Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
РАДЛОВВасилий Васильевич (1837 – 1918) – шығыстанушысы этнограф және археолог. Алтайға, Сібірге, Қазақстан мен Орта Азияға бірқатар экспедициялар жасады. Түркі халықтарының тілі мен ауыз әдебиетіне, этнографиясы мен археологиясына қатысты материалдар жинады. 1891 ж. Орхон экспедициясына жетекшілік етті, содан кейін дат ғалымы Томсенмен бірге көне түркі ескерткішінің мән-мазмұнын ашты. Ол көне қыпшақ ескерткішітерін, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білігін», Тоқтамыс, Темір-Құтылығтың жарлықтарын аударып, басып шығарды. Алғашқы болып қазақ ауыз әдебиетінің сұрыптамасын жасауды ұсынды, оның терминологиясын анықтады, дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларды ажыратты. Р. – түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізін қалаушылардың бірі. Ол «Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы» (1882), «Моңғолиядағы көне түркі жазбалары» (1894-95), «Түркі тілдері морфологиясы баяндауға кіріспе ойлар»(1911) атты еңбектер жазды, 4 томдық «Түркі атаулары сөздігінің тәжірибесі» (1882-1909) жарыққа шығарды. Бірқатар еңбектері түркі тілдерінің сұрыптамасы мен тарихи диалектологиясына, этногенезіне арналған.
РАМАЯНА, Р а м а ө м і р і – санскрит тілінде жазылған Махабхарта сияқты ұлы үнді эпостарының бірі. Поэма тарихын құрайтын тарихи оқиғалар шамамен б.э.д. XIV – XII ғғ.қамтиды. Эпостың ауызша пайда болуы туралы «Рамаяна» мәтінінде айтылады. Оның аңыздары ауыздан-ауызға беріліп лютноның сүйемелдеуімен айтылған. Оны алғашқы орындағандар Р-ның ұлдары – Куша мен Лава .»Р-ның» үнді дәстүрінде ерекше бағалатыны – жоғары әдеби құндылығы.Ал оның аты аңызға айналған авторы Вальмики – ұлы ақын деп танылған. Екі ғашық, Рама мен Ситаны күштеп ажырату – поэманың негізгі тақырыбы, ал сағыныш қасіреті – оның басты эмоциясы. Поэманың лирикалық сарынын күшейте түсетін тағы бір тәсіл – Айдохьи мен Ланки қалаларын суреттеу, ондаған табиғатты суреттейтін сюжеттер. Олардың әрқайсын эпикалық жырға тәуелсіз, кішкене лирикалық поэма ретінде қарастыруға болады. Вальиикидің «Р-сының» мазмұны мен негізгі сипаты сәйкес келетін Рама туралы қосынды поэма «Махабхартада» да бар.