Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет31/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Шығармалары. Прозасы.
Қазақ прозасы, негізінде, XX ғасырдың 
20-жылдары дамып, қалыптасты. Әрине, 1910 жылы жарық көрген 
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» – алғашқы роман, Сұлтан-
махмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» 
(1913) романдары Қазан төңкерісіне дейін жазылған, ал осыдан кейінгі 
прозалық шығармалардың кең ауқымға көтерілуіне Сәкен Сейфуллин, 
Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовтің қосқан үлесі, еңбектері ерекше. 
Өткен ғасырдың 20-жылдары М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1926), «Қор-
ғансыздың күні» (1927), «Қилы заман» (1928) повестері жарық көрген. 
Бұдан басқа «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінәлі», т.б. әңгімелері бар. 
«Қилы заман» 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының деректері бо-
йынша жазылды. Кеңес кезіндегі коммунистік идеология бұл шығарманы 
орысқа қарсы жазылған шығарма ретінде оқуға тыйым салды. Жазушы 
көзі тірісінде оның қайта басылып, халқымен қауышқанын көре алмай 
кетті. Ал, шындығында, «Қилы заман» патшалық отаршыл саясаттың 
кесірінен қазақтардың жан-жаққа тарап (Қытайға көшуіне), сол жолда 
көрген азапты суреттеген еді. 
Ал «Қараш-Қараш» оқиғасы бойынша, Бақтығұл күнкөріс үшін ұр-
лық жасап, кейін Жарасбай болыстың барымташысы болып жүріп, еркін 
өмірді аңсайды. Ол Жарасбайға байланып қалғанын кеш түсініп, ақыры, 
оны өлтіріп тастайды. Оның бұл әрекетінде әділетсіздікке қарсы күрес, на-
мысқойлық, жігер жатыр. Ол түрмеге түскен кезде қасына баласы Сейітті 
алып, оны білім жолына бағыттайтыны айтылған. 
Повестің басты кейіпкері – Бақтығұл, ал оның прототипі – Тұрар 
Рысқұловтың әкесі Рысқұл Жылқайдаров. Ол, шынында да, болысты 


108
өлтіргені үшін 1905 жылы он жылға сотталған, осылайша қазақ жерін-
де жергілікті халық көрген әділетсіздіктер көркем шығармаларға арқау 
болды. Жалпы, тарихи шындықты жаза отырып, XX ғасырдың 20-жылда-
рында «Қараш-Қараш» кейіпкері Бақтығұл, «Қилы замандағы» Ұзақ, Жә-
меңке, Серікбай, Әубәкір бейнелері арқылы қазақ прозасында прогресшіл 
бейнелерді қосуымен де әдебиетті дамытты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет