Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Ғылыми мұрасы. 
М.Әуезовтің ғылыми зерттеулері әрдайым маңызды. 
Ғалымның «Әдебиет тарихы» 1927 жылы Қызылорда қаласында жарыққа 
шықты. Бұл еңбегінде ғалым М.Әуезов қазақ әдебиетінің тарихын тереңнен 
бастап, ғылыми түрде жанрларға жіктеді. Қазақтың жан дүниесі сақтал-
ған рухани мұраларын зерделі оймен талдады. Ұлт тарихында «зар заман» 
атанған дәуір бар, сол зар заманның өкілдерін Асан қайғыдан бастап, Бұ-
қар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы 
туралы жазды. Алайда кітап кеңес билігінің талабымен түгелге дерлік 
жойылып, қырқылған күйде ғана жарық көрді. Өйткені қазақтың мұңын 
мұңдаған ақын-жыраулардың толғауларындағы елдік рух, тәуелсіздікті 
армандау кеңес билігіне ұнамады. «Әдебиет тарихының» толық нұсқасы 
тек 1991 жылы жарық көрді. 
Мұхтар Әуезовтің абайтану саласына қосқан еңбегі ұшан-теңіз. Ұлы 
ақын туралы ол атасы Әуез Бердіұлынан естіп өсті. Өйткені атасы Әуезді 


107
Құнанбай Өскенбайұлы Арқат тауының солтүстік өңіріндегі өз қонысынан 
көшіріп, жанына алдыртқан. Солайша Әуез бен Абай іргесі айырылмаған 
сырлас, сыйлас дос болды. Мұхтар Әуезов жақыннан естіп-білген құрметті 
ақынның мұралары мен оған қатысты мәліметтердің ұлт үшін маңызды 
екенін түйсініп өсті. Нәтижесінде тұңғыш ғылыми еңбек «Абайдың туы-
сы мен өмірі» деген атаумен 1933 жылы Қызылорда қаласында шыққан 
шығармалар жинағында жарияланды. Мұхтар Әуезов бүкіл өмірін Абайды 
зерттеуге арнады деуге болады. Бүгінде оның зерттеулері абайтанудағы 
маңызды ақпараттар қоры болып есептеледі. Көрнекті жазушының «Абай 
Құнанбаев» деген атаумен шыққан монографиясы 1967 жылы жарық 
көрді. Бұл жинақта М.Әуезовтің Абай Құнанбайұлы туралы зерттеулерінің 
бәрі топтастырылған. Сондай-ақ жазушы көркем шығармалары арқылы 
дана тұлғаның дара бейнесін сомдады, оның заманын, қоғамға сіңірген 
еңбектерін пьеса, либретто, т.б. салалар бойынша танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет