Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет197/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267
НУС – (гр. nous – ақыл) – сана мен ойлаудың барлық актілерінің әлемдік жиынтығын білдіретін көне философиясының негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғым алғашқы да Анаксагор философиясында айқын көрінеді, онда ол формасыз материяны жасаудың және реттіліктің принципі ретінде айтылды. Бұл ұғым Платонда, әсісіресе Аристотельде идеалистік түсіндіруге ие болды, мұны адамның өзі мәңгі түсініп өтетін формалардың формасы еп ұғындырды. Бұл ұғым неоплатониктерде үлкен мәнге ие болды, олар оған аристотелизм негізінде барлық дүниені ұғындыратын және белгілі бір форма беретін ерекше бір сезімнен тыс болмыс деп түсініктеме берді. Демокрит Н- ты шар тәрізді от деп түсінді. Ол Фалесте де космологиялық мәнге ие. Н. көне материалистерде табиғат заңдарының жиынтығы немесе сезімдік материалдық формада елес беретін оның көзі болып табылады. Гносеологияда Демокрит Н- ты дәлдік принципі ретінде танымға абыржушылық пен ретсіздік әкелетін толқымалы сезімдік құлшыныстарға қарсы қойды. Көне Н. өзінен жеке алғашқылықты тапқан орта ғылымилық ілімге қарағанда өзіндік қасиеттен тыс, тіпті өзіндік қасиеті жоқ нәрсе.

обал және сауап. Көшпелі қазақ мәдениетінде «О.» және «С.» түсініктерінің моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бұл ұғымдар діни мазмұн шеңберінен шыққан. О. – жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, түбінде оның зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға, яғни жындыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау – О. Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де О. «Судың да сұрауы бар» дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін төгілген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен әдепсіздіктің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. Сөйтіп О. ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын алады. С. – бұл айналадағы жанды-жансыздың бәріне бірдей жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуте байланысты айтылатын ұғым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім-жесірге қарайласу, аяқ астындағы нан қалдықтарын көтеріп алу – бұл С. О. мен С. ұрымдары қазақ ырымдарында жан-жақты көрініс тапқан: «Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса – бас ауруға шалдырады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдырады деп пайымдайды». О. мен С. нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік көне нанымдар да жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет