71
қайтадан Колпоковский көшесін орайды. Осы Селскиймен тартып барып,
ақ шеркеудің алдындағы алаңда, мал базарында тоқтайды.
Көпшілік сол хабарды естіген соң, енді жорғалардың бәйгесін
көмбеде көргісі келді.
Әредікте, әсіресе ақ түйме, сұр шинельдерімен гимназия оқушылары
көбірек байқалады. Әр кеңсенің сарала түймелі чиновниктері де
әйелдерімен көріне түседі. Бірақ бар жиында ең қалың молшылық, сарала
қылыш асынған қызыл-сары тоқыма баулары айқыш-ұйқыш салбыраған
полицейлер, урядник, стражениктер. Осылар ерекше көп көзге түседі.
Олардың төрелері, жандарм офицерлері де жиі байқалады (М.Әуезов).
3-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі бірыңғай
мүшелердің жасалу жолдары бойынша өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен
мына фактілермен, мысалдармен
дәлелдей аламын ……»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім ....».
Достарыңызбен бөлісу: