Р кі мифологиясы



Pdf көрінісі
бет194/202
Дата07.02.2023
өлшемі28,58 Mb.
#65748
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   202
Байланысты:
түркі мифологиясы

ЭРЭКЭ-ДЖЭРЭКЭ­ – «жетпіс қыз», «тоқсан сәнденген жігіт» ағаштар 
мен шөптердің иелері, Ан дархан хотунның балалары. Кейде Эрэкэ-джэрэкэ 
Ан дархан хотунның талабы бойынша жаңадан туылған сәбилердің тағдырын 
шешіп отырған.
ЮВХА­ ПЕРІ­ – өз сұлулығымен көптеген ер адамдардың назарын 
аудартады, болашақ күйеуіне бірнеше шарт қояды, мысалы, оның шаш 
тарағанын көрмеу керек, арқасын сипамау т.б. Бұл шартты бұзған күйеуі оның 
арқасының жылан қабықты екенін және шашын тараған кезде басын қолына 
алып отырғанын көреді. Сол кезде күйеуі оның көзін жоймаса, ол күйеуін жеп 
қояды екен.
ЮРЮНГ­АЙЫ­ТОЙОН «ақ жаратушы мырза» – якут мифологиясындағы 
әлемді Жаратушы, жоғарғы Құдай, жоғарғы әлемде өмір сүретін Айыы 
Құдайларының басшысы. Ол қымбат терілерге оранған, ыстық пен жарықты 
дүниеге әкелген сыйлы ақсақал. Юрюнг айы образы адам кейпіндегі күн 
болуы да мүмкін. Вилюйстік якуттарда Юрюнг айы тойон екі аппақ күні бар 
ең жоғарғы аспанда өмір сүреді деген түсінік болған. Юрюнг айы тойон оларды 
орнынан қозғалтып, үшіншісін жаратқан, якуттарға жарық түсірсін деп оны жер 
мен көктің арасына ілген. Юрюнг айы тойонның әйелін Кун кубэй хотун «күн 
шуақты мейірімді ханым» деп атаған.
ЯДА – көне түркі мифологиясындағы сиқырлы тас, оның көмегімен ауа 
райын, жауын-шашынды шақырып немесе тоқтатуға болады. Бір жерлерде 
Яда шамандар (қам) делінсе, екінші бір зерттеулерде оның шаманмен қатысы 
жоқ. Бір аңызда, Яда тасын Яфеттен Оғыз-хан алған екен. Басқа ортағасырлық 
нұсқада оғыздардың ата-бабалары жауын тастарын жануарлардан тартып 
алған деседі. Яда туралы қырғыздардың мифінде сол тасты қой не сиырдың 
асқазанынан табуға болады-мыс.


~ 395 ~
ҚЫСҚAШA ТЕР МИНОЛОГИЯ ЛЫҚ 
AНЫҚТAМA
Aнт­ро­по­мор­физм (грек. anthropos aдaм, тогр һе – формa, пі шін) – 
aдaмзaттық, хaлық тық дү ниетaнымдaғы жaрaты лыс иеле рін (құдaйды, пе ріш-
те лер ді, мaл-жaн иеле рін), тaбиғaттaғы нәр се лер ді (ғaрыш тық, геогр. объек ті-
лер ді, жaн-жaнуaрлaрды, өсім дік тер ді, т.б.) aдaмғa ұқсaту құ бы лы сы, өнер де гі 
көр кем дік әдіс. 
Aни­мизм – рух тың мaғынaлaры мен бaстaпқы тү сі нік тер дің не гі зі. Ол 
aдaмның іш кі жaн-дү ниесі нің по ли мор физ мі турaлы ұғым ды ту дырaды, дү ние- 
жү зі хaлықтaры ның ми фо ло гия лық мә де ниетін де бұл ке ңі нен тaрaлғaн.
Aңыз­– aуыздaн aуызғa түс кен нaқты оқиғaлaрдың сипaттaмaсы. Осы се-
беп ті шын дық aздaп бе зен ді рі луі мүм кін, кей бір фaнтaстикaлық эле ме нт тер ді 
қосaды. Біз дің уaқы ты мыздa aңыздa жaқындa өт кен өте тaнымaл aдaмғa aй- 
т ылaды: aңызғa aйнaлғaн ән ші лер, рок-топтaр, бокс шылaр жә не т.б. 
Aрхе­тип­(грек, агсһе – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа. 
Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Архетип 
жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың 
нәр алатын бастауына жатады.
Ге­ро­дот – ежел гі дәуір де гі грек тaрих шы сы, «тaрих тың aтaсы» деп 
тaнылғaн жиһaнкез. Ол шaмaмен б.з.б. 484–425 жылдaры Кі ші Aзиядaғы 
Кaликaрнaс қaлaсындa өмір сүр ген. Ге ро дот жaс ке зін де көп жер лер ді aрaлaғaн, 
Қaрa те ңіз ге де йін жет кен. Ге ро дот көр ген, ес ті ген, оқығaн мaте риaлдaрын 
жинaқтaп, aртынa «Тaрих» aтты үл кен ең бек қaлдыр ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет