Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Драмалық шығармалары.
Жазушының отыздан аса драмалық шы-
ғармасы бар. Ең алғашқы трагедиялық шығармасы – «Еңлік – Кебек». 
Пьесаның алғашқы нұсқасын 1917 жылдың жазында Шыңғыс тауының 
бөктеріндегі Ойқұдық жайлауында жастар қойған. Еңлік, Таңшолпан
Қалампыр рөлдерінде жігіттер ойнады. Бұл тұңғыш спектакльді сахналау 
үшін екі киіз үй тігілген. Бір киіз үй сахнаның қызметін атқарса, екінші 
киіз үй – көрермендер залы. Сахналық бұл ойынды автордың өзі жүргізді. 
Ал екінші рет сахналағанда, пьеса өңделіп, Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек 
Аймауытовтың бірлескен сәтті еңбегі болып шықты. Бұл жолы, яғни 
екінші рет сахналануы 1922 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлік 
қызметімен жүзеге асты. Бұдан кейін Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебек» 
пьесасы 1933, 1944, 1958 жылдары және бұдан кейін де қазақ сахналарын-
да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 
Мұхтар Әуезовтің әр туындысы біз үшін қымбат. Жазушы фольклор-
ды жақсы білді және қазақтың тарихындағы елеулі оқиғаларды сахналық 
өнермен бір ауқымда танытуды да мақсат етті. 
«Хан Кене» трагедиясы – прологі бар, бес пердеден, қырық жеті көрініс-
тен тұратын пьеса. Мұнда қазақтың Кенесары ханның соңғы кезеңі бей-
неленген, яғни қазақтың үлкен арманы бар, ұрпаққа айтар аманаты бар. 
Пьеса XX ғасырдағы 20-жылдардың соңына қарай жазылған, көп қиын-
дықпен 1934 жылы сахнаға қойылды. Алайда сол бойда тыйым салынды. 
Содан тек 1981 жылы қайта жарық көрді. 
«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы. 
«Абай жолы» кітабымен алғаш 
танысқан үлкен жазушылар, қоғам қайраткерлері бірден жоғары баға 
берді. Мәселен, француз жазушысы Луи Арагон: «XX ғасырдағы ең ұлы 
шығармаларының бірі», – десе, неміс әдебиетшісі Альфред Курелла: «Сіз 
«Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз ештеңе де оқымағансыз. Бұл – ақыл 
жетпестей ғажап дүние!» – деген. 
«Абай жолы» эпопеясының өзі ғана орыс тілінде отыз рет жарық көрді. 
Мұнан басқа да көптеген шет тілдерге аударылды. 
М.Әуезов Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 
үлкен көркем туынды жазуды 1937 жылдан бастаған. Әрине, бұл еңбекті 
жазудан бұрын ол алдын ала көп зерттеген. Алғашында, яғни 1918 жылы 


109
«Абай», «Таң» журналдарында Абайдың өлеңдерін, нақты айтқанда, 
«Абайдың Әбдірахман деген баласы өлгенде, жоқтап айтқан өлеңдері», 
«Абайдың кейбір өсиет сөздерін» жариялатқан. 
XX ғасырдың 30-жылдары кеңестік саясаттың таптық көзқарасты бір-
жақты ұстанғаны белгілі. Соның кесірінен Абай Құнанбайұлына деген көз-
қарас дұрыс болмай, әртүрлі сөздер айтылды. Осындай сын сәтте М.Әуезов 
қаймықпай, «Абай» трагедиясын жазу арқылы ұлы ақынды қорғай білді. 
Ол өз шығармасында Абай Құнанбайұлын өнерге, мәдениетке ұмтылған 
прогрестік бағыттағы тұлға ретінде суреттеп, лайықты бағалаудың қалып-
тасуына өз үлесін қосты.
Ал «Абай» романының 1-кітабы 1942 жылы, ал 2-кітабы 1947 жылы 
жарық көрді. Осы еңбегі үшін жазушыға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік 
сыйлығы берілді. Кейін бұл еңбегі толықтырылып, төрт кітаптан тұратын 
«Абай жолы» роман-эпопея деңгейіне жеткенде, жазушыға 1959 жылы 
Лениндік сыйлық ұсынылды. Бүгінде бұл роман-эпопея әлемнің 116 тіліне 
аударылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет