Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет207/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   267


РЕНЕ Генон (1886 – 1951) – француз философы. 1912 жылы ислам дініне кірген. Интегралды дәстүр ілімінің авторы. Басты жұмыстары: Индуисттік ілімдерді зерттеуге жалпы кіріспе (1921), Теософия, немесе, бір жалған діннің тарихы (1921), Спириттердің қатесі (1923), Шығыс пен Батыс, Қазіргі әлемнің дағдарысы, Әлем падишасы, Рухани және уақытша үкімет, Крест символикасы (1931), Болмыс ахуалының көпнұсқалығы (1932), Шығыс метафизикасы (1939), Көп болу патшалығы және уақыт жорамалы (1945) және т.б. Г. ілімінше, гуманизмге және техникалық прогресске қарсы Ақиқат бір түптен шығып, кейін, даму емес, азу үстінде болған. Сондықтан ең игі мақсат, көп болу патшалығынан безіп, бұрынғы ақиқатты тірлікке жету ләзім. Міне, осы мақсатта бұрынғы дәстүрлі танымдарды зерттеп, оларды интегралды дәстүрге айналдыру керек. Бұрынғы тірлік руханилығы мол сана патшалығы болған. Кейін сол тірлік бұзылып, сана орнын сан басып, әлем көп болу патшалығына ауысқан. Абыл мен Қабыл деген шығармасында Г. осы көп болу әлемінің қарама-қарсы күштері ретінде көшпенділер мен отырықшыларды атайды. Бұл екі таным бір біріне тәуелсіз, бірақ көшпенділер бұрынғы бірлікке, біртұтас Ақиқатқа жақындау. Отырықшылар, керісінше, бұл идеяға қарсы шығып, әлемде шашырандылықты және көп болу нұсқаларын көбейткен. Осының нәтижесінде руханилық азайып, қазір жоқ болудың қасында. Кезінде Қабыл Абылға қалай зұлымдық жасаса, отырықшылар да көшпенділерді жоқ қылады. Міне, осы тұрғыдан Г. дәстүрлі қоғамға бірігуді көксейді. Іс жүзінде тарих қайталанбайды, мұндай қоғамға бірігу мүмкін емес. Сондықтан қазіргі метафизика күйреген заманда Г. идеялары, қанша білімге толы болса да, кертартпалық сипатта көрінеді. Мыс., шайтанның мұнарасы ретінде ол Кеңес Одағы мен Америка Құрама Штаттарын атаған.



РЕФЛЕКСИЯ (лат. Reflexio кейінге оралу)бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Әртүрлі филос. жүйеде Р-ның мазмұны бірдей емес. Локтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әректтеріне бағытталғанда Р. ерекше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін, Р. – адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмның ұйғарымынша, идеялар – сырттан қабылданбайтын әсерлерді Р-лау. Гегель үшін Р. – екі түрлі нәрсенің мыс., мән мен құбылыстың өзара бейнеленуі. «Рефлекстеу» термині сананы өз өзіне үңілдіруді, өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды.

РИМ КЛУБЫ жер жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдарын, саяси және қоғам қайраткерлерін біріктіретін халықтар, үкіметтік жүйеге жатпайтын ұйым. Р.к. оның алғашқы президенті болған итальян экономисі, қоғам қайраткері және бизнесмені А. Печчейдің (1908 – 84) бастамасымен ашылды. 1984 жылдан Р. к-ның президенті – фр. ғалымы А. Кинг. Р. к. заңды түрде Швейцарияда тіркелген. Оның мүшелері қандайда болмасын ұйымның не елдің мүддесін арнайы ұсынбайды. Оның атқару комитеті ұйымдық және үйлестіру қызметін жүргізеді. Р. к. жыл сайын жиналыстар, симпозиумдер, семинарлар өткізеді, саяси басшылармен және іскер дүниенің өкілдерімен әрдайым кездесулер ұйымдастырады. Р. к. қызметі қазіргі ғаламдық мәселелерді зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған және адамзаттық даму барысында кездесетін қиыншылықтарды түсінісуді, соған лайықты қоғамдық пікірге ықпал етуді өзінің мақсаты деп санайды. Р. к-ның ынта білдіруімен бірқатар зерттеу жобалары жасалынды; олардың нәтежиелері мәлімдеме ретінде жарық көрді. Солардың қатарында: «Өсудің шектері» 1972, (жет. Д. Медоуз); «Адамзат үшін мақсаттар» 1977, (жет. Э. Ласло); «Үйленудің шегі жоқ» 1979 (жет. Дж. Боткин, М. Эльманджра, М. Малица); «Үшінші әлем: дүниенің төрттен үші» 1980, (жет. М. Гернье); «Болашаққа апаратын маршруттар» 1980, (жет. Б. Гаврилишин) және т.б.

«РИГВЕДА» – үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуынша, оның жырлары б.з.д. XV-VІ ғ. шамасында келген.Егер «Веда» үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, «Р.» – жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген. Бірақ «Р.» құдайларды жырлауға арналған мінәжәт ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап, жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан «Р-да» Авестамен ұқсастық көп.

РИКЕР ПОЛЬ – француз философы, феноменологиялық герменевтиканың өкілі.Р.тұлға – философиядағы іргелі ұғым болып табылады, онда мәдени мәндерге бастау беретін мағыналар бар деп түйіндейді. Р. адам мәдениетінің кез-келген құбылысының индивидуальды тілекте орын алған және қанағаттану тәсілінде ұялаған тарихы бар деп санайды. Сонымен қатар кез-келген мәдениет құбылысында адам субъективтілігінің болашаққа ұмтылуы көрініс табады, өйткені ол қасиеттілікке ұмтылу мен шартталған. Ол адам тәжірибесінің бастапқы шарты тілдік тәжірибе – қабылдауды, талап-тілекті, елесті (елестеуді) «сөзбен жеткізу» болып табылады деп санайды. Сондықтан мәдени шығарм. әрқашан рәміздік сипатта болып келеді. Тіл шындықты қайтара (екінші) түсіну болып табылады, бірақ болмысқа тиесілі нәрсе – тек тілде ғана бейнеленеді. Р. онтологиялық герменевтикасы тіл мәселесін тіршілік ету мен байланыстырып, тілге дейінгі тіршілікті түсінуге, адамның «екінші дүниені» жасауының құралы – тіл екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Р. метафора теориясын жасады. Метафора сөздерді фразаларға біріктірудің, олардың орнын ауыстырудың нәтижесінде туындайды. Метафора тілде алғашында болмайды. Бұл тұрғыда адамның тілдік тәжірибесінде метафораның пайда болуы адамның жалпы шығарм.-қа қабілеттілігін көрсетеді. Р. герменевтиканың міндеті – индивидтің белсенді әрекетіне негізделген тарихи-мәдени шығарм-тың субъектісі ретіндегі адам рөлін негіздеу деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет