Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет213/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


САНСАРА (санскр. sansara – шыр айналу, айналып оралу, иірім) – үнді философиясы мен дінінің (индуизм, буддизм, джайнизм) негізгі концепцияларының бірі. С. бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне айналу мүмкіншілігіне ие. С-ны мәңгілік қайта айналып келіп отыру идеясын жеткізетін ұғым деуге болады. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. С. концепциясы бойынша өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім – өмірдің басқа түрлеріне өту жолы.

Әдебиет: Бэшем А.Л. Чудо, которым была Индия. М., 1977.Неру Д. Открытие Индии. М., 1989.


САНТАЯНА Дж. (1963 – 1952) тегі испандық американ философ-жазушысы, сыни реализм өкілі. С-ның көзқарастарын Э. Гуссерль феноменологиясына жақындастыратын позициялардың бірі, оның шындық ақиқатын іздестірудегі «түбегейлі скептицизмі». Э. Гуссерльдің феноменологиялық редукционизміне келіңкірейтін «түбегейлі скептицизм» арқылы С. ақиқаттығы күдік тудырмайтын шындықты – «мән патшалығын», немесе Платонша «идеялар әлемін» негіздейді. С-ның түсінуі бойынша мәндер әлемі әркім үшін жеке дара, өзіндік ерекшелікті әлем. Сондықтан да С. өзінің философиясының негізгі категориялары ретінде шынайы және жалған болмыс категорияларын алады. Эмпирикалық заттар әлемін С. «хайуандық сенімге» негізделген жалған болмыс деп таниды да шынайы болмысты «алогикалық», «қисынсыз», «бейберекет» өмірден емес, мәндер әлемінен, шынайы құндылықтар мен моральдық нормалар әлемінен табады. Нақты шындықты «жалған, үмітсіз, мәнсіз, абсурдты, сүрең» деп анықтайтын С. үшін өмірден безіну, эскапизм (ағылш. «escape» – безіну, қашу) тән. С. болмыстың метафизикалық жүйесін құрды, эстетика, мәдениет және әдебиет саласында көптеген ізденістер жүргізді. Поэзия, дін мен өнерді адам іс-әрекетінің ең биік шыңы деп тапқан С. оларды күнделікті күйбең тіршілік қажеттілігіне ғана бағышталған ғылым-техника әлеміне қарсы қояды, сөйтіп «рух аристократиясын» жақтайды. Философияның мәнін әлемді теоретикалық тұрғыдан түсіндіруден гөрі әлемге деген моральдық – эстетикалық қатынасты қалыптастыруынан іздеу керек деп түсінген С. өз шығармаларының көбін шынайы адами құндылықтарға арнайды. Мыс., «Болмыс әлемдері» (1927) атты шығармасында С. моральдың үш деңгейін көрсетеді – ақыл-ойға дейінгі, ақыл-ойдан кейінгі және рационалды. Ақыл-ойға дейінгі мораль күйінде адамзат хайуани соқыр сенім ырқынан босай алмайды, сондықтан да өмір түгелдей дерлік беймазалық, есалаңдық жағдайда өтеді. Рационалды мораль тұрмысқа рет әкелгенімен де өзінің жеткіліксіздігін сездіреді. Ал пострационалды мораль деңгейінде ғана рух өзінің шынайы бостандығына ие болып, ізгілік, әсемдік пен жоғары құндылықтарды қалыптастыра алады. Маңызды құндылықтар қатарына поэзия мен дінді қойған С. олардың күнделікті өмір мен шындыққа «үш қайнаса сорпасы қосылмайды» деп біледі, өйткені поэзия мен дін адам рухының тереңінен туындайды әрі сол таңғажайып терең руханиятты танытады. С. бақытты рухтың тәннен, дүниеден және білімнен тыс болуымен байланыстырады. Әлеуметтік тақырыпқа жазылған «Үстемдік пен билік» (1951) атты еңбегінде С. қоғамның дамуын өзін-өзі сақтау, материалдық игіліктерге ұмтылу сияқты инстинктермен түсіндіреді.Өзінің ізбасарларынан тұратын дәстүрлі түрдегі филос. мектебі болмаған күнде де С-ның шығарм.-ы әлі күнге дейін көптеген ой ізденістеріне арқау болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет