Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет75/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ГАРМОНИЯ, үйлесімділік (грек. harmonіa – сәйкестік, келісім, үндестік) – белгілі бір тұтастықтың бөліктері мен элементтерінің бірегейлігі, бірге әрекет етуі, өзара үндестігі. Адамдық сезім және мағыналықпен толықтырылған үйлесімділікті әсемдік деп атайды. Г. хаос, ретсіздік, жүйесіздік ұғымдарына қарсы бағытталған. Жалпы тіршілік пен адамзаттың қалыптасуын хаостан Г-ға өту деп бағалауға болады. Антикалық мәдениетте Г. әлемдік әмбебапты дүние құрастырушы принцип түрінде қабылданады. Натурфилософтар макроғарыш пен микроғарыштың (адамдық әлемнің) үйлесімдігін басты ұстанымға айналдырған. Платон бойынша, үйлесімділік ізгілік пен әсемдіктің негізгі белгісі болып табылады. Гераклит үйлесімділік арқылы қарама-қарсылықтар бірігеді деген. Жалпы антикалық мәдениетте адам мен полис, тән мен жан, адам мен табиғат арасындағы Г-ны жоғары бағалау тән. Қайта өркендеу мәдениетінде Г. гуманизм аясында қарастырылды. Лейбниц бүкіл әлемге тән үйлесімділік туралы жазды. Қазіргі мәдениеттануда Г. принципі жалпы адамдық мәдениетті бейнелеуде кең қолданыс тауып отыр.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

Гартли, Хартли (Hartley) Дейвид (30. 8. 1705, Армли, – 28. 8. 1757, Бат), ағылшын ойшылы, ассоциативті психологияның негізін салушылардың бірі. Священниктің ұлы, Кембриджде теологияны оқыған, кейін медициналық білім алып дәрігер болып қызмет еткен.
Г. адамның жүріс-тұрысын басқару үшін психикалық процестердің нақты заңдарын анықтауға талпынып, ол үшін Ньютон физикасының принциптерін қолдануға тырысты. Г. пайымдауына сәйкес сыртқы эфирдің сезім органдарында, мида, бұлшық еттерде осындай вибрацияларды тудырады. Ал бұлар қарапайым сезінуден бастап ойлау мен ырыққа дейінгі психикалық құбылыстардың реті мен байланыстарына паралельді қатынаста болады. Локк ілімін басшылыққа ала отырып, Г. алғашқы болып ассоциация механизмін психикалық әрекетті түсіндірудің әмбебапты принципіне айналдырды. Г. сәйкес адамның психикалық әлемі біртіндеп бастапқы элементтердің күрделенуі нәтижесінде қалыптасады. Дамудың қозғаушы күштері – ләззат алу мен азап шегу. Жалпы ұғымдардың қалыптасуында Г. осылай түсіндіреді: олар өзгеріссіз қалатын ассоциациялардан барлық кездейсоқтық пен маңызды еместің ажыратылуы барысындағы жалқылардан қалыптасады; ой қорыту факторы болып табылатын сөз арқылы тұрақты белгілердің жиынтығы тұтастық ретінде сақталады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004, 418 с.

Гартман (Hartmann) Николай (20. 2 1882, Рига – 9. 10. 1950, Гёттинген), сындарлы (немесе жаңа) онтологияның негізін қалаушы. Басында неокантшылдықтың марбургтық мектебінің ізбасары болды, бірақ бұл мектептің субъективизміне («методологизміне») көңілі толмаған Г. Э. Гуссерльдің және М. Шелердің ықпалымен болмыс туралы аристотельдік-схоластикалық ілімнің модернизациясы болып табылатын онтологиялық концепцияны қалыптастырды («Онтология негіздеріне» – Zur Grundlegung der Ontologie», 1935; «Онтологияның жаңа жолдары» – «Neue Wege der Ontologie», 1942 ). Г. сәйкес болмыстың құрлымы қатпарлы және сондықтан сапалы тұрғыда әртүрлі төрт қатпардың неорганикалықтың, органикалықтың, жанилықтың және руханилықтың иерархиясы ретінде қарастырылуы тиіс. Әртүрлі қатпарлардың тіршілік ету формасы мен категориялдық құрылымы сәйкес келмейді, мысалы, имматериалды қатпарлар (рух, психикалық) тек уақытта ғана тіршілік етеді. Жоғарғы қатпарлардың әрқайсысы төменгіден тамыр алғанымен, толығымен ол арқылы анықталмайды. Болмыстың төменгі формалары өздерін өзіндік бекемдеуде белсенді, ол жоғарғылар өздерін танытуда үлкен бостандыққа ие. Г. түпкілікті философиялық мәселердің шешілуі мүмкін емес депсанады. Этикада Г. Шелердің ізінше мәңгілік «этикалық құндылықтар» теориясын дамытты. Г. үшін бұл саладағы негізгі мәселе құндылықтар мен ырық еркіндігі, олар екі түрлі пәрменділіктің («детерминациялардың»): идеалды (ырық үшін бағдар болып табылатын құндылықтардың) және реальды (құндылықтарды іске асыратын ырықтың) арақатынасы ретінде қарастырылады («Этика» – «Ethik», 1926).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет