Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


III бөлім ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ



Pdf көрінісі
бет29/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

III бөлім
ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ
Ғасырлық туынды деген сөз қолданысы шартты түрде алынған, әйтпесе 
«Абай жолы» роман-эпопеясы – мәңгілік әдеби мұра. Қазақ бар кезде ол 
қасиетті төрімізден түспейді. Өйткені «Абай жолы» өз оқырманын тапқан. 
Сондықтан «Абай жолының» мәңгілік өмірін жасау – өз қолымызда. Бұл – 
біздің парызымыз. 
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
(1897-1961)
Назар аудар!
7-сыныпта Мұхтар Әуезовтің өмірімен танысып, «Көксерек» повесін оқы-
ғандарыңды еске түсіріңдер.
 
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, 
дүниежүзі әдебиетіндегі алып тұлға. Ол – Қазақ-
стан Ғылым академиясының академигі, филоло-
гия ғылымдарының докторы. Сондай-ақ ол көп-
теген халықаралық марапаттың иегері. 
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 
қыргүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облы-
сының Қасқабұлақ мекенінде дүниеге келген. 
Бүгінде бұл жер – Абай ауданында. 
Атақты жазушы 1961 жылы 27 маусымда 
ауыр науқастан Мәскеу қаласындағы аурухана-
да өмірден өтті. 
Мұхтар Әуезов алғашқы білімін 1908 жылы 
Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде 
алып, кейін білімін орыс мектебінің дайындық курсында, Семей қалалық 
бес кластық орыс қазына училищесінде, қалалық мұғалімдер семинария-


106
сында жалғастырған. Ал 1919 жылы 4 желтоқсанда Семейде большевиктер 
билігі орнап, М.Әуезов Семей губерниялық ревкомының жанынан ашыл-
ған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шыға-
рушысы қызметтерін атқарды. 
Сосын Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік универси-
тетінің тіл-әдебиет бөлімінде 1923-1928 жылдары оқыған. Ал 1924-1925 
жылдары Семейге келіп, мұғалімдер техникумында оқытушы болған және 
Семей губерниялық комитетінің органы – «Таң» журналының редакторы 
қызметін атқарған. 
1928 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде Шы-
ғыс факультетінің аспирантурасына қабылданған және сонда Қазақ ағарту 
институтында сабақ берген. 
Жазушының тағдырында үлкен белес бар, ол Алаш қайраткерлерімен 
жақын араласқан, идеялас болған. Сол үшін М.Әуезов 1930 жылы 16 қыр-
гүйекте қамауға алынып, түрменің азабын көрді. 1932 жылы сәуір айында 
үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан, 
бірақ маусым айында түрмеден босатылды. Оның босатылуына кешірім сұ-
рап жазған хаттың ықпалы болды. Аға буын алашшыл тұлғалар қазақтың 
болашағы үшін жас Әуезовтің сақталуы керек екенін ойлап, осы қадамды 
жасауына ақыл-кеңес берген. 
1943 жылдың қыргүйек айынан бастап Алматыдағы Қазақ мемлекеттік 
университетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасында өмірінің соңына дейін ұс-
таздық етті. Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 
Мұхтар Әуезов атындағы аудитория бар. Елімізде жазушының есімімен ата-
латын көрнекті орын көп. Бұл – халқымыздың көрнекті тұлғаға құрметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет