Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет67/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Шығармалары: Бор Н. Избранные научные труды. В 2-томах. – Т.1. Статьи 1909-1925. М.: Наука, 1970. 583 с.; – Т.2. Статьи 1925-1961. М.: Наука, 1971. 675 с.

БОРЫШ – адамның қоғамдық пікір және ішкі қозғаушы күштердің ықпалы негізінде қоғам, ұлт, әлеуметтік топ, ұжым алдындағы азаматтық міндеттерін білдіретін этикалық категория. Б. адамға міндеттер ретінде танылатын және оларды мүлтіксіз орындау оның ішкі моральдық қажеттігі болып табылатын қоғам, ұжым тарапынан қойылатын талаптардың жиынтығы. Б. талаптарында қандайда бір әлеуметтік топтың мүдделері көрініс табады. Сол жалпы мүдделерді қабылдап мойындауы және оны индивидтің ішкі қажеттігіне айналуы, оны өз жауапкершілігіне алып, жанашырлық танытуы және олардың жеке мүддеге кіріктірілуі борыштық сана мен сезімнің пайда болуына әкеледі; әлеуметтік талап адамның ішкі моральдық сапасына айналады, жеке адам үшін шартты әлеуметтік мінез нормасына ауысады және сол әлеуметтік топтың немесе бүтіндей халықтың қоғамдық санасында бекіп орнығады.
Қазақ даласы өркениетінде Б. елдің, жұрттың, бүкіл әлеуметтің алдындағы азаматтық парызбен, жауапкершілікпен, адамгершілік мінезбен байланыстырылды. Мыс., оны «Е,е, қарағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі – ел нәсібі, ел нәсібі – ер нәсібі… жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар» (Арыстан би), «Бәрінен жолдас-жорамен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз десіп, сүрген өмірге не жетсін» (Бөлтірік шешен), «Ай мұсылман, жарандар, малыңнан зекет беріңіз, аз өмірдің ішінде, тату бол да тәтті бол» (Қабан би), «Жалғанды ойлап тұрсаң бірлік керек» (Төле би), «Елдің тұтастық бірлігі – жаныңнан, сағыныш қызуы – қаныңнан» (Шоған би) деген шешендік нақылдар әлеуметтік бірлік пен тұтастықты сақтау борышын атқару болып тұрған «елдің бірлігі, бидің білігі емес пе» (Бөлтірік) дейтін ішкі биік мәдениет соның дәлелі. Жеке адамның ішкі мәдениеті мен ішкі рухани болмыстық моральдық сапасына байланысты. Бұдан қандайда бір адамның азаматтық, кісілік, адамгершілік тұрғыдағы жетілу дәрежесі, оның өз парызы мен қарызы, міндетін терең түсіну деңгейі көрініс табады. Азаматтық борышын өтеу ердің Отан, халық алдындағы парызын адалдықпен орындау азаматтың толысып, рухани жетілгендігінің, ерлік кемеліне келгендігінің белгісі. Оны «Ер жігіт өзі үшін туады, елі үшін өледі», «Ел ауырын ер көтереді», «Ер – елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы» (қазақ мақалы) дегендер мақұлдайды.

Бохеньский Юзеф (J. M. Bochenski) – (1902 – 1995) Польша елінің философы, Швейцарияда атақты философ болған, Фрибург университетінің профессоры. Ғылыми жолы – Львов университетінен басталған, сол жерде ол 1920-1926 жылдар аралығында экономиканы және құқықты зерттеген. 1927 жылы доминикан орденінің мүшесі болған, 1 жылдан кейін Фрибургта философияны зерттеуге кіріскен. 1931 жылы философия ғылымының докторы атағын алған. Төрт жыл бойы Римнің Ангеликум университетінде теологияны зерттеумен айналысқан.
Онтологияның негізгі мәселесі – бұл материя мен нысанның (форманың) арақатынасы. Бохеньский нысандардың төрт түрін атап көрсеткен: органикалық емес дене, өмір сүру, жануардың болмысы, адамның болмысы. Адам жаны мәңгілік өмір сүреді. Адам мақсатын біледі, таңдауды жасауға қабілетті. Сондықтан ол Жер бетіндегі неғұрлым толық өмірге ие. Гносеологияда Бохеньский екі принципті дәлелдеген – интеллигибельділік (ақыл-ойдағы дүние) принципі және қоса қатысу (ат салыстыру) принципі.
Ю.Бохеньскийдің ғылыми қызығушылықтары кең ауқымды мәселелерді қамтиды, шығармашылығы халықаралық деңгейде танымал. Философия, логика, дін философиясы бойынша бірнеше еңбектердің авторы.
Әдебиет: ХХ ғ философия. Әлемдік энциклопедиясы. Москва-Минск, 2002.

БОЭЦИЙ, Аниций Манлий Северин (шамамен 480 – 524 жж.) – римдік философ және мемлекет қайраткері. Римде ауқатты отбасында дүниеге келді, оның әкесі 487 жылы консул болды. 510 жылы оның өзі остготтардың королі Теодорихтің тұсында консул болды. Кейінірек византиялық император Юстинианмен келісіп, бүлік ұйымдастырмақшы деген айыппен Тицин (қазіргі Павия) түрмесіне қамалып, 524 жылы өлтірілді.
Б. «соңғы римдік және бірінші схоласт» (М. Грибман), «ортағасырлықтың негізін қалаушы» (Э. Рэнд) деп саналады. Ол грек философы-неоплатонигі Б. шығармаларын аударды, Цицеронның «Топикасына» комментарий жазды, логика, математика және музыка мәселелерін қарастырған бірқатар шығармалар қалдырды. Оның «Философиямен жұбану» атты еңбегі ортағасырларда кеңінен танымал болды. Б. антик дәуірдің рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы, антикалық интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуатты транслятор болып табылады. Ол аристотельдік ілімнің ұғымдық аппаратын рухани тасымалдап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі сипатын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Құдіретті Құдай, Оның Ұлы және Қасиетті Рух арақатынастары), субстанция және акциденция мәселелері. Оның іліміне сәйкес, субстанция – бұл барша атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктердің негізі. Егер субстанция – заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.

БРАХМАНИЗМ – ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни-философиялық жүйе. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын сөздердің, табиғаттың поэтикалық бейнелерінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Б.з.б. ІХ ғ-дан бастап Ведаларға түсіндірмелер – упанишадтар маңыздылығы арта түседі. Упанишадтарда Брахман және Атман идеялары кеңінен көрініс таба бастайды. Б. – абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәніде осы Б-да. Атман – осының тұлғалық мойындалуы. Б-да о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше бұл дүниеде күнәһар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер – жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар – қаршығаға, астық ұрлаушылар – сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер – ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брахмандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі ұстай білуі, мейірімді болу және т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналды. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтары тағдыры анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет