Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
ЯН мен ИНЬ – дәстүрлі қытай мифологиясының һәм философиясының басты космологиялық түсініктері. Бұлардың ең жалпы мағынасы, Я. – аспани дүниеге сілтесе, И. – жердегі әлем. Бұлардың қосарланған болмысы және жұп жазбауы бүкіләлемдік процесстердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Я. мен И-ге дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар И. менен Я. Төмендегідей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарқын, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте-бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Я. мен И. – жеңіл аспани және ауыр жер субстанциясы. Әсіресе, Я. менен И. қарым-қатынасын және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпы мен қатар жалқыны да қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы «И-Цзин» (Өзгеріс кітабы) құрылған. Барлық әлемдік даму Я. менен И. қарым-қатынасынан туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Я. тұтас горизонталды, ал И. үзік сызык ретінде бейнеленеді. Олардың жұптары 64 гексаграммаға біріктіріледі. Гексаграммадағы әрбір сызық оқиғаның дамуын көрсетеді. Я. менен И. байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісі мен болашағын тануға талпынған. Себебі Я. мен И. космос пен адамзаттың барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш ци-ге ықпал ету арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қоснұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама-қайшы күштердің қарым-қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап, оның саяси-әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді.Іс жүзінде мұнда ешбір метафизикалық түсініктің нышаны да жоқ. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі И-Цзинның өте үлкен беделділігі Я. менен И. ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.
ЯСПЕРС Карл (1883 – 1969), неміс ойшылы және психиатры, экзистенцияшылдар ілімінің белді өкілі. Оның түсінігінше, экзистенциализм – біздің нақты болмысымыз және трансцендетті ұмтылыстарымыз арасындағы, ғылым мен дін арасындағы айырмашылық. Білімнің таным ісіндегі жеңілісі, адамзат талпынысындағы бақыт ұғымының жеңілісі – нақты жоруы жұмбақ құдайы белгілер. Я. бұрынғы ақыл күшіне сүйенген ойшылдар зерттемеген азап, айқас, күнә, өлім ұғымдарын зерделейді. Адамаралық қатынастарды ол махаббатты қастандық деп атайды.Белгілер ілімі мен діни сезімінде Я. философиясы шарықтау шегіне жетеді. Я. әсіресе «Тарихтың мағынасы мен мәні» деген 1949 жылы шыққан тарихтану еңбегі құнды. Адам мен тарих адамзат болмысының негізқалаушы өлшемі. Бұл тұрғыда Я. басты ұғымы ситуация: тарихтың белгілі сәтіндегі қайталанбас оқиғалар легі тарихтың сол дәуірдің өзгешелігін құрайды. Тарихты ғылым арқылы болжаудың мүмкін еместігін дәлелдей отыра, Я. әлемдік процесстің нақты болмысын негіздіген төрт кезеңді атап өтеді. Я-ше, бірінші екі кезеңде адамзатта тіл, еңбек құралдары мен от тұтату қабілеті пайда болған. Осы жаңалықтардың нәтижесінде Үндістан, Мысыр, Бабыл мен Қытайда б.з.д. үшінші-бесінші мыңжылдықтарда биік мәдениет өркендейді.Үшінші кезең – кіндікті уақыты, немесе, пайғамбарлар дәуірі (б.з.д. VІІІ – ІІ ғғ.). Адамзат өзін өзі ұғып, өзінің мүмкіндіктерімен қатар, жауапкершілігін сезініп, жергілікті тарихтан әлемдік тарихи кірігуге көшеді. Төртінші кезеңде (XVІІ – XX ғғ.) Еуропада ғылыми-техникалық цивилизация қалыптасады.Егер Я. саяси-этикалық ізденістеріне келсек, 1946 жылы ол неміс ұлтының тарихи күнәсін мойындаған «Күнә туралы мәселе» еңбегін шығарады, 1958 ж. шыққан «Атом бомбасы мен адамзат болашағы» жұмысы соғыстан кейінгі салқынқабақтықтың мәдени-психикалық маңызын зерделейді, 1967 жылы шыққан «Германия қайда барады?» кітабы ГФР өміріндегі авторитарлық қаупіне тоқталады.
Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, мәдениеттану профессоры. Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. Т.Х. Ғабитов 1971 жылы ҚазҰУ-нің философия-экономикалық факультетін үздік бітіріп шықты. Кандидаттық (1977), докторлық диссертацияларын (1997) ҚазҰУ-де қорғады. «Құрмет» орденімен марапатталған. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының (2007), Қазақстанның білім мен ғылым саласына қосқан көрнекті үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның, ҚР-ның «Үздік авторы» конкурсының, Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты. Т.Х. Ғабитовтың «Мәдениеттану» оқулығы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің конкурсында «Қазақстан он жылдығының үздік кітабы» (2001) атанды, бұл кітап «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап жәрмеңкесінің лауреаты (2006) болды. «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» (2008), «ҚР ғылым саласына қосқан үлесі үшін» (2007), А. Байтұрсынов атындағы (2004) медальдардың иегері. Т.Х. Ғабитов мемлекетімізде алғаш ұйымдастырылған мәдениеттану кафедрасын басқарды (1991-1995), Ауғанстан Республикасына Кабул Университетінің кеңесшісі (1986-1988) ретінде жіберілді. Ол 200-ге жуық жұмыстың авторы, олардың 50-і жеке және ұжымдық монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары; жалпы көлемі – 600 б.т. Т.Х. Ғабитовтың «Қазақ философиясы» (Алматы: Раритет, 2010, 17 б.т.) және «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі» (Алматы: Қазақ Университеті, 2012, 25 б.т.), «Казахи: опыт культурологического анализа» (ГФР: Ламберт, 2012, 24 б.т) атты монографиялары республикамызда кең танымал. 7 философия ғылымдарының докторы, PhD докторы (Мүтәліпов Ж., Абирова Б., Сатершинов Б., Затов Қ., Жолдубаева А., Мұқатаева А., Сүлейменова Ж.) және 30 философия ғылымдарының кандидатын дайындады.