Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет265/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Эстетиканың басты функциясы – адам өміріне эстетикалық көзқараспен қарау немесе эстетикалық өлшем енгізу. Э-лық өлшем – адам болмысы мен санасының ерекше түрі, рухани кеңістіктің ерекше деңгейі мен көрінісі. Мәдениеттің тарихында Э-лық сана, Э-лық тәжірибе, Э-лық қызмет туралы бұрыннан пікірталас тудырды. Бірақ Э. білімнің арнайы саласы ретінде кейін, ХVІІІ ғ. қарастырыла бастады. «Э.» терминін алғаш қолданып, арнайы талдай бастағандардың бірі неміс философы А. Баумгертен болғандай. Ол өзінің «Aestnetica» атты кітабында (1750 – 1758) Э-ны «сезімдік білім туралы ғылым», көркемдік шығармашылықтың философиясы, сезімдік және рационалды танымның тұтас теориясын құрайтын «танымның төменгі, жетілмеген теориясы» деген түрлі мағынада қолданады. Адамның индивидуалды және әлеуметтік болмысы әр сәтте түрлі кеңістікте – экономикалық-шаруашылық, саяси-құқықтық, идеологиялық-психологиялық, адамгершіл деңгейде өтіп жатады. Дүниеге, өмірге деген Э-лық көзқарас дегеніміз оған құмарта, сүйіспеншілікпен, жан дүниесінің тебіренісімен қарау немесе жалғандықты қабылдамау, терістеу; дүниемен үйлестікті жан-тәнімен тебірене қабылдай отырып, субъект пен объектінің, ішкі мен сыртқының, адам мен табиғаттың айырмашылығы мен қайшылығына айрықша мән бермей, оларды материя мен оның формасына ендіру; көрікті де келбетті болмыспен іштей сұхбатта болу; шындықтың идеалды түрін игеру және оған объективті сипат енгізуге талпыну; қабылдамақ затқа ынта-ықыласты әрдайым ояту, құлшындыру Объективті дүниедегі, қоғамдық қатынастағы адам өмірінің ортақ сипаттары мен заңдылықтары, олардың өзара байланысы – философиялық зерттеудің проблемасына жатады..
Э-лық толғаныстар туралы мәліметтерді ертедегі, яғни бұдан 2,5 мың жылдардан бұрынғы қытай, үнді, антика ойшылдарының шығармаларынан кезіктіреміз. Олар табиғат пен адам өмірінің көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл күйлерге – таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен әлемде ерекшелетіндігін байқаған. Күнделікті тіршіліктегі тебіреніс-толқулардың қайнар көзін пайымдаған адам, а) бірде «сұлулық», «әсемдікке», бірде «трагедиялық», «комедиялық» жәйттерге айрықша назар аударған, б) бірде сезімдік тартылыстың жағымды/жағымсыз жақтарын талдауға мән берген.
ЮМ Дейвид (26.4.1711, Эдинбург, Шотландия, – 25.8.1776, сонда) – ағылшын философы, тарихшы, экономист, публицист. Ю. жаңаеуропалық агностицизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. 1739 – 40 ж. «Адам табиғаты жайлы трактатын» жариялады. Отанында Ю. «Эссе» (1741) атты қоғамдық-саяси, моральдық-эстетик. және экон. тақырыпқа арналған еңбегімен, ал, Францияда «Діннің негізгі тарихы» шығармасымен кеңінен танылды. Психик. детерминизм тұрғысынан ерік-жігер бостандығын жоққа шығарып, Беркли дамытқан субстанция сынын қолдана отырып, рухани субстанция ұғы-мын сынады. Социологияға байланысты пікірлерінде Ю. «билік құдайдан» деген ежелден келе жатқан идеяға да, мемлекеттің шығуына байланысты өз заманындағы басқа пікірлерге де қарсы болды. Ю-нің пікірінше қоғам отбасылардың ұлғайып өсуімен пайда болған саяси билік немесе халық бағынып үйренген «әскери билік». Оның заңдылығын билікте ұзақ уақыт тұруымен және жеке меншікті қорғай білуімен анықтауға болады. Ю-ның позитивистік идеяларының ықпалымен ХІХ – ХХ ғ-ларда эмприокритицизм, неопозитивизм, лингвист. философия сияқты позитивистік ілімдер дамыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет