Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
НИГИЛИЗМ (лат. Nіhі – ештеңе) – мәдениет құндылықтарын, адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста филос. және этикалық Н. «уақыты өткен дәуірді» терістеу ретінде көрініс табады. А. Шопенгауэр нигилистік сипаттағы дүниеге толғаусыз қатынастың буддалық теориясын жасады. Ницше бұл теорияны өзінше қабылдап, Н-ді «барлық құндылықтарды қайта қарау» ретінде түсінуді ұсынды Ницше Н-ді христиан моралінің, гуманизмнің дағдарысы ретінде қарастырады М. Хайдеггер «Құдай өлді, Ницше сөздері» (1950) еңбегінде, Ницше нигилизмді тарих барысында жүзеге асқан процесс ретінде түсінеді – деп жазды. Ол бұл процессті жоғары құндылықтардың құнсыздануы деп қарастырады. Құндылықтарды қайта идеологиясы кейіннен француз экзистенциалистерінің (Сартр, Камю) тұлғадан тыс моральдық императивтерден арылу идеяларында өз жалғасын тапты.
НИЦШЕ Фридрих (1844 – 1900) – неміс философы,. «Өмір философиясының» негізін салушы ретінде белгілі. Оның батыс мәдениетінің генезисі туралы концепциясы философиялық («Трагедияның музыка рухынан туындауы», «Беймезгіл ойлар», «Заратустра осылай деді», «Антихристианшы» және т.б.) шығармаларында көрініс тапқан. Батыс мәдениетінің қайнар көзі – Грекия антикасы (Сократқа дейінгі кезең) деп таниды. Өйткені адамның өмір сүруін қамтамасыз ету жолында пайда болған бірегей болмыс , интеллект пен қиял символдары Апполон мен Дионистің тең құқылығы тек осы шынайы мәдениетте мойындалған. Ол мәдениетті «өмірге құштарлық», «билікке құштарлық» ұстындарымен салыстырады. Батыс философиясы мен мәдениеті болмыс қасіретінен жоғарылап, өмірдің кемелдеу формаларын жасайтын және өз әрекеттері үшін өзі жауап бере алатын «асқан адамның» тұлғасын жасайды. «Асқан адам» – қуаты дионистік және апполондық екі бастаумен толыққан өнердің трагикалық дәуірдің туындысы. Батыс мәдениеті дионистік бастауды «ақыл», құдай құндылықтарымен, яғни асқан апполондықпен басу жолымен дами бастады. Адамдардың табиғи күйі христиандардың, Құдай фикциясы, ол жаңа заманда – интеллект фикциясы тұрғысынан бұзылды. Мұның өзі, философтың ойынша батыс мәдениетін «Құдайдың қайтыс болуы» мен барлық құндылықтарды қайта бағалау туралы жар салған «еуропалық нигилизмге» айналған тұйыққа әкеліп тіреді.