Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет44/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АТРИБУТ (лат. attribuo – қосамын, үлестіремін, қасиет) – белгілі бір объектінің қажетті, мәнді ажырамас қасиеті. Мысалы созылу, салмақ, түр-түс және т.б. – материалды заттардың А. болып табылады. Логикада А. деп сөз болып жатқан жайтқа байланысты мақұлданатын не терістелетін нәрсені айтады; А-ың маңызды немесе маңызды емес, қажетті немесе кездейсоқ болуы да мүмкін.
А-сыз заттың болмысының айқындалуы, танылуы, тіпті болуы мүмкін емес. Кезінде Аристотель тұрақты А-тың кездейсоқ, өтпелі күйден ерекшелігін айқындап, заттың өткінші уақытша құбылысын акциденция деп атады. Декарт А. субстанцияның негізгі қасиеті деп санады. Сондықтан да, Декарт философиясында материалдық, заттық, денелік субстанцияның негізгі атрибуты – созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу болса, рухани субстанцияның атрибуты – ойлау болып табылады. ХVIII ғ. философ-материалистері материяның басты А. кеңістікте созылу мен қозғалыс деп тұжырымдайды. Диалектикалық-материалистік философияда кеңістік пен уақыт, қозғалыс, сондай-ақ, жүйелілік пен бейнелеу материяның атрибуттары деп танылды. Заттарға тән қасиеттерді білдіруде А. ұғымы қазіргі заманғы философияда да (философиялық антропология, неотомизм, персонализм және т.б. бағыттарда) кеңінен қолданылады. Мысалы: шындықтың бес А.-ы анықталып көрсетіледі, олар: энергия (қозғалыстың қайнар көзі), кеңістік (созылу), уақыт (өзгеріс), сана (белсенді түрде бейнелеу), және форма (ұйымдастыру, құрылым).
Исламдық танымда А. ұғымы «исм» (есім), «сифа» (сапа, қасиет), «уасф» (сипаттау) терминдерімен берілген. Ортағасырлардағы мұсылман философиясында А. мәселесінің екі түрлі аспектісі қарастырылған. Бұл бір жағынан Құдай, Бастапқы Мән, Бастапқы Баршылық және т.б. сипаттағы дүниені жаратушы алғашқы түпнегіздің А-тары мәселесіне байланысты болып келеді. Мұнда А. ұғымы Бастапқы түпнегізді түсіну және оның өзі жаратқан дүниесімен байланысын бейнелеуге қатысты қолданылады. Мәселенің екінші қыры дүниедегі жаратылған заттардың атрибуттары тұрғысынан туындайды. Бұл жағынан алғанда А.- р мәселесі категориялар (макулат), және предикаттар (махмулат) туралы сауалдарға жақын келеді. Ал, мұсылмандық перипатетизмде бұл екі мәселе де бірлікте қарастырылады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.

АУГУСТИН Әулие Аурелий (354 – 430) христандық теолог, «шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Антикалық мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді. А. жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден-бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ, оларға үйреніп, жақын көруге болмайды. А. Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. А-нің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәhарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. А-нің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет