Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Психология смерти и умирания. Минск, 1998; Розин В.М. Смерть как феномен культурно-антропологического и эзотерического осмысления. / Введение в культурологию. М., 1997



бет232/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   267

Әдебиет: Психология смерти и умирания. Минск, 1998; Розин В.М. Смерть как феномен культурно-антропологического и эзотерического осмысления. / Введение в культурологию. М., 1997.



ТАНТРИЗМ (санскр. тантра – орағыта айту, айла-әдіс; киелі мәтін; сиқыр) – өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің секталары мен мектептерінің жалпы атауы. Т-ге төмендегідей қасиеттер тән: секта құрамында төмен және ең төмен касталардың басым болуы; сектада арийлық емес тайпалардың өкілдерінің кездесуі; секталардың және олардың ғұрыптарының құпиялығы (эзотерикалығы); әдет-ғұрыптарының йогалық тәжірибемен байланыстылығы; брахмандық рәсімдер мен мораль нормаларымен шектелмеу; әйелдік жыныстық энергетикалық бастама туралы мифологиялық көзқарас. Т. философиясы бойынша әлем психикалық белсенділік бар болғандықтан ғана өмір сүреді. Психикалық энергия сөнетін болса онда әлем революцияға ұшырап, өзінің әуелгі «түксіз, бос» күйіне көшеді. Әуелгі күй жағдайында барлық қарама-қайшылықтар, себеп-салдарлық байланыстар, уақыт-кеңістік өлшемдер жойылады. Адам микрокосмос болғандықтан космостың, ғаламның барлық қасиеттерін өз бойына жинақтаған, тіпті адам анатомиясы да ғалам анатомиясын қайталайды. Адамның іс-қылығы мен физиологиясы да эволюция мен революцияға ұшырауы мүмкін.

Әдебиет: Пятигорский А.М. Материалы по истории индийской философии. М. 2012



Таным теориясы, гносеология (гректің gnosis – таным және logos – ілім сөздерінен), эпистемология – философияның тарауы (философиялық дисциплина), зерттеу пәні ретінде танымның жеке формалары емес, біртұтас танымның өзі алынатын теория. Таным процесінің мәні және оның жалпы механизмі, танымның мүмкіндігі мен шекаралары, алғышарттары, жалпы негіздері мен әлеуметтік-мәдени детерминанттары қарастырылады. Таным теориясының басты мәселесі – білім мен шындықтың арақатынасы және онымен тығыз байланысты ақиқат, оған жетудің жолы, формалары және тәсілдері, рационалдылық пен иррационалдылық, таным мен түсінік, білім мен сенімнің өзара байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет