Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқыдағы сыңары басыңқыда айтылған іс-әрекеттің, оқиғаның орындалу уақытын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Мезгіл
бағыныңқылы сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқыда
хабарланған ойдың қай мезгілде орындалғанын немесе қашан
орындалатыны туралы білдіріп тұрады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан? қашанға дейін? қашаннан бері? қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары төмендегідей:
1. Есімшеден жасалады: шапшаң қайнаған шай Абайлардың алдына жасалған кезде, киіз есік шалқасынан ашылып еді (М. Әуезов).