясына жолдамамен жіберілген, аспирант. 1953 ж. наурызында КСРО Ғылым Академиясында кандидаттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). 1965 жылдың қарашасында «Капиталистікке дейінгі өндірістік қатынастарды социалистік қатынастарымен алмастыру заңдылықтары туралы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). 1967 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді. 1972 жылы наурызында Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Философия» мамандығы бойынша мүше-корреспондент болып сайланады. 2003 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына академик болып сайланады. 1996 жылдан осы күнге дейін Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры. Ол 680 басылымдар авторы, оның 55-і кітаптар, кітапшалар, оқулықтар. Оның басшылығымен 18 адам кандидаттық, 5 адам докторлық диссертация қорғады. Д. К. ең алғаш қазақ тілінде жарық көрген «Философия» оқулығының жетекшісі, әрі авторларының бірі (1991 ж.). Оның Ұ. Сыдықовпен бірігіп жазған қазақ тіліндегі «Философия» оқулығы 2008 жылы 9-ші рет өңделіп жарық көрді. Ол «Ұлы Отан соғысында (1941-1945 жж.) Германияны жеңгені үшін» медалімен (1945 ж.), «Халықтар достығы» орденімен (1985 ж.), Академик С.И. Вавилов атындағы бүкілодақтық «Білім» қоғамының медалімен, ҚР Білім министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» (1995 ж.) медалімен марапатталған.

Кішіпейілділік – адамның моральдық тұрғыдан жетілген, кемелденген образын көрсететіп, оң рухани мәдениет деңгейін бейнелейтін этикалық категория. «К. – кісінің көркі», «К-тен кемімессің» – дейтін қазақ мақал-мәтелдері К. сияқты моральдық сапа адамның адамгершілік мінезін құрайтын басты атрибут ретінде қарастырады. К. қазақтың этноморальдық жүйесіндегі, адам мен адам қарым-қатынасындағы базистік қағида. К. адамзатына тән қарым-қатынас мықтылығын, адам мінезіне қатысты моральдық құндылықтардың тұрақтылығын және ақыл иегерінің ішкі рухани реттеуші күштерінің салмақтылығын көрсететін ұғым. Қазақтың «Ұлық болсаң кішік бол», «Сол дәулеттің тұсында, аспадым да, саспадым» (Есет би) – дегендер к-тің моральдық сапа болатындығын дәлелдей түседі. Хадис бойынша, К. көрсетілген құрмет болып табылады.

КЪЕРКЕГОР Серен (1813 – 1855) – философ, жазушы. К. шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалыптастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін-өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам К. ұғымы бойынша нағыз тұлға. К. танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз бақыттымын деп, бақытты бақытсызбын деп, ақиқат өтірік, өтірік ақиқат т.б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. К. адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. К-дің ғыл.-философиялық көзқарастары «Не анау – не мынау» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844), т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. К. еңбектері көптеген тілдерге аударылған.
Әдебиет: Кьеркегор. Болезнь к смерти. – М., 1993; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 418 с.; Әлемдік философиялық мұра. Т. 13. Алматы: Жазушы, 2006.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет