Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет196/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

НОМАДОЛОГИЯ – қазіргі постструктурализмдегі жаңа бағыт. Бұл бағыттың қалыптасуы Ж. Делез бен Ф. Гваттаридің «Капитализм және шизофрения» (1972 – 80) атты еңбегіне байланысты. Н-ның басты ұстанымдары осы жұмыстың екінші томында баяндалған. 1972 жылы шыққан бірінші томы Анти-Эдип деп аталған еді. Екінші томды қалыптастыру барысында Делез бен Гваттари оған кіріспе ретінде «Ризома» деген жеке кітапша шығарды. Ризома постмодернисттік сананың бейнесі, ол – орталығы жоқ және кеңістік жайылған ау сияқты құрылым. Егер тереңде орныққан тамыр отырықшы мәдениетке тән болса, жер үстінде сусыған ризома көшпенділер мәдениетін бейнелейді. Себебі, көшпенділер кеңістікті бөлмей, кеңістікте бөлінеді. Н-дың бір біріне қарсы қоятын екі ғылыми нұсқасы компарс пен диспарс. Компарста ғылым объектісі өзгеріске түседі. Диспарс – көшпенділер ғылымының қағидасы – ешнәрсені өзгертпей, тұтас күйінде қабылдайды. Ол бір-біріне материя мен форманы емес, материал мен қуатты қарсы қояды. Көшпенді кеңістік үстінде көш түзейді, бірінші көштен екінші көшке іргерлейді. Бірақ бұл көштер алған бағытқа тәуелді, ал отырықшылар үшін белгілі орын өзіне деген бағыт қалыптастырады. Н. көне нұсқаның орнын ойлаудың жаңа нұсқасын қорғамайды, ол ойдың өзін көшпенді қылуға ықпал жасайтын әлеуметтік құрылымды көксейді. Мұндағы мәселе саясаттың көшпендіге тән ой еркіндігіне көтеріле алуында.

НООСФЕРА, ақыл-парасат сферасы – биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. Н. ұғымын ХХ ғ. 20 ж. француз философы, Э. Ле Руа енгізді. В. Вернадскийдің Ле Руа биосфера дамуындағы биохимиялық процесстердің маңызын негізге ала отырып өз еңбектерінде биосфераның Н-ға эволюциялануын дамытты. Ол, заттың жандануы мен адами мағына алуын, «жерді» геологиялық дамуының заңды кезеңдерін білуі және адамның бұдан кейінгі эволюциясы ой мен рух шешуші маңыз алатын дәуірмен байланысты деп пайымдайды. Араға ондаған жыл салып Н. теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарден іс жүзіне бір кезде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процессімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз-өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н-ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарының қамти отырып саналы түзеуі, ал Шарден пікірінше Н-ның бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып жоғары бағалады.


НЫСАНБАЕВ Әбдімәлік Нысанбайұлы (01.05.1937 ж. т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. Қарауылтөбе а.) – филос. ғыл. докторы (1977), проф. (1980), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі (1989), содан кейін акад. (2003), Ресей әлеуметтік ғылымдар және Украина саяси ғылымдар академияларының акад., Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясының шетелдік мүшесі және Түркия Республикасы Ататүрік мәдениет орталығының құрметті мүшесі, Бішкектегі Айтматов атындағы қоғамдық академияның академигі. Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1994), Қырғыз Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1995). Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін үш жыл сталиндік стипендиат болып бітірген (1960). Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары, Философия және құқық институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және әдіснамасы бөлімінің меңгерушісі, Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының Философия институтында аспирантурада оқыды, 1964 жылдың 24 желтоқсанында проф. И.В. Кузнецовтың ғылыми басшылығымен «Ақиқаттың табиғатын ашудағы сәйкестік ұстынының маңызы» атты тақырыпта мерзімінен бұрын кандидаттық, ал 1975 ж. «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың диалектикалық-логикалық ұстындары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ҚР Ғылым академиясының Философия және құқық институтының Философия және құқық институтының директоры (1990-1991), Философия институтының директоры (1991-1999), ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының директоры (1999-2011) болды. Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының сараптаушысы (1994-1996), Тәуелсіз елдің энциклопедиясын даярлау мақсатында Қазақ энциклопедиясының Бас редакторы қызметі қоса атқарылды. Академик Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның ұлттық энциклопедияның түбірінен жаңа алғашқы төрт томы даярланды. Н. үздіксіз философиялық және әлеуметтік-саяси зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы теорияны құрудың жаңа диалектикалық-логикалық тұжырымдамасы жасалды және жаңа интегралдық өзара түсінісу философиясы қазіргі көпэтностық қоғамның рухани келісімінің дүниетанымдық және әдіснамалық негізі екенін анықталды. Бұл үлкен философиялық жаңалық болатын. Бұрын айтылмаған философиялық пайымдаудың қазақ және түркі философиясы сияқты жаңа типтері анықталып және негізделіп, тәуелсіз елдің құндылықтар жүйесі қалыптасты. Н. Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықты (1974), Қазақ КСР-нің ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік (1984) және Түркия сыйлығын (1998), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын (1998), Моңғолияның «Дарын» компаниясының (1997) және Түркі әлемінің халықаралық сыйлықтарының лауреаты, «Достық» және «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдар мен құрметті профессор атақтарымен марапатталған. Қытайдың Хуажон ғылым және технология университетінің профессоры атағы берілді. 1991-2013 жж. аралығында 600-ден астам ғылыми еңбектер, олардың ішінде 37 ұжымдық және жеке монографиялар мен кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары бар. Көптеген еңбектері әлемнің 25 тілдерінде жарияланған. Философия мен саясаттану мамандықтары бойынша 67 ғылым докторлары, 99 ғылым кандидаттары дайындалды, Сөйтіп Ресейде, Қырғызстанда, Түркияда, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Иранда қызмет жасап тұрған халықаралық философиялық және саясаттанулық ғылыми мектеп қалыптасты. Н. Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті, ҚР БҒМ-нің Философия, саясаттану және дінтану институты директорының кеңесшісі. Ресейдегі «Социс», «Вопросы философии», «Философия образования», Түркияның, Американың, Әзірбайжанның журналдарының халықаралық редакциялық кеңесінің мүшесі,
Шығ.: Диалектическая логика. В 4-х томах. – Алма-Ата, 1985-1987 (в соавторстве); Диалектика и современная математика. – Алма-Ата: Казахстан, 1982; Диалектико-логические принципы построения теории. – Алма-Ата, 1973; Адам және ашық қоғам. – Алматы, 1998; Казахстан. Демократия. Духовное обновление. – Алматы, 1999; Глобализация и проблемы межкультурного диалога. – Алматы, 2004; Философия взаимопонимания. – Алматы, 2001; Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011; Соловьева Г., Колчигин С. Абдумалик Нысанбаев. – Астана: Елорда, 2001 (из серии «Жизнь замечательных людей»).


нысап. Ғылыми әдебиетке соңғы жылдары ғана ене бастаған, қазақ дәстүрлі әдебінде этикалық ұстаным ретінде қолданылатын ұғымдардың бірі – Н. Н. – әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол әділдікті, турашылдықты, уәдесіне адалдықты, өзінің және басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын мойындау мен құрметтеуді қамтиды. Н-тылық адамдардың іскерлік іс-қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен әрекеттерін қадағалап, әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар арасындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да Н-қа байланысты. Сондай-ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен әлеуметтік ахуалының үйлесуін, кісілігі мен оны бағалаудың құқылық және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттық ұғым түсінігіне сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің өз мүддесіне бағып әділдік, туралықты бұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа көзі тоймай алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды «Н-сыз» дейді. Сонымен, Н. кісіліктің өлшемі, адамдықтың құндылық деңгейіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет