Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет47/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Ашық қоғам ұғымы Карл Поппер философиялық мұрасының бөлігі. Егер о баста ол тоталитарлық қоғамға қарама қарсы ұғым ретінде көтерілсе, кейін еркіндікке жетудің қоғамдық шарттарын әйгілеу үшін пайдаланылды. Ерікті қоғамдар ашық қоғамдар болады. Ашық болғанда, өзгерістерге ашық. Поппер бойынша, Мәңгілікке берілген, еш өзгеріске түспейтін ақиқат бұл дүниеде жоқ. Бұл дүниедегі бар нәрсенің бәрі алдымен қателесіп, сосын қатені түзеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан Платон, немесе Маркс секілді ешбір қоғамды өркениеттің шыңы, немесе ақырғы жетістігі деп атауға болмайды. Осындай бірізділікке талпынған социалистік қоғам да, фашистік Германия қоғамы да күйреді, мінеки, осындай ұлы қателердін дұрыс нәтиже шығара білу керек.
Қоғам әрқашан өзгеруге тиіс, бірақ қоғамды күштеп емес, сайлау өткізу арқылы күштемей өзгерту керек. Міне, қате түзету дегеніміз осы. Билік өзгеруге тиіс, бірақ зорлық арқылы емес. Сол кезде ғана әрбір қоғам өз өзін реттей алады. Поппердің философиясы бойынша әрбір идея алдымен гипотеза ретінде ұсынылуға тиіс, тек оның жалғандағы толық расталғанда ғана өзге теорияға көшуге болады.
К. Поппердің «А. қ. және оның жаулары» (1945) кітабында айтылғандай, алдымен тәжірибе жасап, сосын жіберген қателерін мойындаған қоғам ғана ашық деп аталады. Бұл жұмыстың басты бағыты классикалық авторларға қарсы шығу. Бірінші томның бір тарауының аты «Платонның қиялы», ал екіншісі «Сәуегейлік ағындары: Гегель және Маркс» деп аталады. Мәтіндерді аса зейінді пайымдау арқылы Поппер Платон, Гегель және Маркс идеалды мемлекеттерінің тирания, немесе дамуға жат қоғам ретінде зерделейді. Демек, А.қ. қоғам концепциясы Поппер қалыптастырған білім философиясын әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыстарға қолдану. Ешнәрсені толық білу мүмкін емес, бәрі тек болжамды. Болжамның кейбіреуі қате болуы мүмкін, осы қате болжамдарды қарастыру білім дамуына әсер етеді. Сондықтан ең басты нәрсе осы қайта қарастыру мүмкіндігі әрқашанда сақталуға тиіс, сонда ғана қоғам алға жылжиді. Мұндай қоғамның басты құндылықтары плюрализм және мультимәдениеттердің тең хұқықтығы.

ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәрәкұлы (16.02.1933 ж.т. Павлодар обл., Май ауд., Майтүбек а.) – белгілі ғалым-философ әрі қоғам және мемлекет қайраткері; философия ғыл. докт. (1968), профессор (1970), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (1983), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993). 1954 ж. ҚазМУ-дің философия факультетін, 1958 ж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу МУ-нің аспирантурасын бітірген. 1958 – 84 жж. Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарады. 1984 – 1986 жж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің акад.-хатшысы, 1986 – 1996 жж. ҒА-ның вице-президенті болды. 1990 ж. Қазақстан Жоғары Кеңесінің халық депутаты, 1994 ж. ҚР тұңғыш Парламентіне депутат болып сайланды. 1995 жылдан ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президент жанындағы адам құқықтары бойынша комитеттің төрағасы болды. 2005 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің профессоры. Ә. Қазақстанда әйгілі диалектикалық-логикалық философиялық мектептің негізін қалаушы, ХХ-ХХІ ғғ. тоғысындағы бүкіл әлемдік философияның көрнекті өкілдерінің бірі. Оның басқаруымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ондаған ғылыми монографиялар (солардың ішінде «Диалектикалық логика» атаулы 4 томдық іргелі еңбек) жарық көрді, ғылым докторлары мен кандидаттарының қуатты жаңа легі дайындалды. Ә. парламент депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуына, жаңа Конституциясының қабылдануына, саяси және құқықтық реформалардың іске асуына, мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа танылуына өз қомақты үлесін қосты. Ә. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының (1994), Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықтың (1974) лауреаты. Екінші дәрежелі Барыс, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Шығ.: Проблема начала в теоретическом познании. Алматы, 1967; Диалектико-логические принципы построения теории. Алма-Ата, 1973 (А.Н.Нысанбаевпен бірге); Диалектика Канта. Алма-Ата, 1974; Формирование логического строения мышления в процессе практической деятельности. Алма-Ата, 1981 (Қ.А. Әбішевпен бірге); Диалектическая логика. В 4 кн. Алма-Ата, 1985-87 (ұжымдық еңбек); Логико-гносеологический анализ науки. Алма-Ата, 1990 (ұжымдық еңбек); Логика конкретного понятия. Алматы, 2005 и ж.т.б.

ӘБІШЕВ Қажымұрат (1931 ж.т., Қызылорда обл., Сырдария ауд., «1-май» с-зы) – филос. ғыл. докторы (1985). Қызылорда пед. нн-тін бітірген (1951), профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. 1974 жылдан бастап ҚР ҰҒА Философия институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. Ә.Қ. қазақстандық философиялық мектептің, диалектикалық логика мектебінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның ғылыми зерттеулері тұлға, еркіндік, құндылық және шығармашылық сияқты маңызды философиялық мәселелерге арналады. Ә.Қ. адам, тұлға, құндылықтар мәселесі, жаттану, еркіндік сияқты адам болмысының терең әрі күрделі мәселелерді көтереді. Ә.Қ. қазақ және орыс тілдерінде жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап, «Философия» оқулығын жазды. 2011 жылы «М.Шоқай: әлеуметтік-философиялық ойлары» атты монографиясын жазды. 16 кітаптың авторы, олардың барлығы Қ.Ә. зерттеулерінің нәтижесі, олар Пхеньян, Тегеран, Варшава, Москва, Киев, Парижде өткен ғылыми форумдар, конгрестер мен симпозиумдар, конференцияларда баяндалды. Ә.Қ. «Әлеуметтік философия», «Батыс философиясының антологиясы» сияқты кітаптардан бастап әлемдік философия мұрасын қазақ тіліне аударумен айналысып келеді. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Платон, Аристотель, Гегель, Кант, Сартр, Хайдеггер сияқты философтардың еңбектерін қазақ тіліне аударды. 2011 жылы «Таңдамалы» туындылары жарық көрді, оның ішінде жеке шығармаларымен қатар ең негізгі аудармалары да жинақталған. Ә.Қ. ондаған ғылыми-зерттеулер жобасының жетекшісі болып, іргелі зерттеулер жүргізді. 2011 жылы «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
Еңбектері: «Человек. Индивид. Личность» (1978), «Развитие общественных отношений и категорий мышления» (1981), «Логика свободы и логика отчуждения», «Тоталитаризм как форма отчуждения» (1996), «Проблема специфики индивидуального развития» (1998), «Человек в мире отчуждения» (1996), «Трансформация системы образования. Взгляды философов» (2000), «Отчуждение и проблемы экологии» (2002), «Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы свободы» (2007).

ӘЖЕНОВ Матиполла Салахаденұлы (15.11.1932 ж.т., Атырау обл., Теңіз ауд., Кудряшов с. – 2011, Алматы) – филос. ғыл. докторы (1974), проф. (1976). ҚазМУ-ді бітірген (1955). 1955 – 1960 жж. Атырау педагогикалық институтының (қазіргі Атырау мемлкеттік университеті) оқытушысы, 1963 – 1978 жж. Астрахан, Атырау педагогикалық институттарының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, 1978 – 1983 жж. ҚазМУ-дың жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, 1983 1985 жж. ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы, 19851994 жж. ҚазМУ-дің Біліктілікті жетілдіру институтының директоры; 1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біліктілікті жетілдіру институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды. 4 ғылым докторы мен 32 ғылым кандидатын дайындаған. Негізгі ғылыми-зертеу саласы – қоғамның әлеумметтік құрылымы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Негізгі еңбектері: Изменение социально-классовой структуры Казахстана в процессе коммунистического строительства. – Алматы, 1973; На пути к социальной однородности. – Алматы, 1986; Социальная стратификация в Республике Казахстан. – Алматы, 1997.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет