Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет70/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   267
Әдебиет: «Таң» журналы, 1925, №1 – 4, С. Негимов, М. Жармұхамедұлы. XVIII – XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары, А., 1962.

БІРЛІК – қандайда бір әлеуметтік бүтіннің құраушы элементтері арасындағы өзара қарым-қатынасты, өзара ықпалды байланысты талдауға негізделе отырып, қоғамдық өмірдің дамуының бүгіні мен ертеңін анықтауды көздейтін әлеуметтік философиялық категория. Б. – қоғамның ішкі тұтастығы мен тұрақтылығын, оны құраушылардың өзара үйлесімділігі мен жарасымдылығын, қауымдық ынтымақтастық пен татулықты, әлеуметтік бүтіннің мықтылығы мен қуаттылығын анықтайтын және оларға негіз болатын тұғырнамалық мазмұн. Түркілік Б. философиясына зейін аударсақ, Орхон-Енисей жазбаларында Тоныкөктің (646-731 жж.) түркі қағанатының ішкі тұтастығын ел Б.-не тиянақтағанын байқауға болады. Оған жазбадағы: «…Менің ақылгөй Тоныкөктің ой-пікірін тыңдады да айтты… Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым» –деген жолдар кепіл. Күлтегін (684-731 жж.) де түрік қағанатындағы «інілі-ағалының дауласқанын, бекті халықтың жауласқанын» көріп күйзеліп, өзіне: «Біз не үшін күрестік? Мемлекетіміздің құрып бара жатқанын көру үшін бе?» –деп сұрақ қойып, түркі халқының бірлігін сақтап, тату-тәтті болып Б-те өмір сүруге шақырады.

БЭКОН (Bacon) Роджер (1214 ж.ш., Ұлыбритания, Ильчестер – 11.6.1292, Оксфорд) ағылшын философы, жаратылыстанушы, францискалық монах. Оксфорд ун-ін бітіргеннен кейін сонда оқытушы болып істеді. 1277 ж. астрологияны қорғағаны үшін франциска орденінің қуғындауына ұшырады. Б. абстрактылы әрі негізсіз теориялық болжамдарды сынға алды. «Үлкен еңбек» (Opus majus), «Кіші еңбек» (Opus minus), «Үшінші еңбек» (Opus tertium) деп аталатын шығармалардың авторы. Б-ның пікірнше, ақиқатты тану, білім және жат жерлер мен белгісіз халықтарды зерттеу тәжірибеге негізделуі керек.
Нақты тәжірибеге негізделген білім принципін ұстана отырып, Б. оптика мен механиканы («практикалық геометрияны») дамытуды насихаттады, математиканы барлық ғылымдардың «есігі мен кілті» деп есептеді.
Әдебиет: Southem R.W., Westem views of Islam in the Middle ages, Cambridge, Massachusets, 1962; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979.

БЭКОН (Bacon) Фрэнсис (22.1.1561, Ұлыбритания, Лондон – 9.4.1626, Хайгет) – ағылшын философы, ойшыл. Атақты «Жаңа Органон» трактатының (1620) авторы. Табиғат күштерін, заңдылықтарын танып-біліп, оларды іс жүзінде қолдануда ғылым ерекше орын алады деп білді. Б. ғылым дауының алғышарттарын: 1) схоластиканы сынау және бұрынғы ілімдердің ақиқаттығына күмән келтіру; 2) ақыл-ойды адасудан, қателіктен, жалған бейне – идолдардан («әулет идолы», «үңгір идолы», «алаң идолы», «театр идолы») тазарту; 3) ғылым жетістіктерін дұрыс түсіндіре алмайтын аристотельдік силлогистиканың орнына индуктивтік жаңа теорияны қолдану арқылы ақиқатқа жету деп негіздеді. Б. табиғатты тану негізінде мәдениетті мақсатты түрде өзгерту адамзаттың басты мүдделерінің бірі деп түсінді. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп-табынушылық сияқты жалған көзқарастардан аулақ болып, танымның ақиқатқа белсенді әсер ететін, соның арқасында табиғат алдына қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алуға мүмкіндік беретін тәжірибе екендігін түсінуі керек. Б. нақты шындық – білуге болатын жеке денелер ғана, ал жан, рухты, т.б. ғыл. тұрғыдан тануға болмайды деді. Б. дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетуіне болады деп пайымдады.
Әдебиет: Бейсенов Қ., Философия тарихы, А., 1992; Философия және мәдениеттану, А., 1998; Әбішев Қ., Философия, А., 1998.

ВАРВАРЛЫҚ (грек. Barbarоs тағылық) – 1) ХІХ ғ. қоғамтануындағы (Л.Морган, Ф.Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы орта дәуір (тағылық, варварлық, өркениет); 2) астарлы мағынасында – әсіре қатігездік, мәдениетсіздік. Ежелгі гректер мен римдіктер В. деп түсініксіз тілде сөйлейтін барлық бөтен адамдарды атаған. Гегель айтқандай, варвар жалқау келеді және мәдениетті адамнан өзгешілігі алдына жайбарақат және топастықпен қарауында, өйткені, мәдениет іс жүзінде әрекет етуге әдеттік пен мұқтаждық арқылы анықталады. В-ландыру деп, әдетте, антикалық мәдениеттің біртіңдеп құлдырауын, оның эстетикалық үлгілерінің қарапайымдалуын (схемашылдық және гигантомания), формализм мен эклектиканың өрістерін айтады. Б.э.д. ІІІ ғ. бастап провинциялардың романдануы басталды, бұл римдіктердің жергілікті «В.» халықтардың арасында сіңіп кетуіне әкелді. Нақтылы алғанда В. қоғамдық тұтастық пен тұлғаның арасындағы үйлісімділіктің бұзылуынан бастау алады. Рим империясының соңғы ғасырларында антикалық қалалық мәдениеттің құлдырауы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет