Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет158/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   180
«АБАй» ЭнцИКлОПЕДИяСынДА 
ЖАРИялАнғАн ғылыМИ-ТЕОРИялыҚ 
МАҚАлАлАР 


330
Абай тілінің зерттелуі
Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі 
тұрғыдан зерттеледі. Бірі – қаламгердің қолданған тілінің даму 
барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, 
екіншісі – оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге 
де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан 
қарастыру керек, өйткені ол – әдеби тілде дайын тұрған қалып-
нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы 
қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді ба-
стаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер.
Қай тұрғыдан болса да, Абай тілін өз алдына сөз ету оның
туындыларын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір мезгіл- 
де, бірдей қарқында емес. Ең алдымен, ақын шығармашы- 
лығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, 
сол мазмұнның сыртқы көрінісі – тіліне үңілу содан кейін ба-
сталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы жылдарын-
да басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы 
тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты 
түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық 
дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды.
1901 жылы қазақ даласынан жиналып, орыс географиялық 
қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың 
төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады 
аңға», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, 
қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі 
қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материал-
дарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс 
түркологы П.М.Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе 
де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, 
олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэ-
зиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан тұңғыш рет арнайы 
пікір айтқан – Ә.Бөкейханов. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің» 
1913 жылғы 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген 
көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша 
мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С.Торайғыров 
«Айқап» журналының 1913 жылғы 22-23- сандарында «Қазақ 
тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол 


331
тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де 
азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары 
қояды.
Ақынның 1922-1923 жылдардағы шығармаларының тіліне 
қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің 
түсініктемесін Абайдың 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер 
жинағына редакция атынан берілген ескерту сөзден және татар 
ғалымы А.Сағдидың «Ақжол» газетінің 1923 жылғы бірнеше 
санында басылған мақаласынан табамыз.
Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-
бағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың 
екінші жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген 
пікірталастар кезінде ақынның тілі туралы да айтылып өтті. 
Бұлардың ішінде, әсіресе, Ы.Мұстанбаевтың батыл да ашық 
айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі бағаларымызбен 
ұштасып жатыр. 1930 жылдардың орта шенінен бастап Абай 
шығармаларының тілі жөніндегі пікірлер көбірек және 
айқынырақ айтыла бастады. Әсіресе, бұған 1934 жылы Абай- 
дың қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары 
үлкен себепкер болды. М.Әуезов, Қ.Жұбанов, І.Жансүгіров, 
Е.Ысмайылов, З.Шашкин ұлы ақынның тілге деген көзқарасы 
мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын ар-
найы сөз етеді. М.Әуезов ақынның өмір кешкен ортасы мен 
қалдырған мұрасына үңілген еңбектерінде Абайдың тілі 
жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі пікір айтып отырды. 1934 жылы 
«Абай ақындығының айналасы» деген мақаласындағы ойын 
1951 жылы жазған «Абай мұрасы жайында»деген еңбегінде 
де, содан кейінгі «Абай Құнанбаев»деген монографиясында да 
өрбітіп, анықтап айтады. Бұларда Әуезов Абайдың қазақ әдеби 
тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін 
атайды: 1) қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы 
ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пай-
даланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын 
көрсетуі; 2) «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре 
бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін 
ашып алуы, одан бас тартуы».
Абай шығармаларының тілі жайында арнайы пікір айтқан 
ғалым – Қ.Жұмалиев. Өзінің мектеп оқушыларына арналған 
оқулықтарынан бастап, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті 


332
тарихы туралы жазған ғылыми зерттеулерінде, әдебиет тео-
риясына арналған еңбектерінде Қ.Жұмалиев Абайдың шығар- 
машылығымен қатар, оның тілін талдап: 1) Абайға дейін де 
қазақтың поэтикалық тілі дамып келді... оның өзінше даралық 
байырғылық сипаты болды. Абай осындай әдебиеттің о заман- 
нан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениетті- 
лік сатыға көтерді; 2) Абай заманында едәуір етек жайған 
тілдегі шағатайшылау, татаршылауға қарсы күрес ашты, 
қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның сөздік 
қорының бір бұтағы орыс тілі болды; 3) Абай қазақтың мол 
сөз байлығын қолданумен қатар, өзі де жаңа сөз, жаңаша 
сөйлем құрылыстарын енгізді; 4) өлең құрылысына қыруар 
жаңалықтар қосып, көркемдеудің жаңа тәсілдерін ұсынған де-
ген тұжырым жасады.
Ақын шығармаларының тілі жайында жеке монография- 
жазбаса да, ол жөнінде белгілі жазушылар мен ғалымдар 
Ғ.Мүсірепов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, 
Т.Нұртазин, Т.Әлімқұлов, Х.Сүйіншәлиев пікір айтты. Қазақ 
тілі мамандарының ішінде Абай тілі жайында алғаш терең әрі 
дәлелді пікір айтып, талдау жасаған Құдайберген Жұбанов 
болды. 1934 жылы жазған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» 
деген еңбегінде екі үлкен принципті пікір білдіреді: «Бірі – 
бүтін Орта Азия ескі күншығыс ислам мәдениетінің кірлі 
көрпесін қалың жамылып жатқан кезде», түркі тілдес көрші 
халықтардың ең ірі қалам қайраткерлері... шағатай тілінің шыр-
мауынан шыға алмай, шығармашылығына өз ана тілдерін қару 
ете алмай отырған кезде, Абайдың жеке-дара үздік шығып, 
таза қазақ тілінде жоғары поэзия тудыруы. Екіншісі – ғасырлар 
бойы келе жатқан туған тілінің ең бір нәрлісін кәдеге жарата 
біліп, әлсізінен безуі».
Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30-жылдардың ортасы-
нан басталды да 50-60-жылдар ішінде мәселеге С.Аманжолов, 
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов тәрізді тіл 
мамандарының қатысуына байланысты едәуір жандана түсті. 
60-жылдардан бастап өзге тіл мамандары да: Ш.Ш.Сарыбаев, 
Е.Жанпейісов, Р.Сыздықова, Т.Қордабаев, Қ.Өмірәлиев Абай 
тілінің нақты фактілерін: сөз қолданысын, сөздің қазынасын, 
грамматикалық тұлға-тәсілдерін талдады, Р.Сыздықованың 
«Абай шығармаларының тілі» (1968) және «Абай өлеңдерінің 


333
синтаксистік құрылысы» (1971) атты монографиялары жарық 
көрді. Аталған монографиялардың алғашқысында Абайдың 
әдеби мұрасы қазақ тілі тарихының материалы ретінде 
зерттелді. Мұнда ұлттық жазба әдеби тіліміздің іргетасын қалап, 
әрі қарайғы даму бағыттары мен принциптерін белгілеудегі 
Абайдың ерекше рөлі мен теңдесі жоқ қызметі көрсетілді. 
Ақын өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған екінші 
монографияда қазақ өлеңдерінің, оның ішінде Абай туынды- 
ларының синтаксистік амал-тәсілдері, ұйқасы, өлшемі, ком-
позициясы және олармен синтаксистік құрылымының өзара 
байланысы нақты талданды. Күрделілігі, сыйымдылығы, 
көркемдік әсері жағынан Абай өлеңдерінің синтаксисі жазба 
поэзия талаптарына сай түсетін, өзіне дейінгі қазақ поэтика-
сы дәстүрінен жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэзия тіліне 
бағыт-үлгі болатын сипатта екендігі дәлелденді. Бұл 2 еңбекте 
негізінен Абай шығармалары тілінің лексикасы мен грамма-
тикасы жүйелі түрде зерттелді, дегенмен Абайдың шеберлік 
тәсілдері, даралық ерекшеліктері, қысқасы, көркемдік дүниесі 
арнайы талдау дәрежесіне көтеріле алмаса да, мұнда ұлы ақын 
поэтикасына қатысты мәселелер кеңінен қозғалды.
«Ғылым» баспасынан 1968 ж. «Абай тілі сөздігі» жарық 
көрді. Бұл – ұлы ақын шығармаларының тілін танып-білу сала- 
сындағы аса қажетті, қомақты жұмыстардың бірі. Ол Абайдың 
тілін, әсіресе, лексикасын зерттеймін немесе білемін деушілер- 
ге өте қолайлы, реттелген материал, белгілі бір сөздің неме-
се сөз тіркесінің қай мағынада қанша рет қолданылғанын, бір 
мағынадағы кейбір сөздерді Абай қалайша қатар жұмсағанын, 
оның ішінде қайсысын жиі, қайсысын сирек қолданғанын көре 
алады. Мысалы, Абайда тіршілік, тірлік, өмір, мағишат де-
ген төрт сөз бір ұғымды білдіреді, бірақ бұлардың қолданылу 
жиілігі, поэтикалық жүгі бірдей емес: тіршілік – 6 рет, тірлік 
– 11, өмір – 113, мағишат 1 рет қолданылған.
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты харекеттің бірі 
– текстологиялық ізденістер мен түзетулер. Ақын мұрасының 
текстологиясына үңілу кейінірек басталды. Ақын мұрасының 
әр кездердегі басылымдарыңда кеткен текстологиялық ағат- 
тықтар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен 
кітаптарда да көрсетілген, оларды арнайы зерттеуге назар ау-
дарылып отыр. Газет беттерінде жарияланған қыруар құнды 


334
мақалаларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық 
көрген З.Ахметов пен Ы.Дүйсембаевтың, Б.Жақыпбаевтың, 
М.Сәрсекеевтің, Қ. Өмірәлиевтің, М.Бөжеевтің мақалалары 
мен Қ.Мұқаметхановтың арнайы жазылған «Абай шығарма- 
ларының текстологиясы жайында» (1959) атты кітабы – Абай 
шығармаларының тілін танып-білуге үлкен септігін тигізген 
еңбектер. Абайтану саласының бір тармағы ретіндегі Абай 
тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар.
Әдеб.: Ә у е з о в М. Абай мұрасы жайында // Қазақ ССР ҒА 
Хабаршысы. - 1957. - №3. - 21 б.; Сыздықова Р. Абай шығар- 
малары мен 19 ғасырдағы жазу нұсқаларының тілін зерттеудің 
маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1959. - № 2; Сыздықова Р. 
Абай тілінің зерттелуі // Абай тағылымы. - Алматы, 1986.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет