82
өзара салыстырыла айтылатын салаластың түрі салыстырмалы
салалас сөйлем деп аталады. Салыстырмалы салалас сөйлемдер
да, де, ал
жалғаулықтары арқылы жасалады. Мысалы:
Бұлақ жақ қабырға биік шілік
те, тау жақ қабырға күргейлене біткен қалың тобылғы. Сен тауға біткен
терек ең, мен қырда өскен қызғалдақ ем. (М.Мағауин).
Көп компонентті салалас сөйлем. Салалас сөйлемнің құрамы үнемі
тек
екі сөйлемнен құрала бермейді, одан да асып түседі. Егер салалас
сөйлемнің құрамында кем дегенде үш
сөйлем болса, онда ол көп
компонентті салалас сөйлем болады. Мысалы:
Ағайын алмай бірлік қылса
керек еді, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан
тілемейді, шаруа іздемейді (Абай).
Кей жағдайда көп компонентті салалас сөйлемнің баяндауыштары бір
сөздің қайталануы арқылы да жасалады. Мысалы:
Жұмыс көп,
қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп (Ғ.Мұст).
Көп компонентті салалас сөйлемдерде
ойдың мазмұны толығырақ
беріліп, ой ашыла түседі. Өйткені олардың әрқайсысы бірін-бірі
толықтырып отырады:
Байлау біреу-ақ: не Абайды аман шығарып ап, күле
жайнап бәріміз елге қайтамыз, немесе Базаралы бас қияды да, осыдан ел
бетін көрмей айдауға кетеді (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: